Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миротворческой деятельности Республики Казахстан

Заң · № 321-V · қабылданған 15.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90479/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миротворческой деятельности Республики Казахстан Қолданыста Заң ·№ 321-V ·15.06.2015
15.06.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миротворческой деятельности Республики Казахстан

Қолданыста Заң ·№ 321-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам миротворческой деятельности Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
321-V
Қабылданған күні
15.06.2015
Көрсетілген редакция
15.06.2015 AI90479_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1500000321
ЭКБ идентификаторы
90479
Редакция идентификаторы
AI90479_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:36

0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:

1

1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 3, 13-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 21 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 154-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«154-1-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер, қызметкер үшін кепілдіктер»;

2 2) мынадай мазмұндағы 154-1-баппен толықтырылсын:

«154-1-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер,
қызметкер үшін кепілдіктер
Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер, қызметкер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.».

2

2. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті жай қару-жарақ пен әскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) қорғаныс саласындағы уәкілетті орган беретін әскери рұқсаттамалар негізінде тыйым салулар, шектеулер, рұқсаттар немесе лицензиялар қолданылмай және кедендік баждар, салықтар және өзге де алымдар алынбай жүзеге асырылады.».

3

3. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1 1) 44-баптың 7-тармағының 11) тармақшасындағы «ұсталған кезде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.» деген сөздер «ұсталған кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;

2 2) 49-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін әскери қызметшілер құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тәуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.».

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы