Об утверждении порядка и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении порядка и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения
- Атауы (қаз.)
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 08.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2016 90490_72481.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002736
- ЭКБ идентификаторы
- 90490
- Редакция идентификаторы
- 90490_72481
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:07
0 Облыстық және аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы
автомобиль жолдарын және көпір
өткелдерін пайдалану тәртібі
мен шарттарын бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары бекітілсін.
2 2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ө.С. Бисақаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Маңғыстау облысының
ішкі істер департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қ.С.Дәлбеков
08 мамыр 2015 жыл.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Төтенше жағдайлар
комитеті Маңғыстау облысының
төтенше жағдайлар департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.Б.Базарбаев
08 мамыр 2015 жыл.
«Маңғыстау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Ө.С.Бисақаев
08 мамыр 2015 жыл.
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «08» мамыр №140
қаулысымен бекітілген
Облыстық және аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және
көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – тәртіп) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ақылы жүруді ұйымдастырушыға берілген Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Осы тәртіпте Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2
2) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
3 3) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
4 4) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, еңсеруге және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін реттеуге арналған инженерлік құрылыстар кешені.
2 2. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары
3 3. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды ақылы жүруді ұйымдастырушының уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
4 4. Ақылы жүрудің ұйымдастырушысы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
2 2) қысқы кезеңде облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;
3 3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін қамтамасыз етеді;
6 6) автомобиль жолдарының бойында қорғаныш екпелерін күтіп ұстайды;
7
7) жол органдарымен келісім бойынша, жол полициясы бөлімшелерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, шұғыл жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабілетінің жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде тиісті жол белгілерін қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнінде жергілікті атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлік құралдарының жол қозғалысын шектейді немесе тоқтатады;
8 8) дүлей метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жояды;
9 9) жол полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, олардың алдын алу мен жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
10
10) «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында белгіленген жылдамдық режимінің шеңберінде көлік құралдарының қауіпсіз жүріп өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді;