Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/4
- Қабылданған күні
- 04.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2016 90492_86172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SL003270
- ЭКБ идентификаторы
- 90492
- Редакция идентификаторы
- 90492_86172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:10
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңда өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын әр балаға 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға
жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев
ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі тиісті оқу жылының барысында жүргізеді
2 2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес, өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады».
4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
5
5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 04 мамырдағы
№ 36/4 шешіміне
1-қосымша
Жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйымның басшысы
_______________________________
(жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым басшысының
Т.А.Ә.)
ӨТІНІШ
Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
туған күні __________________________________________________________
мүгедектігі _________________________________________________________
үйінің мекенжайы ____________________________________________________
телефоны ____________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың № _____ ___ жылғы ____ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тағайындауға құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:
1 ________________________________ 2 ________________________________
3 ________________________________ 4 ________________________________
5 ________________________________ 6 ________________________________
7 ________________________________ 8 ________________________________
9 ________________________________ 10 _______________________________
Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды
тағайындауға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
Құжаттарды қабылдады: ____________________________
_________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. және
(лауазымы, Т.А.Ә. және қолы) қолы)
20__ ж. «___» ____________ 20__ ж. « ___» ___________
10 Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 04 мамырдағы
№ 36/4 шешіміне
2-қосымша
АНЫҚТАМА
_____________________________________________________________ берілді,
(оқитын және тәрбиеленетін баланың Т.А.Ә.)
ол шын мәнінде __________________________________ № ______ мектептің
(мектептің атауын көрсету)
«___» сыныбында жеке оқу жоспары бойынша үйде оқиды.
Анықтама талап еткен жеріне ұсыну үшін берілді.
_______________________ № __ мектеп директоры
(мектептің атауын көрсету)
Т.А.Ә.__________________
(аты-жөні және қолы)
М.О.