Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления сведений по земельным участкам, предназначенным для строительства объектов и не используемым в соответствующих целях или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан, уполномоченным органом, осуществляющим государственный контроль за использованием и охраной земель в органы, государственных доходов

Бұйрық · № 223 · қабылданған 27.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90495/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления сведений по земельным участкам, предназначенным для строительства объектов и не используемым в соответствующих целях или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан, уполномоченным органом, осуществляющим государственный контроль за использованием и охраной земель в органы, государственных доходов Күшін жойған Бұйрық ·№ 223 ·27.03.2015
16.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления сведений по земельным участкам, предназначенным для строительства объектов и не используемым в соответствующих целях или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан, уполномоченным органом, осуществляющим государственный контроль за использованием и охраной земель в органы, государственных доходов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 223 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления сведений по земельным участкам, предназначенным для строительства объектов и не используемым в соответствующих целях или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан, уполномоченным органом, осуществляющим государственный контроль за использованием и охраной земель в органы, государственных доходов
Атауы (қаз.)
Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
223
Қабылданған күні
27.03.2015
Көрсетілген редакция
16.03.2018 90495_306954.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011180
ЭКБ идентификаторы
90495
Редакция идентификаторы
90495_306954
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:50

0

Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасы Кодексінің 386-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е.А. Досаев
23 сәуір 2015 жыл

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрiнің
2015 жылғы 23 наурыздағы
№ 223 бұйрығымен бекітілген
Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне қатысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабы 4-тармағына сәйкес жер салығының он есеге ұлғайтылған базалық мөлшерлемесін қолдану үшін жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган)– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

2

2) мемлекеттік кірістер органы– өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган.

2 2. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну тәртібі

3

3. Уәкілетті орган өткен салық кезеңі (күнтізбелік жыл) үшін объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) жер учаскелері орналасқан жер бойынша мемлекеттік кірістер органына есепті жылдан кейінгі екінші айдың он бесінен кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Мәліметтер қағаз жеткізгіште электрондық нұсқасын (флеш-жады жеткізгіші ретінде пайдаланылатын есте сақтау құрылғысы арқылы, Microsoft Excel форматында) қоса бере отырып, екі данада қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады:

1 1) бірінші данасы уәкiлеттi органда қалады;

2 2) екінші данасы мемлекеттік кірістер органына жіберіледі.

Мемлекеттік кірістер органына жіберілетін мәліметтерге уәкiлеттi органның басшысы не оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрмен куландырылады.
Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты қызметкері тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), лауазымын және алған күнін көрсете отырып мәліметтерді алғанын растап қол қояды.

1 Жердiң пайдаланылуы мен

қорғалуына мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асыратын уәкiлеттi органның
объектілер құрылысына арналған
және тиісті мақсаттарда
пайдаланылмайтын немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұза
отырып пайдаланылатын жер
учаскелері бойынша мемлекеттік
кірістер органдарына мәліметтерді
ұсыну қағидаларына
қосымша
нысан*
Уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы
____________________________________________________________
Облыс __________________________________ Қала _______________
Аудан _______________________________ Мекенжай, телефон _____
Кімге беріледі:_______________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________________________________________
20___ жылғы «__» __________ жағдай бойынша Объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтер

Заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы неме­се же­ке тұ­лға­лар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
БСН/ЖСН
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды **
Жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі
Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ко­ды
Жер учас­ке­сі­нің ар­нал­ған мақ­са­ты
Жер учаскесінің алаңы (ш.м)
Жер учаскесінің санаты
жер учаскесінің жалпы алаңы
оның ішінде: пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын алаң
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жердің аймақтық коэффициенті
Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)
Үлес алаңы (жалпы үлестік меншік болса), ш.м
Бұзушылық түрі
Тексеру актісінің күні мен нөмірі
Жазбаша ескертудің күні мен нөмірі
Жазбаша ескертуді табыс ету күні
Айқындалған бұзушылықты жою күні
10
11
12
13
14
15
16
17
___________________________________ ____________ Осы мәліметтерді қабылдап алған
(уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы (қолы, МО) мемлекеттік кірістер
не оны ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, органының қызметкері
әкесінің аты (ол болған жағдайда))
______________________________________ ____________ _______________________________
(Мәліметтерді жасау үшін жауапты лауазымды (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
(ол болған жағдайда))
Мәліметтер жасалған күн 20__ жыл «___»_______ ___ _________________________________
(қолы)
Мәліметтер қабылданған күн
20__ жыл «____»____________
*Нысан осы нысанға қосымшаға сәйкес түсіндірмеге сай толтырылуы тиіс

2 «Объектілер

құрылысына арналған және тиісті
мақсаттарда пайдаланылмайтын
немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұза
отырып пайдаланылатын жер
учаскелері бойынша мәліметтер»
нысанына қосымша
«Объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтер» нысанын
толтыру бойынша түсіндірме
«Объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша мәліметтер» 1-нысаны былайша толтырылады:
«№» деген 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі (Кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді бұзбауы тиіс);
«Заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)» деген 2-бағанда жер учаскелерін меншік және жер пайдалану құқығына алған заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
«БСН/ЖСН» деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның ЖСН-і көрсетіледі;
«Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды» деген 4-бағанда «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының тармақшасына сәйкес жер учаскесі орналасқан жердің әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы бойынша коды көрсетіледі;
«Жер учаскесінің орналасқан жері» деген 5-бағанда жер учаскесінің орналасқан жері көрсетіледі;
«Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, Қазақстан Республикасының коды» деген 6-бағанда жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;
«Жер учаскесінің арналған мақсаты» деген 7-бағанда жер учаскесінің арналған мақсаты көрсетіледі;
«Жер учаскесінің алаңы (ш.м)» деген 8-бағанда шаршы метрмен жер учаскесінің алаңы көрсетіледі;
«Жер учаскесінің санаты» деген 9-бағанда жер учаскесінің санаты көрсетіледі;
«Жердің аймақтық коэффициенті» деген 10-бағанда жердің аймақтық коэффициенті көрсетіледі;
«Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)» деген 11-бағанда елді мекендердің жерлерін қоспағанда, бонитет балы көрсетіледі;
«Үлес алаңы (ортақ үлестік меншік болған кезде), ш.м» деген 12-бағанда шаршы метрде үлес алаңы көрсетіледі;
«Бұзушылық түрі» деген 13-бағанда объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бұзушылықтың түрі көрсетіледі;
«Тексеру актісінің күні мен нөмірі» деген 14-бағанда тексеру актісінің күні мен нөмірі көрсетіледі;
«Жазбаша ескертудің күні мен нөмірі» деген 15-бағанда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға тапсырылған жазбаша ескертудің күні мен нөмірі көрсетіледі;
«Жазбаша ескертуді табыс ету күні» деген 16-бағанда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға тапсырылған жазбаша ескертудің күні көрсетіледі;
«Анықталған бұзушылықты жою күні» деген 17-бағанда анықталған бұзушылықты жою күні көрсетіледі.

Қолданыстағы