Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Қаулы · № 735 · қабылданған 04.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90496/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Қолданыста Қаулы ·№ 735 ·04.05.2015
04.05.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Қолданыста Қаулы ·№ 735 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
735
Қабылданған күні
04.05.2015
Көрсетілген редакция
04.05.2015 90496_12721.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15TA003223
ЭКБ идентификаторы
90496
Редакция идентификаторы
90496_12721
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:10

0 Коммуналдық меншікке келіп

түскен қараусыз қалған
жануарларды келіп түсу және
пайдалану Қағидасын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 22)-тармақшасына және 31-бабына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Айтбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Атырау қалалық әкімдігінің

2015 жылғы «4» мамырдағы
№735 қаулысымен бекiтілген
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Қараусыз қалған жануарлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес оларды ұстап алған адамдардың өз меншігіне алудан бас тартқан жағдайда қалалық коммуналдық меншікке түседі.

2 2. Қалалық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану

3

3. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды қалалық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау жүргізіледі. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарлар қалалық әкімдіктің қаулысы негізінде тиісті әкім аппаратының теңгеріміне бекітіледі. Тізбеге енгізу және бағалау, сонымен қатар теңгерімге алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі (бұдан әрі - Тізімдеу актісі) негізінде жүргізіледі.

4 4. Жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5

5. Қалалық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар олардың уақытша күтімге алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыдар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Мекеме) жасалған келісім-шарт негізінде бекітіледі.

6 6. Жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезінде жануарларды күтімге алу үшін қажетті жағдайы болуы ескеріледі.

7 7. Жануарлар бағу және пайдалануға берілген тұлғалар, жануарлардың өлім-жітімі мен іске жарамай қалғаны үшін бұған кінәсі болған кезде ғана және сол жануарлардың шекті құны мөлшерінде жауапты болады.

8 8. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес пайдаланылады.

9 9. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда қалалық әкімдіктің қаулысымен құрылған жұмысшы комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) уақытша күтімдегі мерзім ішінде шешеді.

Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

3 3. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

10

10. Жануарлар мемлекет меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол қаланың тиісті жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

4 4. Қорытынды ережелер

11 11. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.

Қолданыстағы