Об определении порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 06.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2015 90504_290626.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004522
- ЭКБ идентификаторы
- 90504
- Редакция идентификаторы
- 90504_290626
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:08
0 Павлодар облысында
спорттық-бұқаралық,
ойын-сауықтық, мәдени-бұқаралық
іс-шаралар өткiзiлетiн орындарда
шыны ыдыстағы өнiмдердi
сату тәртібін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін орындарында шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі белгіленсін.
2 2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсiн.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Павлодар облысы әкімінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 2 шешіміне
қосымша
Павлодар облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық
мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін орындарында
шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі
Спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін ұйымдастырушылар Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен, Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасымен, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен және ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 200-V Заңдарына сәйкес келесі іс-шараларды іске асырады:
1 1. Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы спорттық-бұқаралық іс-шаралар санатына жататын іс-шаралар критерийлерін әзірлейді және осы ақпаратты басқарманың ресми сайтында орналастырады.
2 2. Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар санатына жататын іс-шаралар критерийлерін әзірлейді және осы ақпаратты басқарманың ресми сайтында орналастырады.
3 3. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін ұйымдастырушылар:
спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралардың санаттарына жататын іс-шараларды белгілейтін Іс-шараларды өткізу туралы ережені әзірлейді;
Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасымен спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу аумағын келісімдейді;
Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу аумағын келісімдейді.