Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сфере подъездных путей

Бұйрық · № 80 · қабылданған 06.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90512/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сфере подъездных путей Күшін жойған Бұйрық ·№ 80 ·06.02.2015
06.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сфере подъездных путей

Күшін жойған Бұйрық ·№ 80 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) в сфере подъездных путей
Атауы (қаз.)
Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
80
Қабылданған күні
06.02.2015
Көрсетілген редакция
06.04.2020 90512_462530.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011232
ЭКБ идентификаторы
90512
Редакция идентификаторы
90512_462530
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:46

0 Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3 3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының Инвестициялар

және даму министрінің 2015 жылғы 15 сәуір
№ 446 және Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 ақпан № 80
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Локомотивпен тиеу-түсіру органдарына вагондарды беру-алып кету.

2 2. Мамандандырылған құралдармен вагондарды кіргізу-шығару.

3 3. Тиеу, түсіру (жүк түсіру) үшін механикаландырудың мамандандырылған құралдарын ұсыну.

4 4. Мамандандырылған қойма үй-жайларын ұсыну.

5 5. Вагон таразылары қызметтерін көрсету.

Қолданыстағы