Об установлении карантина на улице Карла Маркса в селе Исы Байзакова Байзаковского сельского округа Иртышского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантина на улице Карла Маркса в селе Исы Байзакова Байзаковского сельского округа Иртышского района
- Атауы (қаз.)
- Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округінің Иса Байзақов ауылының Карл Маркс көшесіне карантин орнату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 26.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2015 90561_81707.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PGD04526
- ЭКБ идентификаторы
- 90561
- Редакция идентификаторы
- 90561_81707
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:58
0 Ертіс ауданы Байзақов ауылдық
округінің Иса Байзақов ауылының
Карл Маркс көшесіне карантин
орнату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы негізінде малдардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Ертіс ауданының Байзақов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
1 1. Ауылшаруашылық малдардың арасында эмфизематоздық көршиқан ауруы ошақтарының анықталғанына байланысты Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округінің Иса Байзақов ауылының Карл Маркс көшесіне карантин орнатылсын.
2
2. «Ертіс ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Ертіс ауданының ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Ж. Усаханов _____________
2015 жылғы «26» мамыр
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Ертіс аудандық
аумақтық инспекциясының басшысы
Е.А.Кәрімжанов ___________
2015 жылғы «26» мамыр