Құжат мәтініне өту

Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов государственных доходов Республики Казахстан

Бұйрық · № 307 · қабылданған 19.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90566/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов государственных доходов Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 307 ·19.05.2015
04.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов государственных доходов Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 307 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов государственных доходов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
307
Қабылданған күні
19.05.2015
Көрсетілген редакция
04.04.2019 90566_399567.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011275
ЭКБ идентификаторы
90566
Редакция идентификаторы
90566_399567
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:03

0 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет – ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы

Қаржы министірінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 307 бұйрығына
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
р/с

Заттардың атауы
Өлшем бірлігі
Бір қызметкерге заттардың саны
Киу
мерзімі(айларда)
Ескертпе
1. Салтанатты және күнделікті нысанды киім (погонсыз)*
1.
Қалпақ
Дана
1
36
2.
Фуражка
Дана
1
24
3.
Берет
Дана
1
36
4.
Теріден тігілген құлақшын
Дана
1
36
5.
Жылы күрте
Дана
1
36
6.
Кашне
Дана
1
36
7.
Пиджак шалбарымен
Жиынтық
1
24
8.
Пиджак белдемшемен
Жиынтық
1
24
9.
Шалбар
Дана
1
24
10.
Белдемше
Дана
1
24
11.
Ұзын жеңді ақ түсті жиде
Дана
2
24
12.
Қысқа жеңді ақ түсті жиде
Дана
2
12
13.
Ерлердің қысқа етігі
Жұп
1
24
14.
Әйелдердің етігі
Жұп
1
24
15.
Ерлердің туфлиі
Жұп
1
12
16.
Әйелдердің туфлиі
Жұп
1
12
17.
Галстук
Дана
1
24
18.
Белдік
Дана
1
24
19.
Кеудеше
Дана
1
24
2. Далалық нысанды киім (погонсыз)*
20.
Далалық киім
Жиынтық
1
24
21.
Биік қонышты бөтеңке
Жұп
1
24
22.
Футболка
Дана
1
12
Ескертпе:
* нысанды киімнің (погонсыз) үлгілері және айырым белгілері осы Нормаларға қосымшада келтірілген.

1 1. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім кию міндетті.

2 2. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.

3 3. Нысанды киіммен қамтамасыз ету экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органы ведомствосының есебінен жүргізіледі.

4 4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жерлерде жедел-тергеу іс-шараларын орындаған кезде кеудешені нысанды киімнің үстінен киеді.

5 5. Далалы нысанды киімді өз қызметтік міндеттерін кезекші бөлімшелерде және қызметтік иттермен орындайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері киеді.

13 Қазақстан Республикасы

мемлекеттік кірістер органдарының
экономикалық тергеу қызметі
қызметкерлерінің нысанды киімімен
(погонсыз) қамтамасыз етудің
заттай Нормаларына қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері (бұдан әрі - нысанды киім):

1 1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына (1-сурет):

1 1) сұр түсті қалпақ;

2 2) қою-көк түсті фуражка;

3 3) қою-көк түсті пиджак;

4 4) сұр түсті шалбар;

5 5) ұзын жеңді ақ түсті жиде;

6 6) қысқа жеңді ақ түсті жиде;

7 7) сұр-көгілдір жолақты көк түсті галстук;

8 8) қою-көк түсті мех күрте;

9 9) қою-көк түсті теріден тігілген құлақшын;

10 10) сұр түсті кашне;

11 11) қара түсті жылы қысқа етік;

12 12) қара түсті туфли;

13 13) қара түсті белдік.

1-сурет
Ескертпе: 1 – салтанатты киім, 2 – күнделікті киім; 3 – жазғы киім (ұзын жеңді жиде),
4 – жазғы киім (қысқа жеңді жиде), 5 – қысқы киім.

2 2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет):

1 1) сұр түсті берет;

2 2) қою-көк түсті пиджак;

3 3) сұр түсті белдемше;

4 4) жеңі ұзын ақ түсті жиде;

5 5) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;

6 6) сұр-көгілдір жолақты көк түсті галстук;

7 7) қою-көк түсті мех күрте;

8 8) қою-көк түсті теріден жасалған құлақшын;

9 9) сұр түсті кашне;

10 10) қара түсті жылы етік;

11 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері кеудешесінің үлгісі

11) қара түсті туфли.
2-сурет
Ескертпе: 1 – салтанатты, күнделікті киім; 2 – жазғы киім (ұзын жеңді жиде), 3 – жазғы киім (қысқа жеңді жиде), 4 – қысқы киім.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері кеудешесінің үлгісі

3 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің далалық нысанды киімінің үлгісі

3. Ерлерге және әйелдерге арналған қою-көк түсті кеудеше (3-сурет):
3-сурет
Ескертпе: 1- алдыңғы бөлігі; 2 – арқасы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің далалық нысанды киімінің үлгісі

4 4. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киімнің құрамына (4-сурет):

1 1) камуфляжды сұр түсті күрте;

2 2) камуфляжды сұр түсті шалбар;

3 3) камуфляжды сұр түсті кепеш;

4 4) камуфляжды сұр түсті футболка;

5 Айырым белгілері

5) қара түсті биік қонышты бөтеңке.
4-сурет
Айырым белгілері

5 5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) кию айырым белгілерінің үлгісі (5-сурет):

5-сурет
Ескертпе: 1, 2, 3 – аға басшы құрамы;
4, 5, 6 – орта басшы құрамы.

6 6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің арнаулы атақтары бойынша айырым белгілері шеврон болып табылады.

Аға басшы құрамы шевронында диаметрі 20 мм болатын жұлдыздар былай орналасады:

1 1) 3-санатты біліктілік сынып – 1 жұлдыз;

2 2) 2-санатты біліктілік сынып – 2 жұлдыз;

3 3) 1-санатты біліктілік сынып – 3 жұлдыз.

Орта басшы құрамы шевронында диаметрі 13 мм болатын жұлдыздар былай орналасады:

1 1) 6-санатты біліктілік сынып – 2 жұлдыз;

2 2) 5-санатты біліктілік сынып – 3 жұлдыз;

3 3) 4-санатты біліктілік сынып – 4 жұлдыз.

Қолданыстағы