Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата акима Наурызбайского района города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата акима Наурызбайского района города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 25.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2016 90580_56266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15RH001177
- ЭКБ идентификаторы
- 90580
- Редакция идентификаторы
- 90580_56266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:58
0 Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі
аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекетік қызмет туралы» Заңының 16 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2 тармағына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімінің аппараты осы шешімді интернет-ресурсқа орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Джунисбековаға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Наурызбай ауданы әкімінің "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы "25" мамырдағы № 3 шешімінің келісім парағы
Енгізеді:
Персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызмет) бас маманы м.а.
Ж. Шуақбай
Келісілді:
Аудан әкімі аппарат басшысы
А. Джунисбекова
Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы м.а.
Ғ. Сағымбеков