Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 275 · қабылданған 21.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90582/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 275 ·21.05.2015
04.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 275 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
275
Қабылданған күні
21.05.2015
Көрсетілген редакция
04.11.2015 90582_166997.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SK003272
ЭКБ идентификаторы
90582
Редакция идентификаторы
90582_166997
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:01

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

«Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, «Халықты әлуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын әр балаға 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Мынадай тәртіп айқындалсын:

1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

2 2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;

5

5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы мәслихатының
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 275 шешіміне
1-қосымша
Жергілікті атқарушы орган уәкілеттік
берген мемлекеттік ұйымның басшысы
_____________________________________
(жергілікті атқарушы орган уәкілеттік
берген мемлекеттік ұйым басшысының
Т.А.Ә.)
ӨТІНІШ
Тегі ________________________________________________________________
Аты
_____________________________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________________
туған күні __________________________________________________________
мүгедектігі _________________________________________________________
үйінің мекенжайы ____________________________________________________
телефоны
_____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың № _____ ___ жылғы ____ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тағайындауға құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:
1 ________________________________ 2 ________________________________
3 ________________________________ 4 ________________________________
5 ________________________________ 6 ________________________________
7 ________________________________ 8 ________________________________
9 ________________________________ 10 _______________________________
Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды
тағайындауға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
Құжаттарды қабылдады: ____________________________
___________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. және
(лауазымы, Т.А.Ә. және қолы) қолы)
20__ ж. «___» ____________ 20__ ж. « ___» ___________

10 Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы мәслихатының
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 275 шешіміне
2-қосымша
АНЫҚТАМА
_____________________________________________________________ берілді,
(оқитын және тәрбиеленетін баланың Т.А.Ә.)
ол шын мәнінде __________________________________ № ______ мектептің
(мектептің атауын көрсету)
«___» сыныбында жеке оқу жоспары бойынша үйде оқиды.
Анықтама талап еткен жеріне ұсыну үшін берілді.
____________________________ № __ мектеп директоры
(мектептің атауын көрсету)
Т.А.Ә.__________________
(аты-жөні және қолы)
М.О.

Қолданыстағы