Об утверждении положения о государственном учреждении «Аппарат акима Кокпектинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении положения о государственном учреждении «Аппарат акима Кокпектинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 71
- Қабылданған күні
- 08.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2016 90616_88742.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VO003944
- ЭКБ идентификаторы
- 90616
- Редакция идентификаторы
- 90616_88742
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:34
0 «Көкпекті ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Көкпекті аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2 2. Көкпекті ауданы әкімдігінің «Ережелерді бекіту туралы» 2013 жылғы 22 ақпандағы № 52 қаулысының күші жойылсын.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Көкпекті аудандық әкімдігінің
2015 жылғы « 08 » сәуірдегі
№_71_ қаулысына қосымша
«Көкпекті ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1 1.«Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2
2. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілеріне, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
3 3. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру – құқықтық нысанда заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өзінің мөрі мен мөртаңбасы, бланкілері сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар.
4 4. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.
5 5. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаларға сәйкес өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға кіруге құқығы бар.
6
6. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген заңнама тәртібінде өзінің құзырындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қарастырылған заңнамасымен ресімделген «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілерімен шешімдерді қабылдайды.
7 7. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8 8. Заңды тұлғаның мекен – жайы: 071000 Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Ш.Фахрутдинова, 44 «а» көшесі.
9 9. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік органның толық атауы –«Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10 10. Осы Ереже «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Көкпекті ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
12 12. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13 13. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14 14. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2 2. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
15 15. Миссиясы: аудан әкімінің қызметін сапалы ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
16 16. Міндеттері:
1 1) Аудан әкімінің және аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;
2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, оның орынбасарларының, «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының актілерінің және тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады және бақылау жасауды жүзеге асырады;
3 3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімнің және әкімдігінің қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
17 17. Функциялары:
1 1) аудан әкімдігінің және «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету;
2 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жұмысына талдау жүргізеді, аудан әкіміне, әкімдігіне және жоғары тұрған органдарға олардың сұраған мәселелері бойынша ақпарат беру;
3 3) аудан әкімінің, әкімдігінің, «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
4 4) аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органында тіркеуді және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
5 5) «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
атқарушы органдарда атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізеді және осы мәселе бойынша аудан әкімін ақпараттандыру;