Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил создания, содержания, материально-технического обеспечения, подготовки и привлечения формирований гражданской защиты

Бұйрық · № 387 · қабылданған 23.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90639/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил создания, содержания, материально-технического обеспечения, подготовки и привлечения формирований гражданской защиты Қолданыста Бұйрық ·№ 387 ·23.04.2015
06.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил создания, содержания, материально-технического обеспечения, подготовки и привлечения формирований гражданской защиты

Қолданыста Бұйрық ·№ 387 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил создания, содержания, материально-технического обеспечения, подготовки и привлечения формирований гражданской защиты
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
387
Қабылданған күні
23.04.2015
Көрсетілген редакция
06.08.2025 90639_778875.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011243
ЭКБ идентификаторы
90639
Редакция идентификаторы
90639_778875
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:22

0 Азаматтық қорғау құралымдарын

құру, ұстау, материалдық-техникалық
қамтамасыз ету, дайындау және оларды
тарту қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 53) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау,
материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау
және оларды тарту қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту тәртібін белгілейді.

2 2. Азаматтық қорғауды құралымдары – бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі (жасақтар, командалар, бригадалар, топтар, буындар, бекеттер).

3 3. Азаматтық қорғау құралымдары:

мақсаты бойынша – негізгі және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ететін;
бағыныстылығы бойынша – аумақтық және объектілік болып бөлінеді.

4 4. Негізгі құралымдарға: барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өртке қарсы, авариялық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғау жатады. Қалған азаматтық қорғау құралымдары авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз етушілерге жатады.

5 5. Азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, қалаларда, аудандарда құрылады, әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Аумақтық құралымдардың құру базасы ұйымдар болып табылады.

6 6. Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары ұйымдарда құрылады және олардың мүддесінде пайдаланылады.

7 7. Азаматтық қорғау құралымдарының есебін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жүргізеді.

2 2 тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын құру

8 8. Азаматтық қорғаудың құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда құрылады.

9 9. Азаматтық қорғау аумақтық құралымдарының жеке құрамының жалпы саны:

жер сілкінісіне бейім өңірлер үшін зардап шеккен халықтың он адамына құралымның бір мүшесі есебінен;
басқа өңірлер үшін зардап шеккен халықтың жиырма адамына құралымның бір мүшесі есебінен есептеледі.

10 10. Азаматтық қорғау құралымдарындағы қажеттілік есептерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес:

орталық атқарушы органға, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органға тікелей бағынатын, салалық кіші жүйедегі азаматтық қорғаудың құралымдары үшін – азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелері әзірлейді және тиісті мемлекеттік орган бекітеді;
азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары (медициналықтан басқа) үшін – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары әзірлейді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бекітеді;
азаматтық қорғаудың медициналық құралымдары үшін - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді;
азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұйымдар әзірлейді және олардың бірінші басшылары бекітеді.

11 11. Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын ұйымдар құрады, олар мына талаптардың біреуіне сәйкес келеді:

1 1) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатады;

2 2) жұмылдыру тапсырмалары бар және (немесе) соғыс уақытында жұмысты жалғастырады;

3 3) ықтимал қауіпті химиялық залалдану және (немесе) ықтимал қауіпті радиоактивтік ластану және (немесе) ықтимал апаттық су басу аймағында орналасады.

12

12. 50-ден кем адам саны бар орталық атқарушы органдарда, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда және ұйымдарда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары құрылады: әрқайсысы 2 адамнан өртке қарсы, медициналық көмек, байланысты ұйымдастыру.

13 13. Азаматтық қорғау құралымдарының құрамын және жарақтау нормаларын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарды жүргізуінің бағдарлық мүмкіндіктері негізінде ұйымдар басшысы бекітеді.

Азаматтық қорғау құралымдары жергілікті жағдайлар мен өндірістің ерекшеліктеріне, қызмет түріне, жұмыс істейтіндердің санына, базасында азаматтық қорғау құралымдары құрылған ұйымдардың қызметін айқындайтын мүліктің, техника мен көлік құралдарының болуына қарай құрылады.

14 14. Жергілікті жағдайына байланысты және материалдық-техникалық базасы болған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының шешімімен басқа да азаматтық қорғаудың құралымдары құрылады.

15 15. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, объектілік құралымдарының санынан жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жиынтық жасақтары құрылады.

16

16. Жедел ден қою жиынтық жасақтары азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының санатына жатады. Жедел ден қою жиынтық жасағының құрамы және командирі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.

17

17. Әзірлікке келтіруге берілетін уақыт: азаматтық қорғаудың негізгі құралымдары, оның ішінде шұғыл ден қою жиынтық жасағының құрамына кіретін құралымдар үшін – төрт сағаттан аспау керек; авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ететін құралымдар үшін – алты сағаттан аспау керек.

18 18. Азаматтық қорғау құралымдарына бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі жастағы балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру нұсқаулары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті еркектер мен әйелдер қабылданады.

Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құралымдарға жұмылдыру ұйғарымы бар әскери міндеттілер кіргізіледі. Соғыс уақытында жұмылдыру ұйғарымы бар адамдар азаматтық қорғау құралымдары құрамынан шығарылады (мұндай жағдайда оларды ауыстыратын дублерлер дайындалады).

3 3-тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын ұстау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

19 19. Азаматтық қорғау құралымдары жұмылдыру жариялау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қоюға арналмаған автомобильмен, инженерлік (арнайы) және басқа да техникамен жарақталады.

20 20. Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету осы бұйрыққа 5-қосымшада көрсетілген материалдық-техникалық қамтамасыз етуге сәйкес өз қызметін қамтамасыз ету үшін ұйымда бар техника, құрал-жабдықтар, жабдықтар, құралдар мен материалдар есебінен жүзеге асырылады.

21

21. Саны елу адамнан аспайтын ұйымдарда, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органда, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және оған: құрылатын бір азаматтық қорғау құралымына (жасақ, команда, буын, бекет) екі өрт сөндіргіш, бір медициналық дәрі қобдишасы және екі бірлік тасымалданатын радиостанция кіреді.

22

22. Тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен азаматтық қорғау құралымдарын құратын ұйымдар мен орталық атқарушы органдар, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар есебінен азаматтық қорғау құралымдарының әрбір мүшесі қамтамасыз етіледі.

23 23. Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайлары жою жөніндегі күш пен құралдар құрамына кіретін, азаматтық қорғау құралымдары төтенше жағдай аймақтарында және зақымдану ошақтарында он төрт тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайын болуы тиіс.

4 4-тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау және тарту

24 24. Азаматтық қорғау құралымдарын даярлау мыналарды қамтиды:

1 1) үш жылда бір рет азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарында құралымдардың (жасақтардың, командалардың, бригадалардың, топтардың, буындардың, бекеттердің) азаматтық қорғау құралымдарының командирлерін оқыту;

2

2) «Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9509 болып тіркелген) бекітілген жұмыс орны бойынша азаматтық қорғау құралымдарының даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасына сәйкес жеке құрамды оқыту;

3 3) азаматтық қорғау құралымдарының азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар мен машықтануларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою іс-шараларына қатысуы.

25

25. Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын жыл сайын оқытуды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарында немесе ұйымдарында және оқу орындарында үш жылда бір рет оқудан өткен және тиісті сертификаттары бар азаматтық қорғау жөніндегі сабақтар топтарының басшылары және азаматтық қорғау құралымдарының командирлері жүргізеді.

26 26. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау оқу-жаттығу қалашықтарында, жергілікті жерлердің немесе ұйым аумағының учаскелерінде жүзеге асырылады.

27 27. Азаматтық қорғаудың құралымдары оқу-жаттығуларға және машықтануларға арнайы техниканың, жабдықтардың, жарақтардың, аспаптар мен материалдардың қажетті санымен толық құрамда қатысады.

28

28. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау кезінде авариялық-құтқару аспабын, электр қондырғыларын, компрессорларды қауіпсіз пайдалануға және оларға күтім жасауға, тыныс алу және тері ағзаларын қорғау құралдарымен жұмыс істеуге, сондай-ақ басқа да технологиялар мен арнайы жарақтарды (альпинистік, сүңгуір) қолдануға ерекше назар аударылады.

28-1 28-1. Азаматтық қорғаудың әрбір құралымы үшін әзірлікке келтіру жоспары әзірленеді, онда мыналар көзделеді:

1 1) жеке құрамды жұмыс және жұмыстан тыс уақытта құлақтандыру және жинау тәртібі;

2 2) мүлікті, азық-түлікті беру орны, тәртібі, мерзімі;

3 3) жиын кезеңінде құралымды басқару, оны әзірлікке келтіру және шоғырлану ауданына жылжыту немесе авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау мәселелері;

4 4) материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібі;

5 5) техника мен құралдарды жеке құрамға бекіту;

6 6) әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде жұмыстар жүргізу учаскелері (объектілері).

29 29. Азаматтық қорғаудың аумақтық және объектілік құралымдарын тартуды әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтары, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою басшысы белгілейді.

30 30. Ұйымдарға төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін солар құрған азаматтық қорғау құрылымдарын тартқаны үшін шығындардың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес жүргізіледі.

1 Азаматтық қорғаудың құралымдарындағы қажеттілік есебі

Азаматтық қорғау
құрылымдарын құру, ұстау,
материалдық-техникалық
қаматасыз ету, дайындау және
оларды тарту қағидаларына
1-қосымша
Азаматтық қорғаудың құралымдарындағы қажеттілік есебі
р/с №
Құралымдарың атауы
Құралымдар жеке құрамының саны
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана
Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қала
Қалалық аудандар
Селолық аудандар
1
Шұғыл ден қою жиынтық жасағы
-
1
1
1
1
2
Адамдарды іздеу және құтқару командасы
10-70
1
1
-
1
3
Әуе барлау буыны
5
1
1
-
-
4
Өзен (теңіз) барлау буыны
5
Өзен (теңіз) бағытына 2 буын құрылады
5
Теміржол барлау буыны
5
Темір жол бағытына 2 буын құрылады
6
Құтқару командасы
10-50
Тиісті аумақтық-әкімшілік бірлік әкімінің шешімі бойынша
7
Алғашқы медициналық көмек көрсету жасағы
10-150
Бейбіт уақытта аурухана желісіне 500 төсек-орын 1 жасақ құрылады
8
Жұқпалы ауру жылжымалы госпиталі
10-60
Жұмылдыру резерві есебінен жұмылдыру тапсырманың негізінде құрылады
9
Хирургиялық жылжымалы госпиталь
10-60
10
Токсикологиялық-терапевтік жылжымалы госпиталь
10-60
11
Медициналық қызметтің эпидемияға қарсы жылжымалы жасағы
10-60
12
Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы
5
Республикалық, облыстық, көпбейінді, қалалық емдеу мекемелері (ауруханалар) құрады
13
Инженерлік команда
10-37
Ықтимал жағдайға байланысты
14
Жол-көпір командасы
10-55
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
15
Инженерлік барлау буыны
3
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
16
Электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10-45
Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты
17
Газ желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10-35
Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты
18
Су өткізу желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10-43
Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты
19
Кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10-43
Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты
20
Жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10-37
Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты
21
Байланыс авариялық-қалпына келтіру командасы
10-24
1
1
1
1
22
Тамақтандыру жылжымалы пункті
10-18
Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының 1500 адамын ыстық тамақпен қамтамасыз ету есебінен құрылады
23
Азық-түлікпен жабдықтаудың жылжымалы пункті
9
Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамына 4000 құрғақ азық беру есебінен құрылады
24
Заттай жабдықтаудың жылжымалы пункті
10-19
Бір рейсте жеткізу және 1400 жиынтық беру есебінен құрылады
25
Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы
3
Азаматтық қорғау құрылымдарының әр 400-500 техникасына біреу
26
Жөндеу-қалпына келтіру жылжымалы пункті
10-20
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
27
Су тасу буыны
7
Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының 7,5 мың адамын ауыз сумен қамтамасыз ету есебінен құрылады
28
Халықты тасымалдау автоколоннасы
10-36
Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы ықтимал жағдайларға байланысты тиісті азаматтық қорғаныс бастығының шешімі бойынша
29
Жүктерді тасымалдау автоколоннасы
10-20
30
Автосанитариялық жасақ
10-190
31
Эвакосанитариялық пойыз
10-94
32
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы
-
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
33
Қоғамдық тәртіпті сақтау тобы
-
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
34
Өртке қарсы команда
-
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
35
Радиациялық және химиялық қорғау командасы
-
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
1-ден кем емес
36
Басқа жасақтар, командалар, буындар
-
Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы ықтимал жағдайларға байланысты тиісті азаматтық қорғаныс бастығының шешімі бойынша

2 Азаматтық қорғау

құралымдарын құру, ұстау,
материалдық-техникалық
қамтамасыз ету, дайындау
және оларды тарту қағидаларына
2-қосымша
Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарындағы қажеттілік есебі
Азаматтық қорғау
құралымдарының атауы <*>
Ұсынылатын жеке құрам саны, адам
Құтқару командасы
103
Жиынтық топ
44
Құтқару тобы
35
Барлау тобы
16
Ветеринариялық бақылау тобы
4
Фитопатологиялық бақылау тобы
4
Байланыс тобы
15
Байланыс буыны
7
Қоғамдық тәртіпті сақтау командасы
44
Қоғамдық тәртіпті сақтау тобы
16
Өртке қарсы команда
25
Өртке қарсы буын
6
Авариялық-техникалық команда
44
Санитариялық жасақ
23
Санитариялық бекет
4
Радиациялық, химиялық және биологиялық байқау бекеті
3
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау командасы <**>
108
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау тобы <**>
44
Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау тобы <**>
15
Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы
5
Эвакуациялау тобы (техникалық)
12
Су тасу буыны
6
Паналайтын жерлер мен жасырын паналарға қызмет көрсету жөніндегі топ, буын
<***>
<*> Объектілік құралымдар объектілерде ұйым басшысының шешімі бойынша бейбіт уақытта және соғыс уақытында ықтимал жағдайға байланысты құрылады.
<**> Күшті әсер ететін улы заттарды өндіретін немесе пайдаланатын химиялық қауіпті объектілерде құрылады.
<***> Бейбіт уақытта. Қорғаныш құрылыстарын өрістету кезінде сыйымдылығы 150 адамға дейін – 10 адам, 150-ден 600 адамға дейін – 21 адам, 600 адамнан астам – 36 адам.

3 Азаматтық қорғау

құралымдарын құру, ұстау,
материалдық-техникалық
қамтамасыз ету, дайындау
және оларды тарту қағидаларына
3-қосымша
Азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарды жүргізуін бағдарлық мүмкіндіктері
Р/с

Құралымдар атауы
Жұмыс жүргізудің бағдарлық мүмкіндіктер
1
Әуе барлауы буыны
1 сағат ішінде бір бағыттағы барлау: 220 шақырым (ұшақпен), 120 шақырым (тікұшақпен)
2
Өзен (теңіз) барлауы буыны
Ұзындығы 50 шықырым дейінгі бір бағыттағы барлау
3
Темір жол барлауы буыны
Ұзындығы 50 шақырымға дейінгі бір сағат ішіндегі бір бағыттағы барлау
4
Алғашқы медициналық көмек жасағы
500 жарақаттанушыға дәрігерлік көмек көрсету
5
Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы
Шамамен 8-10 жарақаттанушыларға мамандандырылған көмек көрсету
6
Инженерлік команда
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: қаланың, елді мекеннің, объектінің - 0,03 шаршы шақырым; құрылыстың қирау деңгейін, үйінділер сипатын барлау - 0,015 шаршы шақырым; паналау орындарының, ПРУ жағдайын бағалау-25 құрылыс; үйінділер бойынша жүру жолдары құрылыстарының ені 3-4 метрден 1 шақырымға дейін; үйінділерді жаппай жинау - 50-200 м; көміліп қалған паналау орындарын, ПРУ, 4-5 құрылыстардың қазу және ашу.
7
Жол-көпір командасы
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктер: елді мекендердегі үйінділерде өту жолдарын (жүру жолдарын) тазарту: а) ғимараттың биіктігі 3-4 қабат болған кезде ені 8-10 метр көшелерде - 0,65- 4,0 шақырым, ғимараттың биіктігі 5-6 қабат болса - 0,20-0,35 шақырым; б) ені 12-15 м көшелерде ғимараттың биіктігі 5-6 қабатты болса - 0,5-1 шақырым жүру жолдарын тазарту.
Елді мекендерде үйінділердің үстінен 1,7-5,0 шақырым жүру жолдарын жасау. Жолдың беткі қабатын (шұңқырлы жөндеулер) қалпына келтіру: қиыршық тасты - 500 шаршы метр, ұсақталған тас кесекті- 650 шаршы метр; бетонды асфальт – 500 шаршы метр; ені 6 метр жолдың жүру жағын кескіндеп жөндеу жұмыстары – 6,5 шақырым, қиыршық тас -10 шақырым, 100-200 метр ірі теміржол элементтерінің үйінділерінен ені 3 -3,5 метр көшенің жүру жолын тазарту.
Биіктігі 1,5-2 метр үйінділерді көшелердің жүру жолдарының 400-500 шаршы метр ауыстыру. 100-120 пм көпірді жөндеу және қалпына келтіру.
8
Инженерлік барлау буыны
10 сағат жұмыс уақыты ішінде бағдарлық мүмкіндіктері: ұзындығы 75-100 шақырым 2-3 бағытты барлау; - ауданы 1 шақырым зақымдау ошағын барлау, 20-30 дана көміліп қалған паналау орындарын барлау.
9
Электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері:
1. Мына жұмыстарды орындау арқылы 35, 110, 220 кВ екі кіші станциядағы аварияларды жою:
май ажыратқыштарды жүргізуді ауыстыру;
қуатты трансформатордағы жүргізуді ауыстыру; Круп ұяшығын орнату; Круп ұяшығына күш кабелін төсеу; жабдықтарды орнату орындарының аумағын тазарту; ажыратқыштарды қалпына келтіру; шиналарды қалпына келтіру; жабдықтарды орнату орындарындағы аумақтарды дезактивациялау.
2. Мына жұмыстарды орындау арқылы 35, 110, 220 кВ электр беру желілеріндегі аварияларды жою: сау қалған тіректердің сымдарын құрастыру; (бір тізбе – үш сым): 35 кВ - 2,5 км, 110 кВ - 2 км, 220 кВ - 1 шақырым; сымдарды құрастырып, уақытша ағаш тіректерін қондыру: 35 кВ - 4 шақырым, 110 кВ - 3 шақырым, 220 кВ - 2 шақырым; сымдар мен ажыратқыштарды жарым-жартылай ауыстырып, сымдарды жөндеу; 35 кВ - 1-2 шақырым, 110 кВ - 1-1,5 шақырым, 220 кВ - 1 шақырым; сау қалған тіректерін дезактивациялау: 35 кВ - 4 шақырым, 110 кВ - 3 шақырым, 220 кВ – 3 шақырым; тарату пунктінің бөлмелерінде май ажыратқыштар ұяшығының зақымдалған жабдықтарын ауыстыру; құатты трансформаторын кернеулікке 6-10 кВ- 2 данамен ауыстыру; бүрмені ауыстыру (көлемі 5 - 10 орын) кернеулігі 6-10 кВ- 2 дана; 11 метрге дейін 14-16 дана ағаш тіректерін қондыру; уақытша ағаш тіректері арқылы қимасы 16-70 мм сымның құрастыру 2 шақырым; ауа жүргізулерін қондыру - 20 дана.
10
Газ желілері бойынша авариялық - техникалық команда
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: үйінділерді ашып, үй ішіндегі газбен қамтамасыз ету желісінің зақымдаған учаскісін ажырату: біиктігі 1 метр – 45 учаскеге дейін, 2 метр – 20 учаскеге дейін; қирамаған құдықтарды ашу және газбен қамтамасыз ету желісін үй ішіне кірер жерден жабу – құдықтар саны 150-ге дейін; жер төленін сау қалған кезде басқыш алаңында үйінділерді ашып, газбен қамтамасыз ету желісінің үй ішіндегі тарату сымды ажырату зақымдаған учаскесін ажырату - (ажырату) - 20
11
Су өткізу желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: 1. Үйінділерді ашып, құдықтарды ашып-жабу арқылы қираған сумен қамтамасыз ету желілерінің учаскілерін ажырату, үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 30 учаске, 2 метр – 10 учаске;
2. Үйінділерді ашып, құдықтарды ашу және ысырмаларын жабу арқылы сумен қамтамасыз ететін үй ішіндегі желісінің қираған учаскісін ажырату: үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 50 учаске, 2 метр – 25 учаске; ысырмаларын жөндеу – 6 дана, құдықтарды қолмен тазарту – 20; өрт гидранттарын жөндеу – 15; шығару орындарын тазарту –15; құдықтар айналасындағы ойылған жерлерді жою – 20; тұрмыстық құдықтарды жөндеу – 5; үйдің су кірістеріне қақпақшаларды қою - 5; тұмыстық желісін гидравликалық тазарту -30; шойын колонкаларды жөндеу – 20.
12
Кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: 1. Үйінділерді ашып, құдықтарды ашып-жабу арқылы қираған кәріз желілерінің учаскілерін ажырату, үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 30 учаске, 2 метр – 10 учаске.
2. Үйінділерді ашып, құдықтарды ашу және ысырмаларын жабу арқылы үй ішіндегі кәріз желісінің қираған учаскесін ажырату: үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 50 учаске, 2 метр – 25 учаске; ысырмаларын жөндеу – 6 дана, құдықтарды қолмен тазарту – 20; өрт гидранттарын жөндеу – 15; шығару орындарын тазарту -15; құдықтар айналасындағы ойылған жерлерді жою – 20; тұрмыстық құдықтарды жөндеу – 5; үйдің су қірістеріне қақпақшаларды қою - 5; тұрмыстық желісін гидравликалық тазарту -30; шойын колонкаларды жөндеу – 20.
13
Жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: 1. Құдықтар үстінен үйінділерді ашып, қақпақшаларды орнатып қираған жүйелер учаскілерін ажырату, үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 25 учаске, 2 метр – 10 учаске; үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 40 учаскеде, 2 метр болса – 15 учаскеде құдықтар үстінен үйінділерді ашып, құдықтарды ашып және қақпақшаларды орнатып жылумен қамтитын үй ішіндегі жүйелердің қираған учаскелерін ажырату.
14
Тамақтандыру жылжымалы пункті
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: қоректену пункті 1500 адамға дейін тамақтандыра алады.
15
Азық-түлікпен жабдықтау жылжымалы пункті
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Пункт 4000 құрғақ азықты жинақтай алады және бере алады.
16
Жылжымалы жабдықтау пункті
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Пункт зардап шеккендерге (зақымдалғандарға) 1400 жинаққа дейін ауыстыратын киім-кешектер мен аяқ киімдерді жеткізе алады және бере алады.
17
Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Станция 400-500 бірлік техникаға ЖЖМ құюды қамтамасыз ету станциясы
18
Жылжымалы жөндеу-қалпына келтіру командасы
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: ағымдағы 5 жөндеу жұмыстары
19
Су тасу буыны
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: нормасы 1 адамға тәулігіне 10 литр су болған кезде 75 мың литр суды әкеліп 7,5 мың адамды қамтамасыз ете алады.
20
Халықты тасымалдау автоколоннасы
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері (60 шақырымға тасымалдау кезінде): Колоннаның жолаушылар сыйымдылығы – тасымалданғандардың саны. Колонна үшін: 880-1200/2200-3000 адамдар автобуспен, жүкті автокөліктер 440-600/1100-1500 адамдар, жүкті өзі көтеретін 330-460/825-1125 адам, жеңіл көліктер 80-120/200-300 адам.
21
Жүктерді тасымалдау автоколоннасы
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: жүк көтергіш 38-45 тонна тасымалдайды, 95-120 тоннаға дейін 237-275 тіркеме жүкті.

4 Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын дайындау бағдарламасы

Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау
және оларды тарту қағидаларына
4-қосымша
Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын дайындау
бағдарламасы

60 Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Азаматтық қорғау құрылымдардын құру, ұстау, материалдық-техниқалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына
5 қосымша
Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету

1 1-тарау. Құтқару командасы (құтқару командасы, адамдарды іздеу және құтқару командасы)


Атауы
Саны
1
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
2
Авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтар жиынтығы
1
3
Резеңке етік
*
4
Жеке дәрі қобдишасы
*
5
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка–кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
6
Қорғаныс көзілдірігі
*
7
Карабині бар құтқару белдігі
*
8
Компас
*
9
Қол шамы
*
10
Қорғаныс шлемі
*
11
Қолғап
*
12
Тасымалды радиостанция
*
Техника
13
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
14
Жүк көлігі
15
Жолаушылар автобусы

2 2-тарау. Барлау құрылымдары (әуе барлау буыны, өзен (теңіз) барлау буыны, теміржол барлау буыны)


Атауы
Саны
16
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
17
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка–кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
18
Резеңке етік
*
19
Кенеп қолғап
*
20
Тасымалды радиостанция
*
21
Электромегафон
1
22
Жеке дәрі қобдишасы
*
23
Санитарлық сөмке
*
24
Таңу пакеті
*
25
Қорғаныс көзілдірігі
*
26
Компас
*
27
Дүрбі
*
28
Батареялы шам
*
Техника
29
Әуе барлау буыны үшін: ұшақ (тікұшақ)
1-ден кем емес
30
Теміржол барлау буыны үшін: дрезина (тепловоз)
31
Өзен (теңіз) барлау буыны үшін: катер (қайық)

3 3-тарау. Медициналық құрылымдар (алғашқы медициналық көмек жасағы, инфекциялық жылжымалы госпиталь, хирургиялық жылжымалы госпиталь, токсикалық - терапиялық жылжымалы госпиталь, медициналық қызметтің жылжымалы эпидемияға қарсы жасағы, мамандандырылған медициналық көмек бригадасы эвакосанитарлық пойыз, автосанитарлық жасақ)


Атауы
Саны
32
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
33
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
34
Медициналық халат
*
35
Таңу пакеті бар жеке күйікке қарсы жинақ
*
36
Жұмсақ қаңқасыз зембілдер
5
37
Қоршау белгісі
2
38
Резеңке етік
*
39
Жеке дәрі қобдишасы
*
40
Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау аспабтарының жиынтығы
1
41
Қорғаныс көзілдірігі
*
42
Резеңке қолғап
*
43
Компас
*
44
Тасымалды радиостанция
*
Техника
45
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
46
Жүк көлігі
1-ден кем емес

4 4-тарау. Инженерлік құрылымдар (инженерлік команда, жол-көпір командасы, инженерлік барлау буыны)


Атауы
Саны
47
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
48
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
әр көлікке
49
Газбен дәнекерлеу жинағы
1
50
Электр дәнекерлеу қондырғысы
1
51
Компрессорлық станция
1
52
Құралдар жинағы
1
53
Шынжырлы ара
1
54
Электромонтер жинағы
1
55
Қалта шамы
*
56
Сантехник жиынтығы
1
57
Газ жөндеуші жинағы
1
58
Компас
*
59
Комбенезон
*
60
Резеңке етік
*
61
Жеке дәрі қобдишасы
*
62
Кенеп қолғап
*
63
Таңу пакеті
*
64
Суды залалсыздандыру препараты
*
65
Тасымалды радиостанция
*
Техника
66
Экскаватор
1-ден кем емес
67
Автогрейдер
68
Тиегіш автокөлік
69
Жүк көлігі
70
Бульдозер
71
Автокран
72
Тартқыш
73
Самосвал

5 5-тарау. Авариялық-техникалық құралымдар (электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда, газ желілері бойынша авариялық-техникалық команда, су құбыры желілері бойынша авариялық-техникалық команда, жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда, кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда, байланыстың авариялық-қалпына келтіру командасы)


Атауы
Саны
74
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
75
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
76
Газбен дәнекерлеу аппараты (газ желілері бойынша команда үшін)
1
77
Газбен дәнекерлеуші жинағы
1
78
Сантехник жиынтығы
1
79
Сымдарды кесуге арналған қайшы
*
80
Қарасора арқан (Нейлон) метр
150-200 метр
81
Портативті құбыр кескіш
1
82
Мотопомпа (сантехникалық желі командасы үшін)
1
83
Металды газды жалынмен кесу құралы
1
84
Компрессор
1
85
Батареялы шам
1
86
Қауіпсіздік белдігі (электр желілері командасы үшін)
*
87
Жүк көтергіш құралдар (лебедкалар, гидравликалық домкрат)
*
88
Электромонтер жинағы (электр желілері командасы үшін)
1
89
Газ индикаторы (үшін газ желілері командасы)
1
90
Таңғыш пакеті
1
91
Жеке алғашқы көмек жинағы
1
92
Мотобетонол
әр құрылатын құрылымдар үшін 1 бірлік
93
Санитарлық сөмке
*
94
Тасымалды радиостанция
*
95
Электромегафон
*
96
Жеке алғашқы көмек жинағы
*
97
Керзі етік
*
98
Брезент қолғаптары
*
99
Телефон кабелі (байланыс командасы үшін)
150-200 метр
Техника:
100
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
101
Жүк көлігі
102
Автожөндеу машинасы
103
Автокран
104
Экскаватор
105
Бульдозер

6 6-тарау. Материалдық-техникалық жабдықтау құрылымдары

1 1-параграф. Жылжымалы тамақтану пункті


Атауы
Саны
106
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
107
Қатты отынды құйылатын қайнатқыш
2
108
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
109
Суды қайнатуға арналған қазандық
2
110
Термос
12
111
Ет шабуға арналған балта
2
112
Кәстрөлдер мен қазандықтарды тазалауға арналған қырғыш
4
113
Резеңкеленген алжапқыш
4
114
Жылы іш киім, шалбар (суық мезгілде)
18
115
Керзі немесе резеңке етік
18
116
Брезент қолғаптары
18
117
Лагерь шатыры
2
118
Автокөлік жамылғысы немесе брезент
4
119
Полимерлі пленка
20
120
Шаруашылық арқан
60 метр
121
Көлденең ара
3
122
Батареялы шам
5
123
Медициналық таңу пакеті
18
124
Жеке дәрі қобдишасы
18
125
Ас үй құралдары
*
Техника
126
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
127
Ас үй тіркемесі
128
Жүк көлігі
129
Автоцистерна
130
Авторефрижератор

2 2-параграф. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің жылжымалы пункті


Атауы
Саны
131
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
132
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
133
Өндірістік үстел
6
134
Нан тасымалдауға арналған ыдыс
50
135
Мүкәммалды тасымалдауға арналған ыдыс
10
136
Үстел таразы
6
137
Тауарлық таразы
1
138
Сөре
2
139
Ауыз суға арналған металл ыдыс
2
140
Резеңке етік (пар)
*
141
Брезент қолғаптары
*
142
Лагерь шатыры
2
143
Өнімдерді жабуға арналған шатырлы брезент
4
144
Батареялы шам
*
145
Медициналық таңу пакеті
*
146
Жеке дәрі қобдишасы
*
Техника
147
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
148
Жүк көлігі
149
Автоцистерна

3 3-параграф. Жылжымалы жабдықтау пункті


Атауы
Саны
150
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
151
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
152
Брезент өлшемі (5×5 м)
4
153
Шатыр
4
154
Төсек жабдықтары
2
155
Телогрейка және мақта шалбар (суық уақыт)
4
156
Кирз немесе резеңке етік
*
157
Брезент қолғаптары
*
158
Жеке медициналық дәрі қобдишасы
*
159
Медициналық таңу пакеті
*
Техника
160
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
161
Жүк көлігі
162
Автоцистерна

4 4-параграф. Су тасымалдау буыны


Атауы
Саны
163
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
164
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
165
Резеңке етік
*
166
Жылы қолғаптар (пар)
*
167
Жеке алғашқы көмек жинағы
*
168
Жұмсақ сүйреуіш
*
169
Қатты сүйреуіш
*
170
Батареялы шам
*
Техника
171
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
172
Жүк көлігі
173
Автоцистерна
174
Мотопомпа

7 7-тарау. Автокөлік құрылымдары

1 1-параграф. Халықты тасымалдауға арналған автомобиль колоннасы

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Атауы
Саны
175
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
176
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
177
Жылы қолғаптар (қолғаптар)
*
178
Тасымалды радиостанция
*
179
Электромегафон
1
180
Жұмсақ сүйреуіш
16
181
Қатты сүйреуіш
3
182
Жеке алғашқы көмек жинағы
*
183
Таңғыш пакеті
*
184
Санитарлық сөмке
2
Техника
185
Автокөлік
9
186
Жолаушылар автобусы
2

2 2-параграаф. Жүктерді тасымалдауға арналған автоколоннасы


Атауы
Саны
187
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
188
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
189
Жылы қолғаптар (қолғаптар)
15
190
Тасымалды радиостанция
*
191
Жүргізуші құралдарының автокомплектісі
1
192
Электромегафон
1
193
Жұмсақ сүйреуіш
3
194
Қатты сүйреуіш
3
195
Жеке алғашқы көмек жинағы
*
196
Таңғыш пакеті
*
197
Санитарлық сөмке
*
Техника
198
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
199
Трактор
200
Жүк автокөлігі
201
Автокөлік тіркемесі

3 3-параграаф. Жылжымалы жанармай құю станциясы


Атауы
Саны
202
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
203
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
204
Жылы қолғаптар (қолғаптар)
*
205
Тасымалды радиостанция
*
206
Жүргізуші құралдарының автокомплектісі
1
207
Электромегафон
1
208
Жұмсақ сүйреуіш
1
209
Қатты сүйреуіш
1
210
Жеке алғашқы көмек жинағы
*
211
Таңғыш пакеті
*
212
Санитарлық сөмке
*
213
Батареялы шам
*
Техника
214
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
215
Жанармай құюшы
216
Автокөлік тіркемесі

4 4-параграаф. Жылжымалы жөндеу-қалпына келтіру командасы


Атауы
Саны
217
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
218
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка–кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
219
Дәнекерлеу машинасы
1
220
Жылы қолғаптар (қолғаптар)
1
221
Тасымалды радиостанция
*
222
Жүргізуші құралдарының автокомплектісі
*
223
Электромегафон
1
224
Жұмсақ сүйреуіш
1
225
Қатты сүйреуіш
2
226
Жеке алғашқы көмек жинағы
2
227
Таңғыш пакеті
*
228
Санитарлық сөмке
*
229
Батареялы шам
*
Техника
230
Жеңіл автокөлік
1-ден кем емес
231
Жүк көлігі
232
Жөндеу шеберханасы

8 8-тарау. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау тобының схемасы


Атауы
Саны
233
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
234
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка–кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
235
Резеңке етік (пар)
*
236
Қолғап
*
237
Медициналық халат
40
238
Қорғаныс көзілдірігі
7
239
Компас
3
240
Резеңке қолғап (пар)
10
241
Батареялы шам
Техника
242
Дезинфекциялық қондырғы
1-ден кем емес
243
Автоқозғалтқыш
244
Жүк көлігі
245
Жеңіл автомобиль

9 9 тарау. Өртке қарсы команданың сызбасы


Атауы
Саны
246
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
247
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
248
Қарасора арқан (Нейлон) метр
150-200
249
Сымдарды кесуге арналған қайшы
2
250
Өрт сөндірушінің жабдықтары
*
251
Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі
*
252
Қорғаныс шлемі
*
253
Кенеп жадағай
*
254
Таңғыш пакеті
*
255
Көбіктендіргіш
(цистерналар схемасы бойынша)
256
Тасымалды радиостанция
*
257
Электромегафон
1
258
Батареялы шам
*
259
Жеке алғашқы көмек жинағы
1
260
Шабуылдауыш баспалдақ
әрбір өрт сөндіру бөлімшесіне 1 бірлік
Техника
261
Өрт сөндіру автокөлігі (автоцистерна)
2

10 10-тарау. Қоғамдық тәртіпті қорғау командасы (тобы)


Атауы
Саны
262
Жеке қорғаныс құралдары
1
263
Қорғаныс көзілдірігі
1
264
Резеңке қолғап
50
265
Резеңке етік
6
266
Компас
6
267
Жұмсақ буксир
6
268
Электромегафон
6
269
Тасымалды радиостанция
6
270
Қол шамы
6
271
Арнайы құралдар
272
Атыс (табельдік) қару
Техника
273
Жүк көлігі
1
274
Жеңіл автомобиль
1

11 11-тарау. Радиациялық және химиялық қорғау командасы (тобы)


Атауы
Саны
275
Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары
*
276
Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара)
1
277
Радиациялық және химиялық барлау аспаптары
1
278
Автомобиль техникасын арнайы өңдеу жинағы
1
279
Санитарлық өңдеу жиынтығы
*
280
Қоршау белгісі
*
281
Резеңке етік
*
282
Жеке дәрі қобдишасы
*
283
Қорғаныс көзілдірігі
*
284
Резеңке қолғап
*
285
Компас
*
286
Батареялы шам
*
Техника
287
Жеңіл автокөлік
1
288
Жүк көлігі
1
Ескертпе: * - азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және тарту қағидаларына 1-қосымшада көрсетілген азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамының санына сәйкес.

Қолданыстағы