О внесении изменений в совместное постановление акимата Бурабайского района и решение Бурабайского районного маслихата об изменениях в административно-территориальном устройстве Бурабайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное постановление акимата Бурабайского района и решение Бурабайского районного маслихата об изменениях в административно-территориальном устройстве Бурабайского района
- Атауы (қаз.)
- Бурабай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Бурабай ауданы әкімдігінің және Бурабай аудандық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-4/230
- Қабылданған күні
- 30.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2016 90644_409087.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BS004827
- ЭКБ идентификаторы
- 90644
- Редакция идентификаторы
- 90644_409087
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:12
0 Бурабай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Бурабай ауданы әкімдігінің және Бурабай аудандық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № А-2/65 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-34-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4673 болып тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Бурабай ауданының Атамекен ауылдық округінің Жасыл селосының шекараларын өзгерту туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № А-12/680 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 5С-11/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3602 болып тіркелген, 2013 жылдың 24 қаңтарында аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша мемлекеттік тілде «селосының» сөзі «ауылының» сөзімен ауыстырылсын;
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тілінде «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын.