Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № 32/07 · қабылданған 12.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90692/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ 32/07 ·12.06.2015
04.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ 32/07 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32/07
Қабылданған күні
12.06.2015
Көрсетілген редакция
04.03.2016 90692_164532.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15K0003277
ЭКБ идентификаторы
90692
Редакция идентификаторы
90692_164532
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:39

0 Басым ауыл шаруашылығы

дақылдарының тізбесін
және субсидиялау нормаларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Төмендегі:

1 1) басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2

2) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 37/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2701 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 5 тамыздағы № 135 (21656) «Индустриальная Караганда» және 2014 жылғы 5 тамыздағы № 146 (21780) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________ А. Мамытбеков
« » __________ 2015 жыл

7 Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы «12» маусымдағы
№ 32/07 қаулысына
1-қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
р/н

Басым дақылдардың атауы
1
арпа
2
сұлы
3
масақ қоспасы (бидай және арпа;* арпа және сұлы**)
4
дәнді-бұршақ дақылдар
5
жармалық дақылдар (қарақұмық)
6
бір жылдық шөптер
7
көп жылдық шөптер
8
сүрлемдік жүгері
9
майлы дақылдар ( қүнбағыс, шашақты зығыр, мақсары)
10
көкөністік - бақша дақылдары
11
1 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы)
12
2 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы)
13
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік жылыжай кешендері)
14
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар)
15
картоп
* азыққа
** пішендемеге

8 Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы «12» маусымдағы
№ 32/07 қаулысына
2 қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)
р/н

Басым дақылдардың атауы
1 гектарға бюджеттік субсидия (базалық) нормалары, теңге
1
арпа
2 500
2
сұлы
2 500
3
масақ қоспасы (бидай және арпа;* арпа және сұлы**)
2 000
4
дәнді-бұршақ дақылдар
2 500
5
жармалық дақылдар (қарақұмық)
2 500
6
бір жылдық шөптер
8 000
7
көп жылдық шөптер
8 000
8
сүрлемдік жүгері
10 000
9
майлы дақылдар ( қүнбағыс, шашақты зығыр, мақсары)
3 000
10
көкөністік - бақша дақылдары
20 000
11
1 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында тағы өсірілетіндерден басқасы)
80 000
12
2 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы)
30 000
13
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік жылыжай кешендері)
4 000 000
14
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар)
1 960 000
15
картоп
4 500
* азыққа
** пішендемеге

Қолданыстағы