Об утверждении Типового положения о службе организации авиаперевозок
Қолданыста
Бұйрық
·№ 328
·
13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о службе организации авиаперевозок
- Атауы (қаз.)
- Авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 328
- Қабылданған күні
- 26.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2015 90758_44415.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011372
- ЭКБ идентификаторы
- 90758
- Редакция идентификаторы
- 90758_44415
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:52
0 Авиатасымалдауды ұйымдастыру
қызметі туралы үлгілік
ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметі туралы үлгілік ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. А. Досаев __________________
2015 жылғы 15 мамыр
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін актарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 328 бұйрығымен бекітілген
Авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметi туралы үлгiлік ереже