Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности
- Атауы (қаз.)
- Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 22.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2019 90816_694643.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15T0003229
- ЭКБ идентификаторы
- 90816
- Редакция идентификаторы
- 90816_694643
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:00
0 Діни қызмет саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1, 3-тармақтарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2
2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №71 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2882 тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі «Атырау» газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 29 тамыздағы №251 «Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №71 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3001 тіркелген, 2014 жылғы 7 қазандағы «Атырау» газетінде жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж.Мұқанға жүктелсін.
4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11183 болып тіркелген) қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.
8 Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «22» мамырдағы
№155 қаулысына
1-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «22» мамырдағы
№ 155 қаулысымен
бекітілген
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы органы – «Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесi – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімі.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11183 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда ол өзінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды жолдайды (30 минут ішінде);
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады (30 минут ішінде);
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне орындау үшін жолдайды (1 жұмыс күні ішінде);
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды зерделеп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды (26 күнтізбелік күн ішінде);
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жолдайды (1 жұмыс күні ішінде);
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) беруді жүзеге асырады (1 жұмыс күні ішінде).
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
8
8. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
28 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы
29 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
2-қосымша
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
30 Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «22» мамырдағы
№ 155 қаулысына
2-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «22» мамырдағы
№ 155 қаулысымен
бекітілген
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы органы – «Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11183 болып тіркелген) бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимыл) басталуына негіз Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда ол өзінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды жолдайды (30 минут ішінде);
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады (30 минут ішінде);
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне орындау үшін жолдайды (1 жұмыс күні ішінде);
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды зерделеп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды (26 күнтізбелік күн ішінде);
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жолдайды (1 жұмыс күні ішінде);
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) беруді жүзеге асырады (1 жұмыс күні ішінде).
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
8 8. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
50 «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы
51 «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
2-қосымша
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
52 Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «22» мамырдағы
№155 қаулысына
3-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы «22» мамырдағы
№ 155 қаулысымен
бекітілген
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және
қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы органы – «Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11183 болып тіркелген) бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимыл) басталуына негіз Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың ) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда ол өзінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды жолдайды (30 минут ішінде);
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады (30 минут ішінде);
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне орындау үшін жолдайды (1 жұмыс күні ішінде);
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды зерделеп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды (26 күнтізбелік күн ішінде);
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жолдайды (1 жұмыс күні ішінде);
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) беруді жүзеге асырады (1 жұмыс күні ішінде).
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
8 8. «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
72 «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы
73 «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
2-қосымша
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы