Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда

Бұйрық · № 4-1/168 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90840/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-1/168 ·27.02.2015
25.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда

Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-1/168 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда
Атауы (қаз.)
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-1/168
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
25.05.2020 90840_467124.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011151
ЭКБ идентификаторы
90840
Редакция идентификаторы
90840_467124
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:22

0 Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 09 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 сәуір

0 Қазақстан Республикасы

Ауыл шарушылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-1/168 бұйрығымен бекітілген
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау (40 %-ға дейін) тәртібін айқындайды.

2 2. Субсидиялар агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі – АӨК субъектілері) осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен бөлінеді.

3 3. Субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі – АӨК субъектісі) айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

Комиссияның құрамына:

1 1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының немесе бөлімдерінің қызметкерлері;

2 2) ауылдық округ әкімі;

3 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері;

4 4) салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

4 4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

5

5. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің тізбесі (бұдан әрі – Дақылдар тізбесі) және жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттеуі бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін, әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелерін қоса бере отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қарауға беріледі.
Министрлікпен Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормаларын қарастыру хат түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнді құрайды.
Дақылдар тізбесінде тиісті салалық мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дақылдарды субсидиялау басымдығы айқындалады.
Министрлік оң нәтиже болған жағдайда, тиісті ілеспе хатпен Дақылдар тізбесінің және субсидиялар нормаларының бір данасын кері қайтарады.
Министрлік теріс нәтиже болған жағдайда, келісуден дәлелді бас тартуы бар хатпен Дақылдар тізбесінің және субсидиялар нормаларының екі данасын да қайтарады. Бұл ретте, пысықталған Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары Министрлікке бес жұмыс күн ішінде қайта қарауға жолданады.
Дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары тиісті жылдың
1 мамырынан кешіктірілмей облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттері тізбесіне және субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

6 6. Осы Қағидалар қарқынды алма бақтарын салған АӨК субъектілеріне қолданылмайды (гектарға 2000 данадан кем емес аласа бойлы және жартылай аласа бойлы клондық телітушілердің көшеттері, оның ішінде книп-баум көшеттері).

2 2-тарау. Субсидияны алушылар

7 7. Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызған және оларды кейінгі жылдары өсіруді жүзеге асырған АӨК субъектілері субсидия алушылар болып табылады.

3 3-тарау. Субсидияны алу шарттары

8 8. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

1 1) тиісті жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім беру;

2 2) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу талаптарына сәйкес жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу.

9 9. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидиялар мынадай шарттар кезде төленеді:

1 1) тиісті жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге арналған субсидияларды алуға өтінім беру;

2

2) екінші вегетацияның – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетацияның – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетацияның – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың «Апорт» сорты бойынша өсіру сақталған кезде беріледі.
Егер де бұрынғы жылдары отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттер ішінара жойылған және АӨК субъектісі оларды меншікті қаражатының есебінен қалпына келтірген жағдайда субсидиялар АӨК субъектісіне нақты сақталып қалған көпжылдық көшеттердің алаңына ғана (көпжылдық көшеттердің өздігінен қалпына келтірілген алқаптарын есепке алмағанда) тиесілі болады.

4 4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

10 10. Субсидиялар АӨК субъектісі өтінім берген субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің алаңдарына және облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

S = V*N;
мұнда:
S – субсидиялар мөлшері, теңге;
V – субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру алаңы, гектар;
N – жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге облыс, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігінің қаулысымен бекітілген
1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге/гектар.
Бұл ретте, көшеттерді сатып алу шығындарынан басқа, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындары өтеледі.

5 5-тарау. Субсидияны төлеудің тәртібі

11 11. Бөлім:

1 1) субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыру жарияланымын аудан (республикалық және облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті мерзімді баспа басылымдарында орналастырады;

2 2) АӨК субъектілерінен өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады. АӨК субъектісі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім берген жағдайда, өтінім АӨК субъектісіне екі жұмыс күн ішінде қайта пысықтауға қайтарылады.

Өтінімді қабылдау кезінде АӨК субъектісіне күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

3 3) осы Қағидалардың, Комиссияның талаптарына сәйкес келетін АӨК субъектісінің өтінімін енгізеді.

12 12. Комиссия:

1 1) Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып:

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды;

2 2) тиісті акті жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

Комиссиямен субсидияны беру туралы шешім қабылданған жағдайда Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды, ал субсидияны беруден бас тартқан жағдайда Бөлім бас тарту себебін көрсете отырып бас тарту туралы жазбаша түрде АӨК субъектісін хабардар етеді.
Субсидиялар беруде теріс шешім «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының
19-1-бабының 2-тармағымен белгіленген негіздер бойынша қабылданады.

13

13. Респбуликалық маңызы бар қаланың, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы екі жұмыс күні ішінде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға немесе оларды өсіруге арналған субсидияны алуға АӨК субъектісінен өтінім түскеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады.

5 5-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік

14 14. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жылғы

25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Министрлікке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.

1 Жеміс-жидек дақылдарының және

жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге: ______________________________________________________________
(облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті
атқарушы органының толық атауы)
Кімнен:______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде
өндірілген жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек)
көпжылдықкөшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім
Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек
дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттерін _______гектар
алаңға отырғызуға _________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.
(сомасы сандармен және жазбаша)

Де­ректер кө­зі*
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер
Де­ректер
1
2
3
4
1.
Заң­ды тұл­ға үшін – заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тiк тiр­кеу (қай­та тiр­кеу) ту­ра­лы ку­әлiк неме­се анық­та­ма
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
тір­кеу нө­ме­рі
тір­кел­ген кү­ні
ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні
кім бер­ді
2.
Же­ке тұл­ға үшiн – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
кім бер­ді
бе­рі­л­ген кү­ні
же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
3.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рі үшін – мем­ле­кет­тiк тiр­кеу (қай­та тiр­кеу) ту­ра­лы ку­әлiк неме­се анық­та­ма**
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
тір­кеу нө­мі­рі
тір­кел­ген кү­ні
ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні
кім бер­ді
суб­си­дия ти­е­сі­лі ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­ти­ві мү­ше­сі­нің ата­уы
суб­си­дия ти­е­сі­лі ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­ти­ві мү­ше­сі­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі /биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
4.
Жер учас­кесiне сәй­кестен­дi­ру және (неме­се) құқық бел­гiлей­тiн құ­жат
ак­ті­нің нө­мі­рі
ка­дастр­лық нө­мі­рі
бар­лық алаң, гек­тар
оның ішін­де егі­стік
ны­са­на­лы мақ­са­ты
сәй­кестен­дi­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
жер учас­ке­сі ие­сі­нің неме­се жер­ді пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
5.
Ағым­да­ғы шот­тың бар екен­дi­гi ту­ра­лы екін­ші дең­гей­де­гі банк­тiң не Ұлт­тық поч­та опе­ра­то­ры­ның анық­та­ма­сы
же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі /биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
бе­не­фи­ци­ар ко­ды
банк­тің неме­се поч­та опе­ра­то­ры­ның де­ректе­ме­ле­рі:
банк­тің неме­се поч­та опе­ра­то­ры­ның ата­уы:
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру ко­ды
же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
бе­не­фи­ци­ар ко­ды
6.
Бақ­тар­ды және (неме­се) жи­дек­тіктер­ді және (неме­се) жү­зім­ді отыр­ғы­зу үшін бе­кі­ті­л­ген жұ­мыс жо­ба­сы
нө­мі­рі
кү­ні
7.
Жұ­мыс жо­ба­сын әзір­ле­у­ге жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс және шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры)
нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
кім әзір­ле­ді
әзір­ле­у­ші ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
әзір­ле­у­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық са­ту ба­ға­сы
8.
Отыр­ғы­зу ма­те­ри­ал­да­рын са­тып алу­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс-шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры)
шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лын са­ту­шы­ның ата­уы
отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лын са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лын са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк­құ­жат­тың нө­мі­рі
да­қыл, сор­ты
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу ба­ға­сы
9.
Ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды са­тып алу­ға және ор­на­ту­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс-шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры) (ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды са­тып алу қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді)
шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы­ның ата­уы
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк­құ­жат­тың нө­мі­рі
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу ба­ға­сы
10.
Там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сі­нің құ­ры­лы­сы­на жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс-шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры) (там­шы­лап су­а­ру жүй­е­сін са­тып алу қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді)
шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
жаб­дық са­ту­шы­ның ата­уы
жаб­дық са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
жаб­дық са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк­құ­жат­тың нө­мі­рі
жаб­дық ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу ба­ға­сы
11.
Жүр­гі­зі­л­ген тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды рас­тай­тын құ­жат­тар
12.
Са­тып алу-са­ту және (неме­се) қар­жы­лық ли­зинг шар­тта­ры
нө­мі­рі
шарт жа­сал­ған күн
жаб­дық, ма­те­ри­ал са­ту­шы­ның ата­уы
жаб­дық, ма­те­ри­ал са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
жаб­дық, ма­те­ри­ал са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
жаб­дық­тың, ма­те­ри­ал­дың ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу ба­ға­сы
бе­рі­л­ген кү­ні
кім бер­ді
13.
Же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры мен жү­зім­нің кө­шет­те­рін өн­ді­ру­ші бер­ген отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лы­на ар­нал­ған сорт­тық ку­ә­лік
ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
кім бер­ді
Ескертпелер:
* өтініш иесінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.
** жоғарыда көрсетілген кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы
Отырғызу алаңы, гектар
1 гектарға субсидия нормасы, теңге
Субсидиялар мөлшері, теңге (3-баған
х 4-баған)
1
2
3
4
5
Жиыны
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ___________ ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болған жағдайда)
Бас бухгалтер (бар болса) ______________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын
құжатта бар болған жағдайда)
Мөр орны (бар болса) 20__ жылғы «___» ______________
Өтiнiм 20__жылғы «___» ____________қарауға қабылданды.
______________ ________________________________________________
(қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты,
әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта
бар болған жағдайда)
--------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Талон
№ ______________
Өтінім қарастыруға 20__ жылғы «__» ______ _______ сағат ___ минутта
қабылданды.
_______________________________________________ _________________
(өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, (қолы) аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

2 Жеміс-жидек дақылдарының және

жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызуға талаптар

Талаптар
1
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызу жүзеге асырылатын жер учаскесі Министрлік бекіткен ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылған схемасына сәйкес ұсынылатын ауданда болуы тиіс.
2
Жеміс дақылдары мен жүзімді отырғызу кемінде 5 гектар жалпы алқапта, жидек дақылдары —2 гектардан кем емес жалпы алқапта (жұмыс жобасында көзделген жол, суару желілері және желден қорғау жолақтарынсыз пайдалы алқап (нетто) есептеледі) жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу теңіз деңгейінен кемінде 900 метр биіктікте тау етегі және төмен таулы аймақтар жағдайында жүзеге асырылады.
3
Жеке меншікте (немесе лизингте) өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесінің бар болуы (сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгіш қондырғыларды, қысым реттегішті, су есептегішті және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен). Осы талап алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттеріне қолданылмайды.
4
Орнатылған тіреуіш бағаналары болуы тиіс: бірінші отырғызылған жылы – жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызған жағдайда, екінші жылы – жүзімнің көпжылдық екпелерін өсірген жағдайда. Бұл ретте тіреуіш бағаналардың аралық қатары 15 метрден аспау тиіс.
5
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді отырғызу Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттармен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте «Апорт» сортының алмалары вирусы жоқ отырғызу материалдарынан дайындалуы және Сиверс алмасының (Malus Sieversii) және Недзвецкий алмасының (Malus Niedzweskiana) биік бойлы телітушілері сорттарымен отырғызылуы тиіс.
6
Көпжылдық көшеттерді отырғызу жүзеге асырылатын АӨК субъектісінің нақты жер учаскесіне бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген жүмыс жобасы (бұдан әрі – жұмыс жобасы) (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақты-мелиоративтік ізденістердің: 0,5 метр сайын рельеф қимасын жасай отырып, кемінде 1:2000 масштабта топотүсірудің, кемінде 1:5000 масштабта топырақты-мелиоративтік және топырақты-геологиялық ізденістердің (қажет болған кезде тұзды түсіру) жүргізілгенін растайтын отырғызу сызбасын, сорттық құрамын, жол және суару желісін, орман белдеулерін ұйымдастыруды көрсете отырып, көпжылдық көшеттерді отырғызудың бас жоспарын қамтитын) болуы тиіс. Бұл ретте алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АӨК субъектісінің учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі.

3 Жеміс-жидек дақылдарының және

жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Кімге: ______________________________________________________________
(облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті
атқарушы органының толық атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің көпжылдық көшеттерін
өсіруге арналған субсидияларды алуға өтінім
Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың
көктемінде _______ гектар алаңға отырғызылған «_____» жылғы өсім
жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек)
көпжылдық көшеттеріне _________________________ теңге мөлшерінде
субсидия төлеуді сұраймын. (сомасы сандармен және жазбаша)

Деректер көзі*
Қажетті мәліметтер
Деректер
1
2
3
4
1.
Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң не Ұлттық почта операторының анықтамасы
жеке сәйкестендіру коды
бенефициар коды
банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:
бизнес-сәйкестендіру коды
корпоративтік шот
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
бенефициар коды
2.
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау актісі
нөмірі
толтырылған күні
дақыл
сорты
егу схемасы
алаңы
дақыл
сорты
егу схемасы
алаңы
дақыл
сорты
егу схемасы
алаңы
3.
Алдыңғы жылдары субсидияларды алғаны туралы куәландыратын құжаттар
нөмірі
берілген күні
сомасы (теңге)
4.
Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары
шот-фактура нөмірі
берілген күні
тіреуіш бағаналар сатушының атауы
тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы
тіреуіш бағаналар сатушының жеке сәйкестендіру коды
тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі
тіреуіш бағаналардың атауы
өлшем бірлігі
саны (көлемі)
қосылған құн салығымен бағасы (теңге)
барлық өткізу бағасы
5.
Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар
6.
Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары
нөмірі
жасасу күні
жабдықтар, материал сатушының атауы
жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы
жабдықтар, материал сатушының жеке сәйкестендіру коды
жабдықтардың, материалдың атауы
өлшем бірлігі
саны (көлемі)
қосылған құн салығымен бағасы (теңге)
барлық өткізу бағасы
Ескертпе: * өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.
Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы
Отырғызу алаңы, гектар
1 гектарға субсидия нормасы, теңге
Субсидиялар мөлшері, теңге (3-баған
х 4-баған)
1
2
3
4
5
Жиыны
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ___________ ___________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болған жағдайда)
Бас бухгалтер (бар болса) ______________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр орны (бар болса) 20__ жылғы «___» ______________
Өтiнiм 20__жылғы «___» ____________қарауға қабылданды.
_________________ ___________________________________________________
(қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты,
әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта
бар болған жағдайда)
---------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Талон
№ _______________________
Өтінім қарастыруға 20__ жылғы «__» ______ _______ сағат ___ минутта қабылданды.
_________________________________________________________ __________
(өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты,(бар болған жағдайда)

4 Жеміс-жидек дақылдарының және

жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды
зерттеп-қараудың, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігінің
20 жылғы « » №
актісі
Біз төменде қол қойған ________________ облысы (республикалық маңызы бар қаланың)
________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының
(бұдан әрі – комиссия) мүшелері, мынадай құрамда:
комиссия төрағасы ___________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері_____________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің қызметкері______________
___________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
ауылдық округ әкімі _________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
ғылыми ұйымның өкілі ________________________________________________
___________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(агроөнеркәсіптік кешен субъектісі)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
көпжылдық көшеттерді отырғызудың жүзеге асырылғаны туралы осы актіні жасадық.
Отырғызылған бақ/жүзімдік жұмыс жобасына сәйкес келеді/келмейді
(қажеттісінің астын сызу керек)
Комиссия төрағасы ______________________________
(қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық)
ауыл шаруашылығы
бөлімінің қызметкері ______________________________
(қолы)
аудандық (қалалық)
жер қатынастары
бөлімінің қызметкері _________________________________
(қолы)
ауылдық округ әкімі ______________________________
(қолы)
ғылыми ұйымның өкілі ______________________________
(қолы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________
(қолы)
агроөнеркәсіптік кешен субъектісі ______________________________
(қолы, мөрі)

5 Жеміс-жидек дақылдарының және

жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру (оның ішінде
қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қараудың
20 жылғы « » №
актісі
Біз төменде қол қойған ________________ облысы (республикалық маңызы бар қаланың)
________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық
комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері, мынадай құрамда:
комиссия төрағасы ___________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері_____________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің қызметкері _____________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
ауылдық округ әкімі _________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
ғылыми ұйымның өкілі ________________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(агроөнеркәсіптік кешен субъектісі)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ гектар алқапта _______________________________________
(дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
20__ жылдың күзінде және (немесе) 20 жылдың көктемінде отырғызылған
«__» өсу жылындағы көпжылдық көшеттердің өсірілуі жүзеге асырылғаны
туралы осы актіні жасадық.
Комиссия төрағасы ______________________________
(қолы)
комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері __________________________
(қолы)
аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің қызметкері ___________________________
(қолы)
ауылдық округ әкімі ______________________________
(қолы)
ғылыми ұйымның өкілі ______________________________
(қолы)
қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________
(қолы)
агроөнеркәсіптік кешен субъектісі ______________________________
(қолы, мөрі)

6 Жеміс-жидек дақылдарының және

жүзімнің көпжылдық көшеттерін
отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Субсидияларды пайдалану туралы ақпарат

Суб­си­дия алушы­лар (Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы, ме­кен-жайы),
Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі /биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Да­қыл, сорт
1 гек­тар­ға ар­нал­ған кө­шет­тер са­ны, отыр­ғы­зу схе­ма­сы
Отыр­ғы­зу неме­се өсі­ру ала­ңы, гек­тар
1 гек­тар­ға ар­нал­ған суб­си­дия нор­ма­сы, тең­ге
Тө­лен­ген суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, мың тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы