Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа в Кызылординской области

Қаулы · № 39 · қабылданған 15.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90902/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа в Кызылординской области Қолданыста Қаулы ·№ 39 ·15.06.2015
15.06.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа в Кызылординской области

Қолданыста Қаулы ·№ 39 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа в Кызылординской области
Атауы (қаз.)
Қызылорда облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
39
Қабылданған күні
15.06.2015
Көрсетілген редакция
15.06.2015 90902_15322.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15L0005026
ЭКБ идентификаторы
90902
Редакция идентификаторы
90902_15322
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:35

0 Қызылорда облысында

тауарлық және сұйытылған
мұнай газын тұтыну
нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.  Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.

2 2. «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «15» маусымдағы № 39
қаулысына қосымша
Қызылорда облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары

Шарттар сипаттамасы
Өлшем
бірлігі
Бір адамға
орташа айлық тұтыну нормасы
1
2
3
4
1.
Газбен жабдықтаған кезде тұрмыстық тұтынушыларда газ плитасы немесе орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда:
тауарлық газымен
бір адамға текше метр
10
2.
Газбен жабдықтаған кезде тұрмыстық тұтынушыларда газ плитасы және газ су қыздырғыш болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда):

1 1) тауарлық газымен

бір адамға текше метр
18,5

2 2) сұйытылған мұнай газымен

10,8
3.
Газбен жабдықтаған кезде тұрмыстық тұтынушыларда газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газ су қыздырғыш болмаған жағдайда:

1 1) тауарлық газымен

бір адамға текше метр
12,5

2 2) сұйытылған мұнай газымен

10,8
4.
Ғимараттарды жеке жылыту:
тауарлық газымен
бір шаршы метр жылыту алаңына текше метр
9,6
Ескертпе: «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 1 - бабы 38 - тармақшасына сәйкес тұтыну нормасы - есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық немесе сұйытылған мұнай газының орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама.

Қолданыстағы