Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий
- Атауы (қаз.)
- Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/227
- Қабылданған күні
- 25.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2015 90955_62334.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15B0004835
- ЭКБ идентификаторы
- 90955
- Редакция идентификаторы
- 90955_62334
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:58
0 Субсидияланатын тыңайтқыштардың
түрлерін және субсидиялардың
нормаларын белгілеу туралы
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштар жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары.
2
2. «Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № А-6/276 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4258 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 12 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
4 4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2015 жылғы 25 05
5 Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ А-6/227
қаулысына 1-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары
Рет №
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері
Өлшем
бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке субсидиялар нормасы, теңге
1
Аммофос (N-10%;P2О5-46%)
тонна
50
45 000
2
Аммиак селитрасы (N-34,4%)
тонна
50
28 900
3
«Б» маркалы «МЭРС» микротыңайтқышы
литр
50
5 000
4
Фосфорит ұны ( P2О5-17%)
тонна
50
8 210
5
Хлорлы калий (К2О5-42%; KCL-65%)
тонна
50
44 000
6
Түйіршіктелген күкіртқышқыл калий (К2О5-53%)
тонна
50
106 000
7
Супрефосазот-серосодержащий «Супрефос –NS»
тонна
50
43 500
8
Калий Нитраты YaraLivaCalcinit
тонна
50
89 000
9
KristalonCucumber 14-11-31
тонна
50
260 500
10
KristalonSpecial 18-18-18
тонна
50
218 000
11
KristalonRed 12-12-36
тонна
50
233 000
12
KristalonYellow 13-40-13
тонна
50
254 500
13
Қарапайым суперфосфат (Р-15%;К2О-2%)
тонна
50
21 281
6 Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ А-6/227
қаулысына 2-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштар жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары
Рет №
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке субсидиялар нормасы,
теңге
1
Карбамид (N-46,3%)
тонна
30
28 200
2
Аммоний сульфаты (N-21%)
тонна
30
17 700
3
Нитроаммофоска (N15:Р15:К15)
тонна
30
36 000
4
Нитроаммофоска (N16:Р16:К16)
тонна
30
38 100
5
Аммиак селитрасы (N-34,4%)
тонна
30
20 700
6
Аммофос (N-10%; P2О5-46%)
тонна
30
37 500
7
Нутривант Плюс Зерновой
килограмм
30
450
8
Нутривант Плюс Масличный
килограмм
30
450
9
Нутривант Плюс Картофель
килограмм
30
450
10
Нутривант Плюс Рис
килограмм
30
450
11
Нутривант Универсальный
килограмм
30
450