Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учета геологической, гидрогеологической, инженерно-геологической, геофизической, эколого-геологической и геохимической изученности территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 410 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-90977/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил учета геологической, гидрогеологической, инженерно-геологической, геофизической, эколого-геологической и геохимической изученности территории Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 410 ·31.03.2015
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учета геологической, гидрогеологической, инженерно-геологической, геофизической, эколого-геологической и геохимической изученности территории Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 410 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учета геологической, гидрогеологической, инженерно-геологической, геофизической, эколого-геологической и геохимической изученности территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
410
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
29.06.2018 90977_333218.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011404
ЭКБ идентификаторы
90977
Редакция идентификаторы
90977_333218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:41

0 Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидалары бекітілсін;

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

1 1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 12 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 27 сәуір

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 410 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидалары

1

1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялы-геологиялық және геохимиялық зерттелуін есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 – бабының 32–10) тармақшасына сәйкес әзірленді және геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялы-геологиялық және геохимиялық зерттеу түрлерімен жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды есепке алу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – зерттелуді есепке алу).

2 2. Зерттелуді есепке алу мынадай мақсатта жүзеге асырылады:

геологиялық қорларда сақталатын есептік геологиялық материалдарды тиімді іздеуді қамтамасыз ету;
жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың қайталануын айқындау және болдырмау;
Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын геологиялық зерттеуді жоспарлау және жедел басқару.

3 3. Есепке алуға жатады:

Геологиялық жумыстар:
өңірлік геологиялық түсіру жұмыстары;
парақтық геологиялық түсіру;
алаңдарды геологиялық жете зерттеу;
терең геологиялық карталау;
әуе-суреттік-геологиялық карталау;
ғарыш суреттік-геологиялық карталау;
пайдалы қазбаларды іздеуге бағытталған геологиялық зерттеулер;
тақырыптық зерттеулер.
Гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және кешенді жұмыстар:
гидрогеологиялық түсірулер;
инженерлік-геологиялық түсірулер;
ширек шөгінділерге дейінгі геологиялық түсіруді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
инженерлік-геологиялық түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
ширек шөгінділерді геологиялық түсіруді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
инженерлік-геологиялық және ширек шөгінділерді түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
ширек шөгінділерге дейінгі және ширек шөгінділерді инженерлік-геологиялық түсірулерді жүргізумен гидрогеологиялық түсірулер;
гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жете зерттеу және бұрын зерттелген аумақтарды қайта түсіру.
Геофизикалық жұмыстар:
гравибарлау;
жерүсті магнитті барлау;
әуе-магниттік барлау;
электрлік барлау;
сейсмобарлау;
геохимиялық зерттеулер.
Экологиялық-геологиялық жұмыстар:
Әртүрлі бағыттағы экологиялық-геологиялық жетте зерттеу (геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық);
геологиялық-барлау жумыстары барысындағы қосымша экологиялық-геологиялық зерттеулер;
мамандырылған экологиялық-геологиялық зерттеулер, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық мекемелер аудандарында картаға түсіру;
геологиялық жағдайды мониторингілеу.
Геохимиялық жұмыстар:
геологиялық - түсіру жұмыстар алаңдарын дайындау үшін озық геохимиялық жұмыстар;
көп нысаналы геохимиялық картаға түсіру;
пайдалы қазбалар кен орындарын геохимиялық іздеу.

4 4. Есепке алынуға тиіс жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыстардың нәтижелері жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелері туралы есептер түрінде (бұдан әрі – есеп) ресімделеді.

5 5. Аумақ бойынша зерттелуді есепке алуды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Қазгеоақпарат» РГАО) жанындағы республикалық геологиялық ақпарат қоры Қазақстан Республикасы аумағында зерттелуді есепке алу жөніндегі деректерді жинауды жүзеге асырады.

6 6. Аумақтық бөлімшелер жыл сайын 15 шілдеде ағымдағы жылдың 01 қаңтарынан 30 маусымына дейінгі кезең бойынша зерттелудің барлық түрлерінің жарты жылдық толтырылуы жөніндегі тікелей материалдарды «Қазгеоақпарат» РГАО-ға ұсынады.

7

7. «Қазгеоақпарат» РГАО жыл сайын 30 шілдеге дейінгі мерзімде аумақтық органдардан келіп түскен зерттелудің барлық түрлерінің жарты жылдық толтырылуы жөніндегі тікелей материалдарды жинақтап қорытындылайды, өткен жарты жылдың қорытындылары бойынша ақпараттық анықтаманы ресімдейді, оған кестелік материалдарды қосып, көрсетілген ақпараттық материалдарды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Қолданыстағы