Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов по делам государственной службы и противодействию коррупции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов по делам государственной службы и противодействию коррупции
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 08.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2024 91004_709437.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011377
- ЭКБ идентификаторы
- 91004
- Редакция идентификаторы
- 91004_709437
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:07
0 Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарының ерекше
үй-жайларына арналған алаңдардың
заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған
алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаментінің Жоспарлау және қаржы-шаруашылық басқармасы:
1 1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін;
3 3) осы бұйрықтың іске асырылуын тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырсын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 12 мамыр
8 Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 154
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған
алаңдардың заттай нормалары
№
Үй-жайдың атауы
Өлшем бірлігі
Үй-жайдың алаңы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
орталық аппараты
1
Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай
1 аттестатталған қызметкерге
шаршы м.
0,2 дейін
2
Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай
шаршы м.
36 дейін
3
Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай
шаршы м.
18 дейін
4
Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге арналған кабинет
шаршы м.
18 дейін
5
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай
шаршы м.
36 дейін
6
Құпиялық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай
шаршы м.
56 дейін
7
Полиграфиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет
шаршы м.
20 дейін
8
Консультациялық орталық
шаршы м.
75 дейін
9
Физикалық дайындық үй-жайы
шаршы м.
400 дейін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
аумақтық бөлімшелері
1
Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай
1 аттестатталған қызметкерге
шаршы м.
0,2 дейін
2
Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай
шаршы м.
40 дейін
3
Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай
шаршы м.
25 дейін
4
Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге арналған кабинет
шаршы м.
35 дейін
5
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай
шаршы м.
40 дейін
6
Құпиялық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай
шаршы м.
50 дейін
7
Полиграфиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет
шаршы м.
30 дейін
8
Физикалық дайындық үй-жайы
шаршы м.
225 дейін