Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан в качестве индивидуальных предпринимателей

Бұйрық · № 249 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91013/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан в качестве индивидуальных предпринимателей Қолданыста Бұйрық ·№ 249 ·27.02.2015
15.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан в качестве индивидуальных предпринимателей

Қолданыста Бұйрық ·№ 249 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан в качестве индивидуальных предпринимателей
Атауы (қаз.)
Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
249
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
15.07.2025 91013_775019.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011209
ЭКБ идентификаторы
91013
Редакция идентификаторы
91013_775019
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:20

0 Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 117) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

2 2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;

3 3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны;

4 4) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 24 сәуір

1 Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
1-қосымша
Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға
қоса беру үшін мәліметтер нысаны
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер»
Индексі: 1-КТТ
Кезеңділік: біржолғы
Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік агенттіктердің қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік агенттіктер қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде
№ п/п
Туризмнiң ұйымдық нысандары
Кеңсенің орналасқан жері
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
шығу туризмі
келу және/немесе ішкі туризм
мекен-жайы
иә/жоқ
1
2
3
4
5
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы ___________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
_______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр басатын орын
_______________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

1.1 «Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Турагенттік қызметтің
басталғаны туралы
хабарламаға қоса беру үшін
мәліметтер нысанына
қосымша
«Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1.1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2.2-бағанда шығу туризмінің ұйымдық нысаны көрсетіледі.
3.3-бағанда келу/ішкі туризмінің ұйымдық нысаны көрсетіледі.
4.4-бағанда кеңсенің мекенжайы көрсетіледі.
5.5-бағанда Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы көрсетіледі: иә__ / жоқ__.

2 Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер»
Индексі: 1-КТГ
Кезеңділік: біржолғы
Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік гид қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік гид қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде
№ п/п
Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)
Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері)
1
2
3
Телефон ____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________
Орындаушы ________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
___________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр басатын орын ___________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

2.1 «Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Қазақстан Республикасында
дара кәсіпкер ретінде қызметін
жүзеге асыратын гид қызметінің
басталғаны туралы хабарламаға
қоса беру үшін мәліметтер
нысанына қосымша
«Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).
3. 3-бағанда ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері) көрсетіледі.

3 Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет нысаны

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет нысаны
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет»
Индексі: 1-КТЭ
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік экскурсовод қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік экскурсовод қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде
№ п/п
Экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)
1
2
Телефон ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы _____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр басатын орын ____________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

3.1 «Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Қазақстан Республикасында
дара кәсіпкер ретінде қызметін
жүзеге асыратын экскурсовод
қызметінің басталғаны туралы
хабарламаға қоса беру
үшін мәлімет нысанына
қосымша
«Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1.1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).

4 Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 249 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер нысаны
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурстарда орналастырылған: www.tsm.gov.kz и www.elisence.kz
Әкімшілік деректеркөздер нысанының атауы: «Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер»
Индексі: 1-КТИ
Кезеңділік: біржолғы
Есепті кезең: __ күн __ ай ____ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туризм нұсқаушысы қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде
№ п/п
Қызметтерді көрсететін өңір (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды)
Туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі
1
2
3
Телефон ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Орындаушы __________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр басатын орын ______________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

4.1 «Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Қазақстан Республикасында
дара кәсіпкер ретінде қызметін
жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы
қызметінің басталғаны туралы
хабарламаға қоса беру үшін
мәліметтер нысанына
қосымша
«Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда қызметтерді көрсететін өңір көрсетіледі (ӘАОЖ бойынша орналасқан жерінің коды).
3. 3-бағанда туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі көрсетіледі.

Қолданыстағы