Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда"

Бұйрық · № 4-1/379 · қабылданған 28.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91019/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда" Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-1/379 ·28.04.2015
25.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 4-1/379 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование стоимости затрат на закладку и выращивание (в том числе восстановление) многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда"
Атауы (қаз.)
"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-1/379
Қабылданған күні
28.04.2015
Көрсетілген редакция
25.05.2020 91019_467120.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011278
ЭКБ идентификаторы
91019
Редакция идентификаторы
91019_467120
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:16

0 «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 6 мамыр

1 «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 4-1/379 бұйрығымен
бекітілген
«Жеміс-жидек дақылдарының және
жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның iшiнде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының

10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталға көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім бар хабарлама жіберіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8 8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы

13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанында өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің екінші вегетациясын – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетациясын – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетациясын – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың «Апорт» сортын өсіруге (күтіп-баптауға) субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінім береді.
Өтінімнің қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебенің көрінуі растайды.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мыналардың:

1 1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

2 2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414,
8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда талонның нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13 13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы (1414,

8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1 1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары» кіші бөлімінде;

2 2) порталда;

3 3) тиісті қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

15 15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

16

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

1.1 Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға өтінім

«Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың
көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға
өтінім
Кімге:___________________________________________________________________
(облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың,
ауданның жергілікті атқарушы органының толық атауы)
Кімнен:__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде өндірілген
жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық
екпелерін _______ гектар алаңға отырғызуға _________________________________
теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сомасы сандармен және жазбаша)

Де­ректер кө­зі
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер
Де­ректер
1
2
3
4
1.
Заң­ды тұл­ға үшін – заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се анық­та­ма
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
тір­кеу нө­мі­рі
тір­кел­ген кү­ні
ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні
кім бер­ді
2.
Же­ке тұл­ға үшін – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
кім бер­ді
бе­рі­л­ген кү­ні
же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
3.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рі үшін – мем­ле­кет­тiк тiр­кеу (қай­та тiр­кеу) ту­ра­лы ку­әлiк неме­се анық­та­ма*
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
тір­кеу нө­мі­рі
тір­кел­ген кү­ні
ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні
кім бер­ді
суб­си­дия ти­е­сі­лі ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­ти­ві мү­ше­сі­нің ата­уы
суб­си­дия ти­е­сі­лі ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­ти­ві мү­ше­сі­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі /биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
4.
Жер учас­кесiне сәй­кестен­дi­ру және (неме­се) құқық бел­гiлей­тiн құ­жат
ак­ті­нің нө­мі­рі
ка­дастр­лық нө­мі­рі
бар­лық алаң, гек­тар
оның ішін­де егі­стік
ны­са­на­лы мақ­са­ты
сәй­кестен­ді­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
жер учас­ке­сі ие­сі­нің неме­се жер­ді пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
5.
Ағым­да­ғы шот­тың бар екен­дi­гi ту­ра­лы екін­ші дең­гей­де­гі банк­тiң не Ұлт­тық поч­та опе­ра­то­ры­ның анық­та­ма­сы
же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі /биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
бе­не­фи­ци­ар ко­ды
банк­тің неме­се поч­та опе­ра­то­ры­ның де­ректе­ме­ле­рі:
банк­тің неме­се поч­та опе­ра­то­ры­ның ата­уы:
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру ко­ды
же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
бе­не­фи­ци­ар ко­ды
6.
Бақ­тар­ды және (неме­се) жи­дек­тіктер­ді және (неме­се) жү­зім­ді отыр­ғы­зу үшін бе­кі­ті­л­ген жұ­мыс жо­ба­сы
нө­мі­рі
кү­ні
7.
Жұ­мыс жо­ба­сын әзір­ле­у­ге жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс және шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры)
нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
кім әзір­ле­ді
әзір­ле­у­ші ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
әзір­ле­у­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу құ­ны
8.
Отыр­ғы­зу ма­те­ри­ал­да­рын са­тып алу­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс-шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры)
шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лын са­ту­шы­ның ата­уы
отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лын са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лын са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк құ­жат­тың нө­мі­рі
да­қыл, сор­ты
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу құ­ны
9.
Ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды са­тып алу­ға және ор­на­ту­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс-шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры) (ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды са­тып алу қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді)
шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы­ның ата­уы
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк құ­жат­тың нө­мі­рі
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу құ­ны
10.
Там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сі­нің құ­ры­лы­сы­на жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс-шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры) (там­шы­лап су­а­ру жүй­е­сін са­тып алу қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді)
шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
жаб­дық са­ту­шы­ның ата­уы
жаб­дық са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
жаб­дық са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк құ­жат­тың нө­мі­рі
жаб­дық ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу құ­ны
11.
Жүр­гі­зі­л­ген тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды рас­тай­тын құ­жат­тар
12.
Са­тып алу-са­ту және (неме­се) қар­жы­лық ли­зинг шар­тта­ры
нө­мі­рі
шарт жа­сал­ған күн
жаб­дық, ма­те­ри­ал са­ту­шы­ның ата­уы
жаб­дық, ма­те­ри­ал са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
жаб­дық, ма­те­ри­ал са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
жаб­дық­тың, ма­те­ри­ал­дың ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу ба­ға­сы
бе­рі­л­ген кү­ні
кім бер­ді
13.
Же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры мен жү­зім­нің кө­шет­те­рін өн­ді­ру­ші бер­ген отыр­ғы­зу ма­те­ри­а­лы­на ар­нал­ған сорт­тық ку­ә­лік
ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
кім бер­ді
Ескертпелер:
* өтініш иесінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.
** жоғарыда көрсетілген кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қы­лы­ның ата­уы
Отыр­ғы­зу ала­ңы, гек­тар
1 гек­тар­ға суб­си­дия нор­ма­сы, тең­ге
Суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі, тең­ге (3-ба­ған х 4-ба­ған)
1
2
3
4
5
Жиы­ны
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
Электронды цифрлы қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Облыс басқармасы 20__ жылғы «__» _____ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

1.2 Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидиялар алуға арналған өтінім

«Жеміс-жидек дақылдарының
және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін өсіруге субсидиялар алуға арналған
өтінім
Кімге:___________________________________________________________________
(облыстың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың,
ауданның жергілікті атқарушы органының толық атауы)
Кімнен:_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
Маған 20 __ жылдың күзінде және (немесе) 20 __ жылдың көктемінде ___________
гектар алаңға отырғызылған «____» жылғы өсім жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің
(қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық екпелеріне
_________________________ теңге (сомасы сандармен және жазбаша)
мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

Де­ректер кө­зі
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер
Де­ректер
1
2
3
4
1.
Ағым­да­ғы шот­тың бар екен­дi­гi ту­ра­лы екін­ші дең­гей­де­гі банк­тiң не Ұлт­тық поч­та опе­ра­то­ры­ның анық­та­ма­сы
же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
бе­не­фи­ци­ар ко­ды
банк­тің неме­се Ұлт­тық поч­та опе­ра­то­ры­ның де­ректе­ме­ле­рі:
банк­тің неме­се Ұлт­тық поч­та опе­ра­то­ры­ның ата­уы:
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру ко­ды
кор­по­ра­тив­тік шот
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
бе­не­фи­ци­ар ко­ды
2.
Же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры­ның және жү­зім­нің кө­п­жыл­дық кө­шет­те­рін отыр­ғы­зу­ды зерт­теп-қа­рау ак­ті­сі
нө­мі­рі
тол­ты­ры­л­ған кү­ні
да­қыл
сор­ты
егу схе­ма­сы
ала­ңы
да­қыл
сор­ты
егу схе­ма­сы
ала­ңы
да­қыл
сор­ты
егу схе­ма­сы
ала­ңы
3.
Ал­дың­ғы жыл­да­ры суб­си­ди­я­лар­ды ал­ға­ны ту­ра­лы ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар
нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
со­ма­сы (тең­ге)
4.
Ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды са­тып алу­ға және ор­на­ту­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды рас­тай­тын (өті­нім бер­ген сәт­те) ба­стап­қы есеп және тө­лем құ­жат­та­ры (шот-фак­ту­ра­лар, кі­ріс-шы­ғыс кас­са­лық ор­дер­ле­рі және (неме­се) тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры
шот-фак­ту­ра нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы­ның ата­уы
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк­құ­жат­тың нө­мі­рі
ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­дың ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу құ­ны
5.
Жүр­гі­зі­л­ген тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды рас­тай­тын құ­жат­тар
6.
Са­тып алу-са­ту және (неме­се) қар­жы­лық ли­зинг шар­тта­ры
нө­мі­рі
жа­са­су кү­ні
жаб­дық­тар, ма­те­ри­ал са­ту­шы­ның ата­уы
жаб­дық­тар, ма­те­ри­ал са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
жаб­дық­тар, ма­те­ри­ал са­ту­шы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру ко­ды
жаб­дық­тар­дың, ма­те­ри­ал­дың ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­мен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу құ­ны
Ескертпе: * өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қы­лы­ның ата­уы
Өсі­ру ала­ңы, гек­тар
1 гек­тар­ға суб­си­дия нор­ма­сы, тең­ге
Суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі, тең­ге (3-ба­ған
х 4-ба­ған)
1
2
3
4
5
Жиы­ны
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
Электронды цифрлы қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Облыс басқармасы 20__ жылғы «__» _____ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

Қолданыстағы