Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений

Бұйрық · № 399 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91020/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений Қолданыста Бұйрық ·№ 399 ·31.03.2015
11.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений

Қолданыста Бұйрық ·№ 399 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений
Атауы (қаз.)
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
399
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
11.07.2023 91020_642408.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011312
ЭКБ идентификаторы
91020
Редакция идентификаторы
91020_642408
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:39

0 Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 8 мамырда

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 399 бұйрығымен
бекітілген
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 6-9) тармақшасына және 11-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау тәртібін белгілейді.

2 2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы:

1 1) күнтізбелік бір жыл ішінде тұтыну мөлшері бес жүз және одан көп тонна шартты отынға барабар үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңасын салу немесе қолданыстағыларын кеңейту (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындау кезінде;

2

2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс берушінің бастамасымен күнтізбелік бір жыл ішінде энергетикалық ресурстарды тұтыну мөлшері бес жүз тонна шартты отыннан кем үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындаған кезде айқындалады.
Жаңа үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың немесе кеңейтуден (реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден) өткен қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат салынған және пайдалануға берілген объектінің кадастрлық паспортының не объектіні пайдалануға қабылдау актісінің деректеріне сәйкес қабылданады және олар пайдалануға берілген сәттен бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.

3 3. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы жүргізілген энергия аудитінің қорытындылары бойынша айқындалады және энергия аудиті жүргізілген кезден бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.

2 2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптырын айқындау және қайта қарау тәртібі

4

4. Қолданыстағы үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері энергия тиімділігі сыныптарын айқындау үшін «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) сәйкес энергия аудиторлық ұйымдарғаэнергия аудитін жүргізу үшін жүгінеді.
Энергия аудиті нәтижелері бойынша үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпаратты қамтитын қорытынды беріледі.

5 5. Үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген кезде энергия тиімділігі сыныбын айқындау үшін:

1 1) тапсырыс беруші жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмасында қажетті энергия тиімділігі сыныбын көрсетеді;

2 2) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама тапсырмада көрсетілген энергия тиімділігі сыныбын ескере отырып, әзірленеді;

3

3) жобалау құжаттамасында белгіленген объектінің энергия тиімділігі сыныбы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында көрсетіледі.

6 6. Энергия тиімділігі сыныбы әрбір бес жылда бір реттен сирек болмай энергия аудитін жүргізу арқылы қайта қаралады.

7

7. Энергия тиімділігі сыныбы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы мемлекеттік нормативтер, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес айқындалады.

8 8. Энергия тиімділігі сыныбы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың кадастрлық паспортында көрсетіледі.

0 Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптары

Үйлердің,құрылыстардың,
ғимараттардың энергия тиімділігі
сыныптарын айқындау
және қайта қарау қағидаларына
қосымша
Кесте
Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптары
№ р/с
Энергия тиімділік сыныбының белгілеленуі
Энергия тиімділігі сыныбының атауы
Ғимаратты жылытуға және желдетуге арналған энергия тиімділік көрсеткішінің есептік (нақты) мәнінің нормативтік мәнінен ауытқу шамасы, %
1
A
өте жоғары
-51-ден төмен
2
B
жоғары
-16-дан-50-ге дейін
3
C
қалыптыдан жоғары
-6-дан -15-ке дейін
4
D
қалыпты
от -5 +5-ке дейін
5
E
қалыптыдан төмен
+6-дан +15-ке дейін
6
F
төмен
+16-дан +50-ге дейін
7
G
өте төмен
+51-ден жоғары

Қолданыстағы