Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм снабжения служебными животными Пограничной службы и Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Бұйрық · № 32 · қабылданған 05.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91025/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении норм снабжения служебными животными Пограничной службы и Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 32 ·05.05.2015
25.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм снабжения служебными животными Пограничной службы и Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 32 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм снабжения служебными животными Пограничной службы и Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
32
Қабылданған күні
05.05.2015
Көрсетілген редакция
25.04.2025 91025_756599.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011302
ЭКБ идентификаторы
91025
Редакция идентификаторы
91025_756599
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:09

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары бекітілсін.

2 2. ҰҚК Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. ҰҚК Шекара қызметі тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде қызметтік жануарларды сатып алуды кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы «__» ______
№___дана

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2015 жылғы
5 мамырдағы № 32 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара
қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен
жабдықтау нормалары

1 Р/с№

Бө­лім­ше ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Қыз­мет­тік жы­лы­қы
Оқу жыл­қы­сы
Ай­ғыр
Бие (ана­лық бас)
Құлын­дар
Үй­ре­ті­ле­тін жыл­қы
1 жас­қа дей­ін­гі
2 жас­қа дей­ін­гі
3 жас­қа дей­ін­гі
1.
Ше­ка­ра бө­лі­мі (бө­лім­ше­сі)
бас
20
-
-
-
-
-
-
-
2.
Оқу-жат­тығу –
үй­ре­ту
ка­ва­ле­ри­я­лық то­бы
(бө­лім­ше­сі)
бас
6
-
3
30
30
30
30
30
3.
Ше­ка­ра ака­де­ми­я­сы
бас
-
46
-
-
-
-
-
-
Ескертпелер:
1. Қызметтік жылқы – Шекара қызметінің мүддесі үшін қолданылатын жылқы.
2. Оқу жылқысы – белгіленген психологиялық және физиологиялық сапасы бар, оқу жүрісінде қолданылатын жылқы
3. Айғыр – асыл тұқымды жылқыны өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы.
4. Бие – асыл тұқымды жылқыны өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын ұрғашы жылқы.
5. Тай-құлындар – 3 жасқа дейінгі жылқы төлі.
6. Үйретілетін жылқы - 3 жастан 5 жасқа дейінгі жастағы бөлімшелерге арналған үйретуден (бастықтырудан), баптаудан өткен жылқылардың санаты.
7. Оқу-жаттығу-үйрету кавалерлік тобы (бөлімшесі) – функциясы асыл тұқымды жылқыларды өсіру, көбейту, үйрету және жылқы қызметінің мамандарын дайындау болып табылатын құрылымдық бөлімше.
8. Жылқының шекті жасы – 15 жыл.

2 Р/с №

Бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Өл­шем
бір­лі­гі
Ит­тер са­на­ты
Қыз­мет­тік ит
Асыл
тұқым­ды
Сап­тық
Кү­шік
1.
Ше­ка­ра бө­лі­мі
(бө­лім­ше)
бас
5
-
-
-
2.
Ше­ка­ра­лық
ба­қы­лау
то­бы
бас
6
-
-
-
3.
Кү­зе­ту бө­лім­ше­сі
(то­бы)
бас
6
-
-
-
4.
Ар­найы
мақ­сат­та­ғы ұт­қыр
іс-қи­мыл
бө­лім­ше­сі (то­бы)
бас
4
-
-
-
5.
Ки­но­лог
ма­ман­дар­ды
дай­ын­дау
бө­лім­ше­сі (то­бы)
бас
-
-
50
-
6.
Қыз­мет­тік
ит­тер­ді өсі­ру,
кө­бей­ту және
дай­ын­дау бө­лі­мі
бас
-
50
150
150
7.
Ше­ка­ра
ака­де­ми­я­сы
бас
13
-
-
-
Ескертпелер:
1. Қызметтік ит – шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, белгілеу және жолын кесу, сондай-ақ құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, блоктау және өзге де әсер ету мақсатында шекара нарядтарын күшейтуге арналған ит.
2. Асыл тұқымды ит – асыл тұқымды иттерді өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын ит.
3. Саптық ит – арнайы дайындық (жаттықтырылады) курсын өтпеген ит, сонымен қатар іздеу иттердің нұсқаушыларын дайындау бойынша оқу бөлімшелерінде, жетекшілерді дайындау бойынша жиындарда оқудағы ит, сондай-ақ бөлімшелер жанында жаттықтырылатын ит.
4. Күшік – жасы 6 айға дейінгі жас ит.
5. Иттің шекті жасы – 8 жыл 3 ай.

Қолданыстағы