Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Бұйрық · № 339 · қабылданған 12.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91111/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 339 ·12.05.2015
21.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 339 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
339
Қабылданған күні
12.05.2015
Көрсетілген редакция
21.09.2018 91111_361348.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011336
ЭКБ идентификаторы
91111
Редакция идентификаторы
91111_361348
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:06

0 Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерiстер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрықтар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 12 мамырдағы
№ 339 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1

1. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 432-ө бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7373 болып тiркелген, 2012 жылғы 12 маусымда № 96 (2278) «Заң газеті» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығындағы (3-шығарылым):
«Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары» деген 2-бөлімнің 89-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
« 89. Экскаватор-тиегіш машинисі
Жұмыс сипаттамасы:
автомобиль жолдарын және теміржолдар, суару және кеме жүретін арналарды, қоршайтын жер дамбаларын, ғимараттар мен құрылыстардың астына қазаншұңқырлар қазу, электр беру желілері мен байланыс желісінің тіректерін, жер асты коммуникациялары үшін траншеялар, су бұрғыш кюветтер, таулық жыра және забанкетті жыралар және басқа да ұқсас құрылыстарды салу кезінде ойықтар, үйінділер, резервтер, кавальерлер және банкеттер жасау барысында топырақты дайындау және тасу;
кәріз жүйелерін салу және қайта жөндеу;
су және электрмен жабдықтау желілерін салу үшін каналдар қазу және көму;
жер қазу жұмыстары;
қазу, траншеяларды ашу, үгіту, жоспарлау;
жол құрлысы;
жол салу және ескірген жол төсемдерін қайта жөндеу;
ауылшаруашылық жұмыстары;
саз топырақты жерлерді өңдеу, материалдарды тиеу, траншеялар қазу, түрлі топырақ және тау жыныстарын түсіру және қайта өңдеу;
ұңғыма айналасындағы аумақты тазалау және аумақты жоспарлау жұмысына қатысу;
самосвалдарға иленген топырақты тиеу және ауыстырып тиеу;
ағаш еккен кезде, сондай-ақ гидробұрғымен құдықтар қазған кезде қада, тіреу орнату;
жолы қиын жерлерде грейферді пайдалану;
құтқару және бөлшектеу жұмыстарында гидравликалық қайшымен жұмыс істеу;
көше тазалау;
жанар-жағармай материалдарын құю;
қозғаушы механизмдерді сынақтан өткізу;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, арқандардың беріктігін, қозғалтқыш тіреулерін, тежегіш қондырғыларын бақылау;
профилактикалық тексерулер мен басқа да жөндеу түрлеріне қатысу;
белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу;
аспалы құрал-жабдықтарды ауыстыру жұмыстары (грейфер, гидравликалық қайшы, гидробұрғы және т.б);
жүк тиеу, түсіру, орнын ауыстырып қабаттап тізу және үйіп қою кезінде тракторлық экскаватор-тиегішті, вагонға жүк тиегішті, түсіргішті және барлық арнайы жүк көтеруші механизмдер мен құралдарды басқару;
сусымалы материалдар, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды тиеу;
экскаватор-тиегішке техникалық қызмет көрсету және оның барлық механизмдерін ағымдағы жөндеу жұмыстары;
экскаватор-тиегіштің жұмысындағы ақауларды анықтау;
алмалы-салмалы жүк қармағыш механизмдер мен құралдарды орнату және ауыстыру;
экскаватор-тиегішті, жүк қармағыш механизмдер мен құралдарды алдын-ала жоспарлы жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін экскаватор-тиегіштің құрылысы мен техникалық сипаттамасы;
механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарының жұмыс істеу принциптері;
ашық тау-кен жұмыстары бойынша негізгі мәліметтер, өлшеу құралдары мен автоматты құрылғылардың мақсаты мен жұмыс істеу принциптері;
көлікпен құбыр төсеу жұмыстары өндірісінің ережелері, қазу тереңдігі әртүрлі орындардағы топырақтың әртүрлі санаттарын қазу тәсілдері, белгіленген профильдер мен межелерді сақтай отырып, топырақты қазу жұмыстары;
тез тозатын бөлшектер мен тораптар түрлерін, оларды ауыстыру тәртібін, ақаулардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері;
экскаватор-тиегіш пен аккумуляторлық батарея құрылысы;
көліктің барлық түрлерімен жүк тиеу және түсіру тәсілдері;
жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және орналастыру ережелері;
жол қозғалысы ережелері, өндіріс аумағында және бекет маңындағы жерлерде қозғалу ережелері;
пайдаланатын жанар-жағармай материалдарының сұрыптары;
аккумулятор өндірісінің негізгі материалдарының атаулары;
қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережелері.
2 мамандық бойынша (экскаватор машинисі және жүк тиегіш көлік жүргізушісі) біліктілігі болуы қажет. Біліктілік разряды атқарылатын жұмыстың үлес салмағын ескере отырып, негізгі жұмысы бойынша беріледі.
Шөмішінің сыйымдылығы 0,15 м2 дейінгі бір шөмішті экскаваторды басқарған кезде – 4-разряд.
Шөмішінің сыйымдылығы 0,15-тен 0,4 м2 дейінгі бір шөмішті экскаваторды және өнімділігі 1000 м2/сағ. болатын роторлық экскаваторды (арық қазғыш пен траншеялық) басқарған кезде – 5-разряд.
Шөмішінің сыйымдылығы 0,4-тен 1,25 м2 (тек қана) дейінгі бір шөмішті экскаваторды және өнімділігі 2500 м2/сағ. (тек қана) болатын роторлық экскаваторды басқарған кезде – 6-разряд.
Шөмішінің сыйымдылығы 1,25-тен 0,4 м2 (тек қана) дейінгі бір шөмішті экскаваторды, өнімділігі 2500-ден 4500 м2/сағ. (тек қана) болатын роторлық экскаваторды басқарған кезде және тереңдігі 20-40 м (тек қана) болатын «топырақтағы қабырға» тәсілімен салынған құрылыста траншея қазу үшін автомобиль шассиіне орнатылған жоспарлағышты (УДС-110, УДС-117 типті) басқарған кезде – 7-разряд.
Шөмішінің сыйымдылығы 4-тен 9 м2 (тек қана) дейінгі бір шөмішті экскаваторды, өнімділігі 4500 м2/сағ. және одан артық болатын роторлық экскаваторды басқарған кезде және тереңдігі 40 м және одан асатын «топырақтағы қабырға» тәсілімен салынған құрылыста траншея қазу үшін автомобиль шассиіне орнатылған жоспарлағышты (УДС-110, УДС-114 типті) басқарған кезде – 8-разряд.
Қуаттылығы 73,5 кВт (100 л.с.) дейінгі трактор тиегіште жұмыс істеген кезде – 4-разряд.
Қуаттылығы 73,5 кВт жоғары (100 л.с. асатын) трактор тиегіште жұмыс істеген кезде және қуаттылығы 147 кВт (200 л.с.) дейінгі тиегішті бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа да машина ретінде пайдалана отырып, жұмыс істеген кезде – 5-разряд.
Қуаттылығы 147 кВт-тан (200 л.с. аса) 200 кВт (250 л.с.) дейінгі тиегішті бульдозер, скрепер, экскаватор және басқа да машина ретінде пайдалана отырып, жұмыс істеген кезде – 6-разряд.
Күрделі электрондық басқару жүйесімен, телескопиялық немесе алдыңғы стреласымен жабдықталған және ірі тонналық контейнерлерді тиеу мен түсіруге арналған қуаттылығы 200 кВт жоғары (250 л.с. асатын) жүк тиегіште жұмыс істеген кезде – 7-разряд.
7 – 8-разрядтарды беру үшін техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.».

2

2. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (6-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 318-ө-м бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7877 болып тiркелген, 2012 жылғы 30 қазанда № 163 (2345) «Заң газеті» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығындағы (6-шығарылым):
«Ұңғымаларды бұрғылау» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3-тараулармен толықтырылсын:
« 6-1. Вакуумдық қондырғы машинисі
50-1. Жұмыс сипаттамасы:
объектіде вакуумдық қондырғыны жұмысқа дайындау;
газды конденсатты, құйылған (өңделген) мұнай өнімдерін механикаландырылған жинау бойынша технологиялық процесті жүргізу және оларды кәдеге жарату орнына жеткізу;
вакуумдық сорғы жұмысының параметрлерін, мұнай құйылатын цистернаның, бақылау-өлшеу аспаптарының және қызмет көрсетілетін қондырғы мен автомобильдің барлық қосалқы механизмдерінің техникалық жай-күйін бақылау;
жабдықты, қондырғыны және автомобильді профилактикалық жөндеу, қондырғы жұмысын есепке алу журналын жүргізу;
автомобильді басқару, жанар-жағар май материалдарын және салқындатқыш сұйықтық құю.
50-2. Білуге тиіс:
мұнай және газ өндіру процесі туралы негізгі мәліметтерді;
мұнайдың, газды конденсаттың, құйылған мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін;
мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін;
ұңғыма сағасын тарту схемасын;
вакуумдық қондырғының, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережелерін;
атқарылатын жұмыстың көлеміндегі слесарлық істі, жол қозғалысы және автомобильдерді техникалық пайдалану ережелерін;
автомобильді пайдалану процесінде туындаған ақау себептері, оны анықтау және жою тәсілдері;
техникалық қызмет көрсету тәртібі мен автомобильдерді гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау ережелерін;
аккумуляторлық батареяларды және автомобиль шинасын пайдалану ережелерін;
автомобильдің жөндеуаралық жүруін ұлғайту тәсілдерін;
жаңа автомобильдерді және күрделі жөндеуден кейін жүргізу ережелерін;
қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін, ауа райы жағдайының автомобиль жүргізу қауіпсіздігіне әсерін;
жол-көлік оқиғаларын болдырмау тәсілдерін;
қызмет көрсетілетін қондырғы жұмысын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды толтыру ережелерін;
дала жағдайында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктерін.
Біліктілігі анағұрлым жоғары вакуумдық қондырғы машинисінің басшылығымен қызмет көрсету жұмыстары кезінде – 3-разряд (вакуумдық қондырғы машинисінің көмекшісі).
10 м3 қоса алғанда мұнай құйылатын цистерна сыйымдылығымен автомобиль шассиінде жөнделген вакуумдық қондырғыларға қызмет көрсету кезінде – 4-разряд.
10 м3-тан – 12м3 қоса алғанда мұнай құйылатын цистерна сыйымдылығымен автомобиль шассиінде жөнделген вакуумдық қондырғыларға қызмет көрсету кезінде – 5-разряд.
12 м3 жоғары мұнай құйылатын цистерна сыйымдылығымен автомобиль шассиінде жөнделген вакуумдық қондырғыларға қызмет көрсету кезінде – 6-разряд.
Ескертпе:
ұйымда автомобильдерге мамандандырылған техникалық қызмет көрсету қызметі болмаған кезде басқарылатын автомобильді жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының барлық кешенін орындаған жағдайда вакуумдық қондырғы машинистері бір разрядқа жоғары тарифтеледі.
50-3. Техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
6-2. Колтюбингтік қондырғының машинисі
50-4. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс процестерінде және ұңғымалардағы технологиялық операциялар жүргізу кезінде қондырғыға қызмет көрсету;
қондырғыны жұмысқа дайындау;
автомобиль, энергетикалық блок жұмысының режимдерін және басқа да қондырғы қалыптастыру жүйелерін бақылау мен басқару;
тіркеуші мен қондырғы механизмдерінің дұрыс жұмыс істеуін бақылау;
қондырғының электр жабдығына қызмет көрсету;
қондырғы жұмысын есепке алу журналын жүргізу;
автомобильді немесе тракторды басқару, оларға жанар-жағар май материалдарын және салқындатқыш сұйықтық құю;
жұмыс ауысымы басында қондырғының техникалық жай-күйін тексеру және оны қабылдау;
қосалқы, монтаждау және демонтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қондырғының гидравликалық манипуляторын басқару;
дайындық, монтаждау, демонтаждау жұмыстарына қатысу және қондырғының қосалқы механизмдеріне қызмет көрсету;
қондырғының механизмдерін, автомобильді, тракторды ағымдағы жөндеу өндірісі;
қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде туындаған, механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін ұсақ ақауларды жою.
50-5. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін құрылғы агрегаттарының, механизмдерінің және аспаптарының мақсатын, құрылысын, жұмыс принципін;
жол қозғалысы ережелерін;
колтюбингтік қондырғының, қолданылатын механизмдердің, айлабұйымдардың техникалық сипаттамасын және оларды пайдалану ережелерін;
дала жағдайында автомобильге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ерекшеліктерін;
қондырғыға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік және жүк көтеретін механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптарын;
мұнай және газ, басқа да пайдалы қазбалар өндірудің технологиялық процесін;
ұңғымалар конструкциясын;
күрделі, ағымдағы жөндеудің технологиялық процесін және түрлерін;
жанар-жағар май материалдарының маркаларын және сұрыптарын;
электротехника негіздерін және орындалатын жұмыс көлемінде слесарлық істі;
қозғалтқыш, трансмиссия және жүк көтеретін механизмдердің жүріс бөлігін жөндеу тәсілдерін.
Тереңдігі 1500 м дейінгі ұңғымалар күрделігі жағынан І-санаттағы ұңғымаларда жерасты және күрделі жөндеу кезінде – 5-разряд.
Тереңдігі 1500 м асатын және күрделігі ІІ-санаттағы ұңғымаларда, тереңдігіне қарамастан еңістік-бағыттық ұңғымаларда және күрделі геологиялық жағдайдағы ұңғымаларда жерасты және күрделі жөндеу кезінде – 6-разряд;
Тереңдігі 3000 м асатын және одан терең ІІ-санаттағы ұңғымаларда жерасты және күрделі жөндеу кезінде – 7 -разряд.
50-6. Техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
6-3. Свабирлеуші агрегат машинисі
50-7. Жұмыс сипаттамасы:
жаңа өндіруші ұңғымаларды және консервациядан немесе жоюдан шығарылған ұңғымаларды игеру кезінде, сондай-ақ қолданыстағы ұңғымалар дебитін ұлғайту кезінде флюидтер ағынын шақыру мен интенсификациялау процесінде, свабирлеуші агрегатқа қызмет көрсету;
свабирлеуші агрегатты жұмысқа дайындау;
свабирлеуші агрегатты дайындау, монтаждау және демонтаждау жұмыстарына, таль жүйесін жабдықтауға, қосалқы механизмдерді монтаждау мен қызмет көрсетуге қатысу;
жүк түсіру-көтеру операциялары кезінде жүк шығырды басқару;
свабирлеуші агрегатта орналастырылған күштік электр генераторын басқару, автомобильдің, және энергетикалық блоктың және свабирлеуші агрегатты қалыптастырудың басқа да жүйелері жұмысының режимдерін бақылау және басқару;
ұңғыма сағасын жабдықтау бойынша жұмыстарға қатысу;
свабирлеуші агрегат механизмдерінің ақаусыздығын бақылау, свабирлеуші агрегат жұмысын есепке алу журналын жүргізу;
автомобиль немесе трактор басқару, оларға жанар-жағар май материалдарын және салқындатқыш сұйықтық құю;
жұмыс ауысымы басында қондырғының техникалық жай-күйін тексеру және оны қабылдау;
қондырғының механизмдерін, автомобильді, тракторды ағымдағы жөндеу өндірісі;
қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде туындаған, механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін ұсақ ақауларды жою.
50-8. Білуге тиіс:
мұнай және газ, басқа да пайдалы қазбалар өндірудің технологиялық процесін;
ұңғымалар конструкциясын;
ұңғымаларды игерудің технологиялық процесін және жұмыс түрлерін;
трактор-жүк көтергішті, жылжымалы агрегатты, қолданылатын механизмдерді, айлабұйымдарды, таль жүйелерінің техникалық сипаттамасын және оларды пайдалану ережелерін;
жанар-жағар май материалдарының маркаларын және сұрыптарын;
электротехника негіздерін және орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарлық істі;
қозғалтқыш, трансмиссия және жүк көтеретін механизмдердің жүріс бөлігін жөндеу тәсілдерін;
жол қозғалысы ережелерін;
қондырғыға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік және жүк көтеретін механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптарын.
Тереңдігі 1500 м қоса алғанда ұңғымаларды свабирлеу кезінде – 5-разряд;
Тереңдігі 1500 м асатын ұңғымалар күрделігі жағынан ІІ-санаттағы ұңғымаларда, тереңдігіне қарамастан еңістік-бағыттық ұңғымаларда және күрделі геологиялық жағдайдағы ұңғымаларда жерасты және күрделі жөндеу кезінде – 6-разряд.
50-9. Техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.»;
«Мұнай мен газ өндіру» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 27-1-тараумен толықтырылсын:
« 27-1. Ұңғымаларды парафинсіздеу үшін жылжымалы агрегат машинисі
109-1. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды парафинсіздеу үшін жылжымалы агрегатты объектідегі жұмысқа дайындау;
мұнай ұңғымаларын, траптарды, өлшегіштерді, манифольдтарды және ыстық мұнайдың басқа да технологиялық жабдығын парафинсіздеу бойынша технологиялық процесті жүргізу;
қыздырусыз және қыздырғыш арқылы өтпей ұңғымаларды парафинсіздеу үшін жылжымалы агрегатқа технологиялық сұйықтық бере отырып басу, шаю және басқа да жұмыстар жүргізу;
техникалық мақсатта ыстық сумен жабдықтау үшін су қыздыру мен айдау;
ұңғымаларды парафинсіздеу үшін жылжымалы агрегатты автоцистерналармен, өнеркәсіптік технологиялық қондырғылармен, ұңғыма сағасымен байламдау;
ұңғымаларды парафинсіздеу кезінде жабдық орналастыру схемасына сәйкес ұңғыма сағасында ұңғымаларды парафинсіздеу үшін жылжымалы агрегатты орнату;
ыстық мұнаймен парафинсіздеу үшін желілерді салу, техникалық мақсатта ыстық сумен жабдықтау үшін су қыздыру және айдау үшін шаю жұмыстарын жүргізу;
мұнай қыздырғыш, қозғалтқыш, бақылау-өлшеу аспаптарының және ұңғымаларды парафинсіздеу үшін жылжымалы агрегаттың барлық қосалқы механизмдері жұмысының өлшемдерін бақылау, жабдықты, аппаратураны және бақылау-өлшеу құралдарын монтаждау мен бұзу, агрегат жабдығы мен автомобильді алдын ала және ағымдағы жөндеу, ұңғымаларды парафинсіздеу үшін жылжымалы агрегат жұмысын есепке алу журналын жүргізу;
автомобиль басқару.
109-2. Білуге тиіс:
мұнай және газ өндірудің технологиялық процесін;
мұнайдың, судың, газдың және парафиннің физикалық-химиялық қасиеттерін;
мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін;
ұңғыма сағасын байламдау схемаларын;
қызмет көрсетілетін ұңғымаларды парафинсіздеу үшін жылжымалы агрегатты, негізгі және қосалқы жабдықты, аппаратураны, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, автомобиль құрылымы мен оларды пайдалану ережелерін;
мұнай ұңғымаларын, желілерді және мұнай жинайтын қондырғыларды бумен немесе ыстық мұнаймен парафинсіздеудің технологиялық режимін және жұмыс процесін;
автомобиль шассиіне орнатылған, будың жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2 дейінгі) қоса алғанда жылжымалы парафинсіздеуші бу қондырғысына қызмет көрсету кезінде – 5-разряд;
будың жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары жылжымалы парафинсіздеу бу қондырғысына қызмет көрсету кезінде – 6-разряд.
109-3. Техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.».

3

3. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (40-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 81-ө-м бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8362 болып тiркелген, 2014 жылғы 29 мамырда № 104 (27725) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында (40-шығарылым):
«Құрылыс материалдарының өндірісі» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы 90-1-тараумен толықтырылсын:
« 90-1. Асфальтбетон зауытының операторы
Параграф 1. Асфальтбетон зауытының операторы, 4-разряд
358-1. Жұмыс сипаттамасы:
қоймадан құм мен қиыршық тастарды асфальтбетон зауытының (бұдан әрі – АБЗ) жабдықтау агрегаттарының бункерлеріне тиегіштер, грейфер ұстағышты крандар немесе конвейер арқылы және АБЗ жабдықтау агрегаттарының бункерлерінен жиналмалы таспалық конвейерлерге жеткізуге дайындық процесін жүргізу;
жанарғыны тұтандыру және бастапқы шикізатты кептіру мен қыздырудың оңтайлы температуралық режимін анықтап қою;
жанарғы мен үрлейтін желдеткіш жұмысын бақылау;
поликарбонат лагын түсіру технологиялық процесін жүргізуде бастапқы компоненттерді есептеу;
келесі процестерді жүргізу:
еңкіш шөмішті элеваторға (немесе конвейер) құм мен қиыршық тастарды салу, кептіргіш агрегат барабанына құм мен қиыршық тастарды салу, құм мен қиыршық тастарды жұмыс температурасына лайық кептіру;
минералдық материалдарды мөлшерлеу, қыздырылған тас материалдарды сұрыптау (елеу) және қысқа мерзімге сақтау;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысында болатын ұсақ ақауларды жою және оны ағымдағы жөндеуге қатысу;
поликарбонат лагын түсіру технологиялық процесін жүргізу кезінде бастапқы компоненттерді есептеу;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысын бақылау және оны ағымдағы жөндеуге қатысу.
358-2. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципі;
асфальт пен бетон дайындаудың технологиялық режимі;
қиыршық тас пен қиыршық-құм қоспаларының техникалық шарттары;
еңбекті қорғау және өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелері;
қолданылатын шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды;
жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелері;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою әдістері.
Параграф 2. Асфальтбетон зауытының операторы, 5-разряд
358-3. Жұмыс сипаттамасы:
араластырғыш қондырғыны жұмысқа дайындау және ауысым барысында оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
жабдықтағыш агрегат бункерлерінде материалдардың болуын және жабдықтағыш пен басқа да механизмдердің жұмысын қадағалау;
үрлейтін желдеткіштер мен шаңсүзгіш жүйенің, араластырғыш қондырғылардың жұмыстарын бақылау және басқару;
бұлғағыш ішіндегі затты араластыру және дайын (тауарлық) асфальтбетон қоспасын бұлғағыштан түсіру;
тас материалдарды қабылдау, сақтау және фракциялық бункерлерге жеткізу, қажет болған кезде АБЗ ірі қиыршық тас фракцияларын ұсақтау және сұрыптау жолымен одан да ірілеу қиыршық тас пен құм алу;
қондырғының қажетті жұмыс режимін қамтамасыз ету;
кептіру барабандары, араластырғыш, битумдық цистерналар, жылытқыштар мен бункерлердің жылан түтіктерінің жай-күйін қадағалау;
бастапқы шикізат пен дайын массаның сапасын қадағалау;
битумды қабылдау, сақтау, жылыту және мөлшерлегішке салу;
минералды ұнтақты (толтырғышты) қабылдау, сақтау және мөлшерлегішке салу;
үстірт белсенді заттарды қабылдау, сақтау, жылыту және мөлшерлегішке салу;
дайын асфальтбетон қоспасын текшелеу, қысқа мерзімге сақтау және түсіру;
жабдықтардың жұмыс барысында болатын ақауларын жою және оны жөндеуге қатысу;
біліктілігі анағұрлым төмендеу операторларды басқару.
358-4. Білуге тиіс:
асфальтбетон зауытының және көлік құралдары мен конвейерлердің жұмыс қағидаттары мен құрылысы;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою әдістері;
минералдық материалдарға қойылатын техникалық талаптарды;
бастапқы шикізатқа қарай асфальтбетон қоспасын өндіру режимі;
асфальтбетон қоспаларының неғұрлым тиімді өндіру технологиялары мен әдістері;
электр жабдықтарын қолдану және электротехникалық құрылғылармен жұмыс істеу ережелері.
Параграф. 3. Асфальтбетон зауытының операторы, 6-разряд
358-5. Жұмыс сипаттамасы:
асфальтбетон қоспаларын дайындау технологиялық процесін жүргізу, біліктілігі анағұрлым төмендеу операторлардың жұмысын бақылау;
қондырғы мен бақылау-өлшеу аппаратураларының жұмысын басқару;
технологиялық процесс барысын қадағалау;
мөлшерлегіш пен битумның дайындығын тексеру;
агрегатты сынақ ретінде іске қосып, бос режимде жұмысын бақылау;
шырақ жүйесінің тұтандырғыш құрылғысын жөнге келтіру;
ыстық бункер отсектерін суық минералдық заттардан босату;
технологиялық желілерді жылыту үшін құрғақ қоспалар дайындау, отсектерді қажет температурадағы материалдармен толтыру;
қондырғы агрегаттарынының жұмысын басқару пультіндегі бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес бақылау;
дайын қоспаны бұлғағыштан немесе жинақтаушы бункерден автокөлік құралдарына түсіру;
асфальт немесе бетон шығару үшін қондырғыны қайта жөндеу;
қарапайым және орташа күрделі жабдықтарды, қондырғыларды, механизмдерді, бақылау-есептегіш және байланыс құралдарын құру және бөлшектеу жұмыстарын басқару;
қуат және жарықтандыру желілеріндегі, іске қосуды реттеуші аппаратурадағы, электр қозғалтқыштағы ақау себептерін анықтап, жеңіл бүлінулерді жою;
жабдықтардың жұмыс барысында болатын ақауларын жою және ағымдағы жөндеуге қатысу;
асфальтбетон зауытының біліктілігі анағұрлым төмендеу операторларын басқару.
358-6. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшегіш құралдарының құрылысы;
құрастыру және принциптік схемаларды, қызмет көрсетуші аппаратураларды, автоматика мен телемеханиканы пайдалану ережелері;
электротехника, автоматика және телемеханика негіздері;
жабдықтарды жөндеу, қайта жөндеуді және реттеуді;
түрлі асфальтбетон қоспаларын өндірудің технологиялық процестерді;
шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды.
358-7. Техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.».

Қолданыстағы