Об утверждении Правил и условий классификации, перечня, наименования и индексов автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения, в том числе перечня автомобильных дорог оборонного пользования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и условий классификации, перечня, наименования и индексов автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения, в том числе перечня автомобильных дорог оборонного пользования
- Атауы (қаз.)
- Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 315
- Қабылданған күні
- 26.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2024 91135_726217.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011402
- ЭКБ идентификаторы
- 91135
- Редакция идентификаторы
- 91135_726217
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:53
0 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сынаптау қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес;
2 2) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 15 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
__________И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 15 мамыр
1 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
1-қосымша
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:
1 1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
2
2) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi;
3 3) жол органы – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган.
2 2-тарау. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары
3 3. Халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршілес мемлекеттердің астаналарын жалғастыратын, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желісіне кіретін автомобиль жолдары жатады.
4
4. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың және көрші мемлекеттердің ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қоспағанда, қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады.
5 5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) жол органы жүргізеді.
6 6. Ұлттық оператор халықаралық немесе республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жол органына оны Тізбеге енгізу үшін ұсыныс береді.
7 7. Жол органы Ұлттық оператордың ұсынысын қарағаннан кейін, Заңға сәйкес Тізбеге тиісті өзгеріс енгізеді.
8 8. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауы және индексі бар.
Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады. Автомобиль жолдары индексіндегі сандар индекс әріптерінен кейін беріледі.
9 9. Автомобиль жолдарының атауына бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.
10 10. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері келесі халықаралық келісімдерде белгіленген:
1 1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2274 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1975 жылғы Халықаралық автоарналар туралы (ХАК) Европа келісімінің (Женева, 15 қараша 1975 жыл) 1-қосымшасында;
2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1198 қаулысымен бекітілген Азия автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісімнің 1-қосымшасында.
11
11. Халықаралық автомобиль жолдары маршруттардың учаскелері өзара қайталанған жағдайда, олар «Е» және «АН» индексі бар жол белгілерімен немесе «Е» индексі бар жол белгісімен бірлесіп белгіленеді. Автомобиль жолының бір маршруты басқасына ауысқан немесе басқа маршруттармен қиылысқан кезде автомобиль жолдарының халықаралық және республикалық маршруттарының тиісті жол белгілері кіру немесе жол айрығы алдында, сондай-ақ олардан кейін орнатылады.
12 12. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін латын әліпбиінің «KАZ» және «KZ» әріптерінен индекс белгіленеді:
«КАZ» – Қазақстан Республикасының әкімшілік өңірлері мен көрші мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін;
«КZ» – әкімшілік өңірлер мен көрші мемлекеттер ішінде көлік қатынасын қамтамасыз ететін халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін.
2 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 315 бұйрығына
2-қосымша
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары
мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын
автомобиль жолдарының тізбесі
№
Автомобиль жолының
индексі
Халықаралық келісімдерге сәйкес автомобиль жолының индексі
Автомобиль жолының
атауы
Ұзындығы, км
Халықаралық және республикалық маңызы бар негізгі автомобиль жолдары
(бір өңірден артық):
1
KАZ01
Е125
АН7
Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы
1207,95
2
KАZ02
Е125
АН6
АН64
Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шек. (Жаңа Жол ө/п)
526
3
KАZ03
Е123
АН7
Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолымен) – РФ шек. (Қайрақ ө/п)
860,3
4
KАZ04
Е018
АН64
Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. (Қосақ ө/п)
638
5
KАZ05
Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау
250
6
KАZ06
Е38
Е123
Е004
Е012
АН5
АН9
АН61
АН62
РФ шек. (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)
2687,44
7
KАZ07
Е127
АН60
АН64
ҚХР шек. – Майқапшағай –Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек. (Үрлітөбе ө\п)
1081
8
KАZ08
E40
АН60
Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шек. (Үбе ө/п) (Сарқанд, Аягөз айналма жолымен және Мұқры шатқалына кіреберіс жолымен)
1207
9
KАZ09
Е121
Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шек. (Құрманғазы ө/п)
865,4
10
KАZ10
Е38
Е40
АH61
Ақтөбе – Орал – РФ шек. (Сырым ө/п)
528
11
KАZ11
Е40
Е121
АН81
Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты
786
12
KАZ12
Е121
Атырау – Орал
487
13
KАZ13
Е123
Е019
АН62
Жезқазған – Арқалық – Петропавл
940
14
KАZ14
Е018
АН62
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті
1175
15
KАZ15
Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз
921
16
KАZ16
Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шек. (Бидайық ө/п)
278
17
KАZ17
Көкшетау – Рузаевка
196
18
KАZ18
Қостанай – Мамлютка
406
19
KАZ19
Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ
543
20
KАZ20
Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара
324
21
KАZ21
Өскемен – Семей
195
22
KАZ22
Ақшатау – Ағадыр – Ортау – «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автомобиль жолы
195
23
KАZ23
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған
257
Жиыны
16 554,09
Тармақтар және байланыстырушы автомобиль жолдары (өңір ішінде):
Астана қаласы:
24
KZ01-01
Е125
АН7
Астана қаласының айналма жолы
86,1
Алматы қаласы:
25
KZ02-01
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы
66
Ақмола облысы
26
KZ03-01
Астана – Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберіс жолымен)
161
27
KZ03-02
Макинск – Ақсу – Торғай
240
28
KZ03-03
Бурабай шипажай аймағының жолдары
66
29
KZ03-04
Щучинск – Зеренді
77
30
KZ03-05
Вячеслав су қоймасына кiреберіс жол
17
31
KZ03-06
Көкшетау – Атбасар
184
32
KZ03-07
Көкшетау қаласының айналма жолы (Әуежайға кіреберіс жолымен)
18
33
KZ03-08
Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне кіреберіс жол
4
34
KZ03-09
«Щучинск – Бурабай шипажай аймағы» ойын-сауық орталығына кіреберіс жол
8,9
35
KZ03-10
Жаңа Колутон – Ақкөл – Минское автомобиль жолына кіреберіс жол
4,6
36
KZ03-11
Ерейментауға кіреберіс жол
36
37
KZ03-12
Жақсы – Есіл – Бұзылық
82
Ақтөбе облысы
38
KZ04-01
Ақтөбе – РФ шек. (Әлімбет ө/п)
120,8
39
KZ04-02
Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз
401
Алматы облысы
40
KZ05-01
Байсейіт – Көкпек – Шоңжы – Көктал
160
41
KZ05-02
Көктал– Жаркент – Қорғас кіреберіс жолы
69
42
KZ05-03
Қонаев – Құрты
67
43
KZ05-04
Алматы – Шамалған – Ұзынағаш – Аққайнар – Сұраншы батыр – Қастек (Ұзынағаш ауылына кiреберiс жолымен)
115
44
KZ05-05
Ақсай – Шоңжы – Қалжат – ҚХР шек. (Қалжат ө/п)
160
45
KZ05-06
Е011
Көкпек – Кеген – ҚР шек. (Түп) Кеген асуының айналма жолымен
115
46
KZ05-07
Кеген – Нарынқол
89
47
KZ05-08
«Көкпек – Кеген – ҚР шек. (Түп)» автомобиль жолы – Жалаңаш – Саты – Құрметтi (Көлсай көлiне кiреберiс жолымен)
89
48
KZ05-09
Алматы – Талғар – Бәйдібек би
68
49
KZ05-10
Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – «Астана – Алматы» автомобиль жолы
52
50
KZ05-11
Алматы – Космостанция (Алматы және Алма-Арасан шипажайына кiреберiс жолымен)
37
51
KZ05-12
Алма-Тау турбазасына кiреберiс жол
15
52
KZ05-13
«Алатау ақпараттық
технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағына кіреберіс жол
9,95
Атырау облысы:
53
KZ06-01
Мұқыр – Құлсары
136
54
KZ06-02
Махамбет – Хамит Ерғалиев
45
55
KZ06-03
Доссор айналма жолы
4,6
Батыс Қазақстан облысы
56
KZ07-01
Орал – РФ шек. (Шаған ө/п)
28
57
KZ07-02
Чапаев – Жалпақтал – Казталовка – РФ шек.
213
58
KZ07-03
Казталовка – Жәнібек – РФ шек. (Жәнібек ө/п)
165
59
KZ07-04
Подстепное – Федоровка – РФ шек. (Ақсай ө/п)
72
60
KZ07-05
Өнеге – Бисен – Сайхин
103
61
KZ07-06
Е38
Орал – Тасқала – РФ шек. (Тасқала ө/п)
100
62
KZ07-07
Хан Орда ауылына кіреберіс жол
21
Жамбыл облысы:
63
KZ08-01
Тараз – Өтмек – ҚР шек. (Айша бибі ө/п)
14
64
KZ08-02
Қордай – Қарасу – Масанчи – Сортөбе – ҚР шек. (Қарасу ө/п)
45,45
65
KZ08-03
ҚР шек.кіреберіс жол (Қарасу ө/п)
17,7
66
KZ08-04
АН7
Мерке – Шу – Бұрылбайтал
261,45
67
KZ08-05
Шу – Қайнар
56
68
KZ08-06
Е40
ҚР шек. шығыс кіреберіс (Қордай ө/п)
6
69
KZ08-07
Е40
АН7
ҚР шек. батыс кіреберіс (Сыпатай батыр ө/п)
24,3
Қарағанды облысы:
70
KZ09-01
Теміртау – Ақтау – Бастау
53
71
KZ09-02
Қарағанды қаласына кіреберіс жол
7
Костанай облысы:
72
KZ10-01
Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шек. (Қондыбай ө/п)
137
73
KZ10-02
Жітіқара – Чайковский – РФ шек. ( Желқұар ө/п)
27
74
KZ10-03
Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка
96
75
KZ10-04
Рудный қаласының батыс айналма жолы
6,9
76
KZ10-05
Мариновкаға кіреберіс
9
77
KZ10-06
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автомобиль жолы – «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автомобиль жолы
6
78
KZ10-07
«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автомобиль жолы – «Астана – Атбасар – Қостанай» автомобиль жолы
21
Қызылорда облысы:
79
KZ11-01
Е38
АН9
Қызылорда қаласының айналма жолы
30
Манғыстау облысы:
80
KZ12-01
Ақтау – Құрық
59
81
KZ12-02
Е40
Бейнеу – Ақжігіт – ӨР шек. (Тәжен ө/п)
85
82
KZ12-03
Е40
Е121
Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шек. (Темірбаба ө/п)
229
83
KZ12-04
Құрық – Жетібай
64
Түркістан облысы:
84
KZ13-01
Жизақ – Гагарин – Жетiсай – Киров – Қызыләскер – Сарыағаш – Абай – Жiбек жолы (Атакент ауылына кіреберіс жолымен) ӨР шек. (Сырдария ө\п), Гүлістан, Чиназ және Сарыағаш шипажайына кіреберіс жолымен)
221
85
KZ13-02
ӨР шек. (Сырдария ө\п) – Ташкентке – ӨР шек. (Целинный ө\п) Термезге
24,1
86
KZ13-03
Е004
АН5
Шымкент – ӨР шек. (Жібек-жолы ө/п)
98
87
KZ13-04
Т. Рысқұлов ауылына кіреберіс жол
36,9
Павлодар облысы:
88
KZ14-01
Павлодар – Шарбақты – РФ шек. (Шарбақты ө/п)
112
89
KZ14-02
Атамекен – Ертіс – РФ шек. (Амангельді ө/п)
263,78
90
KZ14-03
Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов
220
91
KZ14-04
Ертіс өзенінің көпір өткелі арқылы Павлодар қаласының батыс айналма жолы
15
Солтүстік Қазақстан облысы:
92
KZ15-01
Е125
Петропавл – Соколовка РФ шек. (Кызыл Жар ө/п)
62
92
KZ15-02
Петерфельд – Архангельск – Новокаменка – «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолы
30,519
94
KZ15-03
Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское
228,386
95
KZ15-04
Рощинское – Корнеевка – Волошинка
86,87
96
KZ15-05
Волошинка – Сергеевка – Тимирязево
119,441
97
KZ15-06
Петропавл қаласының әуежайына кіреберіс жол
5
98
KZ15-07
Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс жол
24
99
KZ15-08
Тимирязево – Сарыкөл – облыс шек.
31,574
100
KZ15-09
Е125
АН6
Петропавл қаласының айналма жолы
30
101
KZ15-10
АН6
РФ шек. (Қарақоға ө/п) – Петропавл
120
Шығыс Қазақстан облысы:
102
KZ16-01
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары
446
103
KZ16-02
Е40
Өскемен – Риддер – РФ шек.
167
104
KZ16-03
«ҚХР шек. – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек.» автомобиль жолы – Қалжыр – Марқакөл
124
Шымкент қаласы:
105
KZ17-01
Е40
АН9
Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы
36,5
Абай облысы:
106
KZ18-01
Қайнар – Семей
276
107
KZ18-02
Семей – РФ шек. (Ауыл ө/п)
111
108
KZ18-03
Е015
Таскескен – Бақты – ҚХР (Бақты ө/п)
187
Жетісу облысы:
109
KZ19-01
Е013
АН68
Сарыөзек – Көктал (Сарыөзек станциясының айналма жолы)
192
110
KZ19-02
Е014
Үшарал – Достық – ҚХР шек. (Достык ө/п)
184
Ұлытау облысы:
111
KZ20-01
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автомобиль жолы – Жайрем – Қаражал – Атасу
144
Барлығы:
8 356,82
Жалпы ұзындығы
24 910,91
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚХР – Қытай Халық Республикасы;
ҚР – Қырғыз Республикасы;
ӨР – Өзбекстан Республикасы;
РФ – Ресей Федерациясы;
шек. – шекара;
ө/п – өткізу пункті;
км – километр.