Құжат мәтініне өту

Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи

Бұйрық · № 380 · қабылданған 22.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91142/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи Күшін жойған Бұйрық ·№ 380 ·22.05.2015
08.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи

Күшін жойған Бұйрық ·№ 380 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи
Атауы (қаз.)
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
380
Қабылданған күні
22.05.2015
Көрсетілген редакция
08.10.2020 91142_486870.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011421
ЭКБ идентификаторы
91142
Редакция идентификаторы
91142_486870
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:00

0 Алғашқы көмек көрсетуге арналған

дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа  сәйкес алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері:

1 1) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;

2 2) медициналық ұйымдардың мамандарын, оның ішінде медициналық емес білімі бар мамандарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 380 бұйрығына
қосымша
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

Атауы
Саны
1.
Зарарсыздандырылған бинт
2 дана
2.
Зарарсыздандырылмаған бинт
2 дана
3.
Мақта
1 қаптама
4.
Зарарсыздандырылған қолғап № 7-8
6 дана
5.
Лейкопластырь
1 қаптама
6.
Жгут
1 дана
7.
Этил спирті 70%
1 құты
8.
Груша (сілекейді сору үшін)
1 дана
9.
Зарарсыздандырылған шпатель (ауыз қуысын ашуға арналған)
1 дана
10.
Амбу қабы
1 дана
11.
Тонометр
1 дана
12.
Фонендоскоп
1 дана
13.
Валидол 0,06 г
1 қаптама
14.
Нитроглицирин 0,005
1 қаптама
15.
Аммиак ертіндісі 10%
1 құты
16.
Эпинефрин
1 қаптама
17.
Йод ертіндісі 5%
1 құты

Қолданыстағы