Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил деятельности учебных центров

Бұйрық · № 388 · қабылданған 31.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91151/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил деятельности учебных центров Қолданыста Бұйрық ·№ 388 ·31.03.2015
03.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил деятельности учебных центров

Қолданыста Бұйрық ·№ 388 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил деятельности учебных центров
Атауы (қаз.)
Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
388
Қабылданған күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
03.05.2023 91151_631166.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011365
ЭКБ идентификаторы
91151
Редакция идентификаторы
91151_631166
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:40

0 Оқу орталықтарының қызмет қағидаларын бекіту туралы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы оқу орталықтарының қызмет қағидалары «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-13) тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғалым министрі
______________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 8 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 24 сәуір

0 Оқу орталықтарының қызмет қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 388 бұйрығымен
бекітілген
Оқу орталықтарының қызмет қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы оқу орталықтарының қызметі Қағидалары «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-13) тармақшасына сәйкес әзірленген және  оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды.

2 2. Энергетикалық аудит, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент бағыттары бойынша кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды оқу орталықтары жүзеге асырады.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

2

2) кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы куәлік – оқу орталығы беретін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткенін куәландыратын ресми құжат;

3 3) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

4 4) оқу орталығы – Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;

5 5) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;»;

6 6) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;

7 7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі − энергия менеджменті) − энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және объектінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені.

4 4. Оқу орталықтарының негізгі міндеттері:

1 1) кадрларды қайта даярлау;

2 2) тиісті технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты жұмысшыларға, қызметкерлерге, мамандарға үнемі қойылып отыратын талаптарды есепке ала отырып, олардың біліктілігін арттыру болып табылады.

2 2-тарау. Оқу орталықтарының қызмет ету тәртібі

5 5. Оқу Заңның 5 бабының 15-1) тармақшасына сәйкес бекітілген және оқу орталықтарының басшылары бекітетін процесі оқу орталықтарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларына оқу процесінің күнтізбелік кестелеріне сәйкес ұйымдастырылады.

6 6. Біліктілікті арттыру және (немесе) кадрларды қайта даярлау оқу орталықтары мен мүдделі заңды және жеке тұлғалармен жасалатын оқу шарттары негізінде жүзеге асырылады.

7 7. Оқу құны оқу шартында айқындалады.

8 8. Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау күндізгі оқу түрі бойынша ғана жүргізіледі.

9 9. Біліктілікті арттыруға және кадрларды қайта даярлауға мынадай бағыттар бойынша жіберіледі:

1 1) энергия аудиті - техникалық мамандықтар бойынша жоғары немесе арнаулы орта білімі бар тұлғалар;

2 2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы сараптама – энергетика, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоғары білімі бар адамдар;

3 3) энергия менеджменті – жоғарғы немесе арнайы орта білімі бар тұлғалар.

10

11 11. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша оқу процесі жазбаша немесе компьютерлік нысанда тестілеу түріндегі қорытынды емтиханмен аяқталады.

12 12. Тестілеу сұрақтары әр нұсқасы елу сұрақтан кем болмайтын кемінде төрт жауап болатын және олардың біреуі дұрыс болып табылатын бес нұсқадан кем болмауға тиіс.

13 13. Тестілеу сұрақтары тоқсанына бір рет отыз пайыздан кем болмауға жаңартылып отыру тиіс.

14 14. Тиісті бағыттар бойынша тестілеу сұрақтарын емтихан комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) бекітеді, комиссияның сандық және дербес құрамын оқу орталығының басшысы бекітеді, бірақ құрамы төрт адамнан кем болмауы керек.

Тыңдаушы жұмыс берушінің өкілдері комиссия құрамына кіре алмайды.

15 15. Тестілеу сұрақтарының сексен және одан көп пайызына дұрыс жауап берген тыңдаушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы куәлік беріледі.

16 16. Тестiлеу нәтижесінде дұрыс жауабы сексен пайыздан кем болған тыңдаушы он жұмыс күнi ішінде бір реттен аспайтын қайта тапсыруға рұқсат етіледі.

17

1 Оқу орталықтары

қызметінің қағидаларына
1-қосымша
Нысан
/Оқу ұйымының логотипі/
Оқу орталығы ____________________________
Кадрлардың қайта даярлау (немесе) біліктілікті
арттыру курстарынан өткені туралы
КУӘЛІК
№___________
20__ жылғы «____» ____________ берілді
Осы куәлік растайды_____________________________________
(Т.А.Ә.)
Ол 20__жылғы «____» _______ бастап 20__жылғы «____» ___________ дейін
____________________________________________________ бағыты бойынша
(қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру)
_________________________________________________________________
(қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру бағытының атауы)
______________________________________курстан табысты өткенін растайды
(оқу орталығының атауы)
Оқу сағаттарының саны ____.
Комиссия төрағасы
____________/__________________
(қолы)       (қолының толық жазылуы)
Оқу орталығының басшысы
____________/__________________
(қолы)       (қолының толық жазылуы)
М.О. (болған кезде)

2 Оқу орталықтары

қызметінің қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
Қызметті жүзеге асыратын қайта даярлау (немесе) біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер

Қолданыстағы