Об утверждении Правил применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов
- Атауы (қаз.)
- Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 390
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 91161_503832.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011439
- ЭКБ идентификаторы
- 91161
- Редакция идентификаторы
- 91161_503832
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:55
0 Пациенттер құқықтарының
қорғалуын қамтамасыз ету
мақсаттарында медициналық
ұйымдарда қолданылатын техникалық
бақылау құралдарын, байқау және
тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-,
бейнеаппаратураларды қолдану
қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 27 мамыр
№ 390 бұйрығымен
бекітілген
Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1 - тармағының 6-1) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес оларды қолдану тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) анықтама-ақпараттық үй-жайлар – әдістемелік ақпарат кабинеттері, анықтама беру бөлімі;
2 2) жеке гигиена үй-жайы – әжетханалар, ванналар, душ бөлмелері;
3 3) мамандандырылған медициналық ұйымдар – наркологиялық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ұйымдар;
4 4) техникалық құралдар (ТҚ) – техникалық бақылау құралдары, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптары, фото-, бейнеаппаратуралар;
5
5) үй-жайлардың аумағы – дәліздер, тіркеу орнымен вестибюль, дәріхана дүңгіршегі, арба қоятын жер, келушілер мен қызметкерлер үшін киім ілетін жер, анықтама-ақпараттық үй-жайлар, қабылдау бөлімшесінде амбулаториялық-емханалық ұйымның ақылы қызметтерге ақшаны қабылдау кассасының үй-жайы және стационарлық көмек көрсететін ұйымның шығару үй-жайы.