Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30/205
- Қабылданған күні
- 20.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2023 91173_645670.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MF002750
- ЭКБ идентификаторы
- 91173
- Редакция идентификаторы
- 91173_645670
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:01
0 Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 - бабының 1 тармағының 12 - 3) тармақшасына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.
2 2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Түпқараған аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 мамырдағы
№ 30/205 шешімімен бекітілген
Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Ереже
1 1-тарау. Жалпы ереже
1 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ауданның Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.
2 2. Құрмет грамотасымен ауданның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар наградталады.
3 3. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
4 4. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтері көрсетіледі.
Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар әкімдерінің, бөлімдер басшыларының наградтау бетшесіне аудан әкімі қол қояды.
5
5. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Әрі қарай Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
6 6. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда ұсыныс аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
7 7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Түпқараған аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2 2-тарау. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы
8 8. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.
Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымша бетшенің айқармасында сол жағынан ұлттық оюмен өрнектелген Түпқараған ауданының символы орналасады.
Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстіне қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.
Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.