Құжат мәтініне өту

Об установлении объема субсидий по районам и городам

Қаулы · № 170 · қабылданған 12.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91200/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об установлении объема субсидий по районам и городам Күшін жойған Қаулы ·№ 170 ·12.06.2015
18.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении объема субсидий по районам и городам

Күшін жойған Қаулы ·№ 170 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении объема субсидий по районам и городам
Атауы (қаз.)
Аудандар және қалалар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
170
Қабылданған күні
12.06.2015
Көрсетілген редакция
18.11.2015 91200_35148.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15U0003228
ЭКБ идентификаторы
91200
Редакция идентификаторы
91200_35148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:39

0 Аудандар және қалалар

бойынша cубсидиялар
көлемдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №574 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандар және қалалар бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі белгіленсін.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3

3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №254 «Аудандар және қалалар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2764 нөмірмен тіркелген, 2014 жылы 21 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №392 «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №254 «Аудандар және қалалар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2923 нөмірмен тіркелген, 2014 жылы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Тұяқбаевқа жүктелсін.

Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева

8 Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 маусым
№170 қаулысына
қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі

Қала мен аудандардың атауы
Тыңайтқыштар көлемі, мың тонна
Субсидия көлемі, мың теңге
1
Арыс
2,82
72662,6
2
Бәйдібек
1,80
49939,2
3
Қазығұрт
6,30
163321,4
4
Мақтарал
34,64
949799,0
5
Ордабасы
7,89
224573,6
6
Отырар
1,40
38841,6
7
Сайрам
3,40
94882,6
8
Сарыағаш
7,20
216748,8
9
Созақ
0,20
5548,8
10
Төлеби
2,43
67881,6
11
Түлкібас
2,52
68819,2
12
Шардара
6,70
197102,4
13
Түркістан
3,32
93782,4
14
Шымкент
0,50
13872,0
15
Кентау
0,20
5548,8
Барлығы
81,32
2263324

Қолданыстағы