Об утверждении списка работ, на которых запрещается применение труда работников, не достигших восемнадцатилетнего возраста, предельных норм переноски и передвижения тяжестей работниками, не достигшими восемнадцатилетнего возраста, и списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжестей женщинами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении списка работ, на которых запрещается применение труда работников, не достигших восемнадцатилетнего возраста, предельных норм переноски и передвижения тяжестей работниками, не достигшими восемнадцатилетнего возраста, и списка работ, на которых запрещается применение труда женщин, предельных норм подъема и перемещения вручную тяжестей женщинами
- Атауы (қаз.)
- Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 391
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2015 91218_409426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011470
- ЭКБ идентификаторы
- 91218
- Редакция идентификаторы
- 91218_409426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:56
0
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 16-бабының және сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті ;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың , әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті лары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрiнiң
2015 жылғы 27 мамыр
№ 391 бұйрығына
1-қосымша
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормалары
1 1-бөлім. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі
1.1-кіші бөлім. Өндірістер мен жұмыстардың түрлері
1 1. Атом электр станциялары
2 2. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық жұмыстар
3 3. Көмiр және тау-кен шикiзатын өндiру және байыту
4 4. Құрылыс және кенсіз материалдарды өндiру және байыту
5 5. Мұнай және газ өндiру және қайта өңдеу
6 6. Коксхимия өндiрiсі
7 7. Ағаш дайындау жұмыстары, ағаш ағызу және ағаштан шырын алу
8 8. Ағаш химиялық өндiрiс
9 9. Металлургия өндiрiсi (қара және түстi металлургия)
10 10. Металл өңдеу, оның iшiнде: дәнекерлеу, ұста-пресс және термиялық жұмыстары, металл жалату және сырлау, қаңылтыр банкi және құбыр өндiрiсi
11 11. Химиялық мұнай өндiрiсi
12 12. Химиялық шикiзатты байыту, агломераттау, брикеттеу
13 13. Тастан жасалған бұйымдар және тасты өңдеу өндiрiсi
14 14. Бактериялық және вирустық препараттарды өндiру ұйымдары
15 15. Асбест өндiрiсi
16 16. Асбест цемент бұйымдарының өндiрiсi
17 17. Ерiткiштер өндiрiсi
18 18. Цемент өндiрiсi
19 19. Темiр-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялар өндiрiсi
20 20. Отқа төтеп беретін заттардың өндiрiсi
21 21. Қабырғалық және тұтқыр материалдар өндiрiсi
22 22. Жылу оқшаулау материалдарының өндiрiсi
23 23. Асфальт мастикасы мене плиткасының өндiрiсі
24 24. Жұмсақ шатыр және гидрооқшаулау материалдарының өндiрiсі
25 25. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар өндiрiсi
26 26. Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнiмдері, кино- немесе бейне материалдар, көрiнiстер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттар өндiрiсi
27 27. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi
28 28. Шахталарды, разрездердi, метрополитендер мен тоннельдердi салу
29 29. Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары
30 30. Тамақ өнеркәсiбi, оның iшiнде: шарап, спирт, ликер-арақ өнiмдерi, сыра және алкогольсiз сусындар өндiрiсi, темекi және ферментация өндiрiсi, ас тұзын өндiру
31 31. Жылу желiлерi
32 32. Көлiк, оның iшiнде: темiр жол көлiгi мен метрополитен, теңiз флоты, өзен флоты, азаматтық авиация, автомобиль және қалалық электр көлiгi
33 33. Электр энергетикасы (энергетикалық шаруашылық)
34 34. Химия өндiрiсi
35 1.2-кіші бөлім. Жалпы кәсіптер мен жұмыстардың түрлерi
35. Фармацевтикалық өндiрiс
1.2-кіші бөлім. Жалпы кәсіптер мен жұмыстардың түрлерi
36 36. Автоклавшы
37 37. Аккумуляторларды зарядтаумен және жөндеумен айналысатын аккумуляторшы
38 38. Антикоррозияшы
39 39. Химиялық ерiтiндiлердi дайындайтын аппаратшы
40 40. Хлорлау аппаратшысы
41 41. Бункершi
42 42. Битум қайнатушы
43 43. Сүңгуiр
44 44. Автомобиль жүргізуші
45 45. Газшы
46 46. Газ генераторшысы
47 47. Газ құтқарушысы
48 48. Ацетилен қондырғысының генераторшысы
49 49. Металл бұйымдарының гумершiсi
50 50. Дегазаторшы
51 51. Рентген-гамма-глафирлеу дефектоскописi
52 52. Өлшеушi
53 53. Жанар және жағар майларды құюшы
54 54. От сөндiргiштерге заряд берушi
55 55. Баллондарды сынаушы
56 56. Технологиялық пештердің және өндiрiс пештерiнiң қазандары мен пештерiне қызмет көрсетумен айналысатын, қолмен тиеп құрғақ отынмен жұмыс iстейтiн от жағушы, кочегар
57 57. Өндiрiс пештерi мен қазандарын ыстықтай жөндеумен айналысатын өнеркәсiп пештерiнiң, қазандарының және агрегаттарының тас қалаушы-пешшiсi
58 58. Адам ағазасына күштi әсер ететiн заттарды тексеру, зерттеу және сынаумен айналысатын химиялық анализ лаборанты
59 59. Пластмасса құюшы
60 60. Вагонды төңкеру машинисi
61 61. Вагонды итеру машинисi
62 62. Вентиляциялық және аспирациялық қондырғылардың машинисi
63 63. Ауа бөлушi қондырғылардың машинисi
64 64. Газ үрлеу машинисi
65 65. Газ генератор станциясының машинисi
66 66. Iштен жану қозғалтқышының машинисi
67 67. Түтiн сорғыштың машинисi
68 68. Компрессор қондырғыларының машинисi
69 69. Кран машинисi (краншы)
70 70. Көтергiш машинисi
71 71. Скрепер машинисi (скрепершi)
72 72. Тоңазытқыш қондырғыларының машинисi
73 73. Экскаватор машинисi
74 74. Улы заттармен, кәріз сұйықтарымен ластанған киiмдердi жөндеумен, тазалаумен және жуумен айналысатын арнайы киiм жуу, сондай-ақ арнайы кiр жуумен айналысатын машинист
75 75. Мұнай өнiмдерi мен химикаттардан босаған ыдыстарды жуумен; этильденген бензинмен жұмыс істейтін бөлшектердi, тораптар мен моторларды жуумен; ассенизациялық машиналарды жуумен; сондай-ақ ыдыс-аяқты дезинфекциялаумен айналысатын жуушы
76 76. Жоғары вольттi электр қозғалтқыштарына қызмет көрсетумен айналысатын электр қозғалтқыштар моторшысы
77 77. Баллондарға сығымдалған газ және сұйық хлор толтырумен айналысатын баллон толтырушы
78 78. Су құбыры-кәріз жүйесiнiң жерасты камералары мен тоннельдерiне қызмет көрсетумен айналысатын қараушы
79 79. Пештердi, қазандықтарды, ожауларды және басқа да жабдықтарды жөндеумен айналысатын отқа төтеп берушi
80 80. Сынап дәнекерiн әзiрлеумен және оны дәнекерлеумен айналысатын дәнекерлеушi
81
81. Ыстық металды таратып құю және илектеумен айналысатын; қорғасынды, бериллийдi және олардың қорытпаларын балқыту және өңдеу, сондай-ақ зияндылығы I, II, III сыныпты химиялық заттар ашық түрде қолданылатын учаскелерде; зиянды және улы жүктердi өңдеу кезiнде көлiктiң барлық түрлерімен тiкелей жұмыс істейтін көмекші жұмысшы
82 82. Престеушi
83 83. Пластмасса бұйымдарын престеушi
84 84. Баллон қабылдап алушы
85 85. Қызметкерлер:
1 1) шарап, спирт, ликер-арақ өнiмдерiн және сыра сатумен, сақтаумен айналысатын
2 2) қопарылғыш зиянды заттарды әзiрлеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты өндiрiстер мен жұмыстарда iстейтiн
3 3) ашық сынапты қолданумен байланысты барлық жұмыс түрлерiмен айналысатын
4 4) пневматикалық құралдар қолданылатын барлық жұмыстармен айналысатын
5 5) сүңгуiр (водолаз) және су асты жұмыстарына қызмет көрсетумен айналысатын
6 6) қару-жарақты ату және атып көрумен айналысатын
7 7) улы химикаттарды тасымалдаумен, әзiрлеумен және қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын
8 8) тазалау және жуынды-шайынды шұңқырларынан қоқыстарды қолмен шығарумен; өнеркәсiптiк кәріз жүйесi мен ұстағыштарды тазалаумен айналысатын
9 9) этиль сұйығы қолданылатын жұмыстармен айналысатын
10 10) жанар-жағар және қопарылғыш материалдар, улы заттар, қышқылдар мен сiлтiлер, хлор және хлорлы әк сақталатын арнаулы қоймаларға қызмет көрсетумен айналысатын
11 11) биiктiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылар
12 12) бокстарда, инсектарийлерде, виварийлерде тiкелей жұмыс iстейтiн
13 13) локомотивтердi және моторлы вагон поездарын зауыттық жүру сынағымен тiкелей айналысатын
14 14) ыстық плита, кондитер пештерi және электрқуыру шкафтарының тiкелей жанында жұмыс iстейтiн
15 15) моншаларға (сауналарға) қызмет көрсету жөнiндегi жұмысшылар
16 16) жерлеу қызметінің жұмысшылары (моргтерде, крематорийлерде, зираттарда)
17 17) қант қамысы, опий көкнәрi, темекi, мақта плантацияларында жұмыс iстейтiн
18 18) пестицидтер мен гербицидтер қолданылатын барлық жұмыс түрлерiмен айналысатын
19 19) түнгi клубтарда, кабаре, мейрамханаларда жұмыс iстейтiн
20 20) есірткі және улы препараттарды, алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын тасымалдаумен, өндiрумен және өткiзумен айналысатын
21 21) Порнографиялық материалдар немесе заттар, баспа өнiмдерi, кино-немесе бейне материалдар, көрiнiстер немесе порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы өзге де заттарды таратумен, жарнамалаумен және сатумен айналысатын
22 22) Басқа да емдеу мекемелерiндегi наркологиялық ауруларды емдеу бөлiмшелерiн қоса алғанда, психиатриялық ауруханаларда, интернаттарда, диспансерлерде, барлық жұмыс түрлерiмен, хоспистердегi жұмыспен айналысатын
23 23) Ауыл шаруашылығында, қорықтарда, хайуанаттар бағы мен цирктерде жабайы және жыртқыш аңдарға, өнім беруші бұқалар мен айғырларға күтiм жасайтын
24 24) Асыл тастар мен металдарды өңдеумен, ақша белгiлерiн және басқа да құнды қағаздарды шығарумен айналысатын
25 25) Авариялық-құтқару қызметтерiмен айналысатын
86 86. Банк құрылымдары мен басқа да қызметтердi қорғау жөнiндегi, инкассация қызметi мен оқ ату қаруын алып жүруге рұқсат берiлген басқа да қызмет түрлерiндегi қызметкерлер
87 87. Балалардың өмiрi, денсаулығы мен қауiпсiздiгi үшiн жауаптылықпен байланысты жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлер (сәбилер үйлерiнiң, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, балалар үйлерiнiң, интернаттардың қызмет көрсетушi персоналы, аттракциондарда қызмет көрсету және басқалары)
88 88. Пайдаланған майды генераторлаушы
89 89. Шиналарды монтаждаумен және демонтаждаумен; ассенизациялық жүктерді, шiрiген қалдықтар мен улы химикаттарды тасымалдайтын автомобильдердi жөндеумен; этильденген бензинмен жұмыс iстейтiн автомобильдердi жөндеумен айналысатын автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь
90 90. Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарi
91 91. Авариялық-қалпына келтiру жұмыстарының слесарi
92 92. Кәріз желiлерiнiң жұмыстарымен айналысатын слесарь-сантехник
93 93. Фреонды және аммиакты компрессорлар мен тоңазытқыш қондырғыларын сынаумен және жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеуші
94
94. Этильденген бензинмен жұмыс iстейтiн мотор сынақ станцияларында технологиялық жабдықтарды; жер асты камераларында, тоннельдер мен кеме iшiнде; металлургиялық және химиялық өндiрiстерде, цехтарда және өндiрiс учаскелерiнде; арнаулы жуу орындарындағы пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде; ыстық жұмыс учаскелерiнде; кәріз құрылыстарында жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi
95 95. Ілмектеуші
96 96. Такелажшы
97 97. Қазандарды, танктердi, цистерналарды, бөшкелердi, мұнай құю кемелерiн және басқа да май, ракс, мұнай өнiмдерiн және химия өнiмдерiн құятын ыдыстарды тазалаумен айналысатын жұмысшылар
98 98. Құбырларды тазалаушы (құбыр тазалаушы)
99 99. Пештер мен газ қалдықтарын және желдеткiш қондырғыларын тазалаушы
100 100. Абразивтi шеңберлер қолданып, құрғақ әдiспен жұмыс iстейтiн ыспалаушы
101 101. Электродшы
102 102. Электрогазбен дәнекерлеуші
103 103. Лифтiлердi жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын лифт электромеханигi.
2 2-бөлім. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормалары
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер (адамдар) (бұдан әрі – жасөспірімдер) салмағы 4,1 килограмнан асатын жүкті тасымалдаумен немесе қозғаумен ғана айналысатын жұмыстарға тағайындалмайды.
Жасөспірімдердің төменде көрсетілген нормалар шегіндегі жүкті тасымалдауына және қозғауына, бұл жасөспірімнің тұрақты кәсіби жұмысымен байланысты болғанда және жұмыс уақытының үштен бірінен артығын алмайтын жағдайларда ғана жол беріледі.
Р/с
№
Жұмыстың сипаты
Жүктің шекті салмағы
1
2
3
1.
Жүкті тасымалдау:
1) 16-дан 18 жасқа дейінгі еркек жынысты жасөспірімдер үшін
16,4 килограмм
2) 16-дан 18 жасқа дейінгі әйел жынысты жасөспірімдер үшін
8,2 килограмм
2.
Жүкті рельспен қозғалатын вагонеткалармен жылжыту:
1) 16-дан 18 жасқа дейінгі еркек жынысты жасаөспірімдер үшін
492 килограмм
2) 16-дан 18 жасқа дейінгі әйел жынысты жасаөспірімдер үшін
328 килограмм
2 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрiнiң
2015 жылғы 27 мамыр
№ 391 бұйрығына
2-қосымша
Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі, әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруінің және
жылжытуының шектi нормалары
1 1-бөлім. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі
1.1-кіші бөлім. Металл өңдеу
1 1. Құю жұмыстары
1 1. Ваграншы
2 2. Қолмен шығарумен айналысатын құйманы шығарып қағымдаушы
3 3. Шикіқұрамды қолмен тиеумен айналысатын шикіқұрамды вагранкалар мен пештерге құлатушы
4 4. Құйманы қайнатушы
5 5. Металл құюшы
6 6. Пневматикалық құралдармен жұмыс iстейтiн шабушы
7 7. Металдар мен қорытпаларды балқытушы
8 8. Конвейерге ыстық қорытпа iлумен және тоннельдердегi құю цехтарында жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар
2 2. Дәнекерлеу жұмыстары
9 9. Жабық ыдыстарда (цистерналарда, қазандарда), сондай-ақ биiктiгi 10 метрден асатын биiк байланыс құрылыстарында (мұнараларда, дiңгектерде) және жоғары өрмелейтiн жұмыстарда қолмен атқарылатын газбен және электрмен дәнекерлеушi
3 3. Қазандық, салқынмөртабандық, сым тарту және сығу жұмыстары
10 10. Қолмен істейтін жұмыстармен айналысатын сығушы
11 11. Қазаншы
12 12. Пневматикалық қол аспаптарымен жұмыс iстейтiн нақыштаушы
4 4. Ұсталық-престеу және термиялық жұмыстар
13 13. Ыстық жұмыстарда iстейтiн құрсаушы
14 14. Металл жылытушы (дәнекерлеушi)
15 15. Диаметрi 10 миллиметрдан асатын сымнан серіппе орау кезiнде ыстық жұмыстарда iстейтiн серiппешi
16 16. Ыстық күйiнде шығыршықты домалатумен айналысушы
17 17. Ыстық металды өңдеумен айналысатын рессоршы
5 5. Металл қаптау және сырлау
18 18. Кессон-бактардың iшкi саңылауларын бiтеумен айналысатын саңылау бiтеушi
19 19. Ыстықтай тәсiлмен (гальвандық емес) үнемі қорғасындаумен айналысатын қорғасындаушы
6 6. Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары
20 20. Дiрiл әсерi қолға берiлетiн пневматикалық аспаптармен жұмыс iстейтiн бұрандашы-пневматик
21 21. Ыстықтай илектеу, өрнектеу, эмальдау, органикалық кремний лактарын қолданып оқшаулау, кабель өндiрiсiнде қорғасындау цехтары мен бөлiмшелерiнде жабдықтарды жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi
7 7. Қорғасынмен жұмыс
22 1.2-кіші бөлім. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары
22. Қорғасын бұйымдарын қорытумен, ағызумен, илектеумен, тартумен, қалыптаумен, кабельдердi қорғасындаумен және қорғасын аккумуляторларды дәнекерлеумен айналысатын жұмысшылар
1.2-кіші бөлім. Құрылыс, монтаждау
және құрылыс-жөндеу жұмыстары
23 23. Игiш қол станоктары мен қайшыларды, қаңқа тiректердi қолмен орнатумен айналысатын арматурашы
24 24. Асфальт бетондаушы
25 25. Қайнатушы-асфальттаушы
26 26. Гидромониторшы
27 27. Жер үңгiп-қазушы
28 28. Тас қашаушы
29 29. Тас қалаушы
30 30. Кессоншы, кессоншы-аппаратшы, кессоншы-үңгілеуші, кессоншы-слесарь, кессоншы-электрмонтаждаушы
31 31. Орамдалған жабынды және жеке материалдармен жұмыс iстейтiн шатыршы
32 32. Болат жабындымен жұмыс iстейтiн шатыршы
33 33. Автогудронаттар машинисi
34 34. Автогрейдер машинисi
35 35. Бетон-сорғы қондырғысының машинисi
36 36. Битум ерiтетiн жылжымалы қондырғы машинисi
37 37. Бульдозер машинисi
38 38. Грейдер-элеватор машинисi
39 39. Жылжымалы асфальтбетон араластырғыш машинисi
40 40. Асфальтбетон төсегiш машинисi
41 41. Бiр шөмішті экскаватор машинисi, роторлы экскаватор машинисi
42 42. Қозғалтқышы іштен жанатын жылжымалы электрмен дәнекерлеу агрегатының машинисi
43 43. Биiкте және жоғары өрмелейтiн жұмыстар кезінде болат және темiрбетон құрылғыларды монтаждау жөніндегі монтажшы
44 44. Биiкте жұмыс iстейтiн антеннашы-байланыс монтажшысы
45 45. Пештердi ыстықтай жөндеумен және қазанға отын жағумен айналысатын отқа төзiмдi жұмысшы
46 46. Өнеркәсiптiк темiр бетон құбырларын төсейтiн құбыр төсеушi
47 47. Қорғасынды дәнекерлеушi (қорғасын дәнекерлеушi)
48 1.3-кіші бөлім. Тау-кен жұмыстары
48. Өнеркәсiптiк кiрпiш құбырларын төсейтiн құбыр төсеушi
1.3-кіші бөлім. Тау-кен жұмыстары
49 49. Қара жұмыспен айналыспайтын қызметкерлер мен мамандардың, сондай-ақ әйелдер үшiн бекiтiлген жұмыс күшi нормалары шегiнен аспайтын қара жұмыспен айналысатын қызметкерлер мен мамандардың жұмыстарын қоспағанда, кен өндiру өнеркәсiбiндегі, жерасты құрылыстарын салудағы жерасты жұмыстары
50
50. Қара жұмыспен айналыспайтын қызметкерлер мен мамандардың, сондай-ақ әйелдер үшiн бекiтiлген жұмыс күшi нормалары шегiнен аспайтын қара жұмыспен айналысатын қызметкерлер мен мамандардың жұмыстарын қоспағанда, ашық кен жұмыстары және жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан шахталар мен кенiштердiң үстi, байыту, агломераттау, брикеттеу
1 1. Жалпы кен және тау-кен жұмыстары
51 51. Ұңғыма бұрғылаушысы, бұрғылау станогының машинисi, шпур бұрғылаушысы
52 52. Қопарғыш, қопару жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы
53 53. Өрттiң алдын алу және сөндiру жөнiндегi тау-кен жұмысшысы
54 54. Шахтаға бекiту материалдарын жеткiзушi
55 55. Бұрғылау қондырғысының машинисi, бұрғылау қондырғысы машинисiнiң көмекшiсi
56 56. Бекiтушi
57 57. Ұста-бұрғы майлаушы
58 58. Тиеу машинасының машинисi
59 59. Шахта оқпандарына өн бойымен толық бұрғылау жөнiндегi қондырғы машинисi
60 60. Машинист, машинист көмекшiсi, өзi жүретiн ауыр және көлiк машиналарының (ауыр жүк автомобильдері, өзi жүк түсiретiн автомобильдер, жер қазатын машиналар, экскаваторлар, тракторлар, бульдозерлер) жүргiзушiсi
61 61. Вагонеткаларды қолмен жылжытып сырғытумен айналысатын аударушы
62 62. Үңгілеуші
63 63. Оқпаншы
64 64. Тазалаушы
2 2. Байыту, агломерация, брикеттеу жалпы жұмыстары
65 65. Сазбалшық өндiрiсiнде ыстықтай күйдiрiлген күйде ұсатумен, брикеттеумен айналысатын ұсатушы
66 66. Сынап өндiруде шикiзат пен материалдарды күйдiру процесін жүргізумен айналысатын күйдiрушi
67
67. Жұмысты атқару кезiнде шаң-тозаң шығаратын, 10 пайыз және одан да астам қос қышқылды кремний түзiлетiн қара, түстi және сирек металдарды, балқыма шлагын және көмiрдi ұсақтау, ұнтақтау және шикіқұрамдау жөнiндегi жұмыстармен айналысатын байыту және ұсақтау-сұрыптау фабрикаларының, кенiштердiң, шахталар мен металлургия кәсiпорындарының жұмысшылары мен мастерлері
68 1.4-кіші бөлім. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар
68. Қорғасын байыту цехтарында жұмыс iстейтiн жұмысшылар
1.4-кіші бөлім. Геологиялық барлау және
топографиялық-геодезиялық жұмыстар
69 69. Қопарушы
70 70. Геодезиялық белгiлердi монтаждаушы
71 71. Дала жағдайында жұмыс iстейтiн кезекшi және жабдықтарды жөндеу жөнiндегi электрослесарь (слесарь)
1 1. Ұңғымаларды бұрғылау
72 72. Мұнай мен газды пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылайтын бұрғылаушы
73 73. Мұнара монтаждаушы, мұнара монтаждаушы-дәнекерлеушi, мұнара мондаждаушы электромонтер
74 74. Бұрғылау қондырғысының машинисi
75 75. Ұңғыманы цементтеу жөнiндегi машинист
76 76. Цементтеу агрегатының моторшысы
77 77. Цемент-құмараластырғыш агрегатының моторшысы
78 78. Құбырларды престеушi
79 79. Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылаумен айналысатын бұрғылаушының көмекшiсi (бiрiншi және екiншi)
80 80. Бұрғылау қондырғысы машинисiнiң көмекшiсi (бiрiншi және екiншi)
81 81. Қолмен ерiтiндi әзiрлеумен айналысатын бұрғылау ерiтiндiсiн әзiрлеушi
82 82. Бұрғылау жабдықтарын жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi
83 83. Бұрғылаумен тiкелей айналысатын бұрғыларға қызмет көрсету жөнiндегi слесарь
84 84. Бұрғы құлыптарын орнатушы
85 85. Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр жабдықтарын жөндеу жөнiндегi электромонтер және электр жабдықтарына қызмет көрсететiн электромонтер
2 2. Мұнай және газ өндiру
86 86. Теңiзде жүзетiн бұрғылау агрегатының бұрғылаушысы
87 87. Ұңғымаларды күрделi жөндеуден өткiзетiн бұрғылаушы
88 88. Жылжымалы парафинсіздендіру бу қондырғысының машинисi
89 89. Жылжымалы компрессор машинисi
90 90. Көтергiш машинисi
91 91. Жуу агрегатының машинисi
92 92. Кен қабатын гидравликалық жару операторы
93 93. Ұңғымаларды жер астында жөндеу операторы
94 94. Ұңғымаларды күрделі және жер астында жөндеуге дайындау операторы
95 95. Ұңғымаларды химиялық өңдеу операторы
96 96. Теңiзде жүзетiн бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісі
97 97. Ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі
98 98. Жер астында мұнай өндірумен ұдайы айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
99 99. Метанол мен қышқылдарды қолданумен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмысшылар
100 100. Теңіздегі бұрғылар мен эстакадалардың негіздерін монтаждау және жөндеу жөнiндегi слесарі
101 1.5-кіші бөлім. Қара металлургия
101. Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарын монтаждаумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi
1.5-кіші бөлім. Қара металлургия
1 1. Қара металлургия жалпы жұмысы
102 102. Балқыған металмен жұмыс iстейтiн шөмішші
103 103. Илектеу және құбыр өндiрiсiнiң камералық пештерi мен құдықтарында әдiстемелiк жұмыстармен айналысатын металл қыздырушы
104 104. Пневматикалық құралдармен жұмыс iстейтiн металл бетіндегі ақауларды өңдеушi
2 2. Домна өндiрiсi
105 105. Домна пешiнiң үстiн қараушы
106 106. Домна пешiнiң су құбыршысы
107 107. Домна пешiнiң көрiкшiсi
108 108. Вагон-таразылардың машинисi
109 109. Скипшi
3 3. Болат балқыту өндiрiсi
110 110. Құлату машинасының машинисi
111 111. Миксершi
112 112. Блоктарды тығыздаушы
113 113. Қышқылсыздандырғышты балқытушы
114 114. Конвертерде, темiрдi бiрден қалпына келтiретiн мартен пешiнде, электр күлін қайта балқыту қондырғысында, электр пешiнде болат балқытушысының көмекшісі
115 115. Болат құюшы
116 116. Конвертерде, темiрді бiрден қалпына келтiретiн мартен пешiнде, электр күлін қайта балқыту қондырғысында, электр пешiнде болат балқытушы
4 4. Илектеу өндірісі
117 117. Ыстықтай илектеу орнағының біліктеушісі
118 118. Балқыма қайнатушысы
119 119. Жайма соғушы
120 120. Ыстықтай илектеу орнағын біліктеушінің көмекшісі
121 121. Рельс бекітпелерін престеуші-көмкеруші;
122 122. Сортты илектеу өндірісінде iстейтiн слесарь-сым жүргізуші
5 5. Құбыр өндірісі
123 123. Калибрлеу орнағының, құбырларды ыстықтай илектеу орнағының, құбырларды пеште дәнекерлеу, құбырларды суықтай илектеу орнағының, құбырларды қалыптау орнағының біліктеушісі
124 124. Механизацияланбаған орнақтарда iстейтiн құбыр тартушы
125 125. Престе құбырларды калибрлеушi
126 126. Балғалар мен престердегі ұста
127 127. Құбырларды ыстықтай илектеу, құбырларды суықтай илектеу орнақтары біліктеушісінің көмекшісі
6 6. Ферроқорытпа өндірісі
128 128. Ферроқорытпа пештерінің көрікшісі
129 129. Ферроқорытпа балқытушысы
130 130. Алюминді термиялық әдіспен металл хромды және құрамында хромы бар балқымаларды алумен айналысатын жұмысшылар
131 131. Ашық доға пештерінде кремний балқымаларын балқытумен айналысатын жұмысшылар
7 7. Химиялық кокс өндірісі
132 132. Барий құюшы
133 133. Есікте тұрушы
134 134. Ұсақтаушы
135 135. Люкте тұрушы
136 136. Бензол өндірісінде, оны сумен тазарту және ректификациялаумен тікелей айналысатын қызметкерлер
137 137. Кокстендірілетін өнімді ұстап қалу цехында фенолды қондырғыға қызмет көрсетумен айналысатын скуббершi-сорғышы
138 1.6-кіші бөлім. Түсті металлургия
138. Кокс батареяларына қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеушi
1.6-кіші бөлім. Түсті металлургия
1 1. Түсті металлургия жалпы жұмысы
139 139. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде анодтарды астыңғы секцияларға құюмен айналысатын анод құюшы
140 140. Алюминий, силумин және кремний өндірісінде катод өзектерінің астын тереңдете бұрғылаумен айналысатын, ванналарды жөндеудегі монтажшы
141 141. Балқытушы
142 142. Қыздырушы
143 143. Қауіптілігі бірінші және екінші сыныпты химиялық заттарды пайдалана отырып, тантал, ниобий өндірісімен және олардың қосындысы мен олардан жасалатын бұйымдармен тікелей айналысатын жұмысшылар
144 144. Қатты қорытпаларды біріктіруші
145 145. Негізгі металлургиялық цехтардағы металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен айналысатын, металлургиялық және цемент жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-жөндеушісі, слесарі
2 2. Түсті және сирек металдар өндірісі, түсті металдардан ұнтақ жасау өндірісі
146 146. Алюминий, магний өндірісіндегі анодшы
147 147. Титан губкасын қағушы
148 148. Металды ағызып-құюшы
149 149. Катодшы
150 150. Конвертершi
151 151. Конденсаторшы
152 152. Ванналар мен пештерді монтаждаумен және демонтаждаумен айналысатын реакциялық аппараттардың монтажшысы
153 153. Сынапты шыңдаушы
154 154. Титан және сирек кездесетін металдарды қалпына келтірудегі және дистиляциялаудағы пешші
155 155. Белсенді никель ұнтақтарын қалпына келтіретін пешші
156 156. Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші
157 157. Вельцпештерде мырыш тотығын алудағы пешші
158 158. Титан құрамды және сирек топырақты материалдарды өңдеу жөніндегі пеші
159 159. Жұмысшылар мен шеберлер, жұмысы:
1 1) төрт хлорлы титан (тетрахлорид) өндірісінде жұмыс iстейтiн
2 2) металды титан өндірісінде тетрахлоридтi қалпына келтіру және металды сепарациялау цехтарында (бөлiмшелер мен учаскелерде) жұмыс iстейтiн
3 3) лопарит концентратын хлорлау цехтарында жұмыс iстейтiн
4 4) титан шикiзатын (шлактарды) хлорлау және ректификациялау бөлімшелерінде (учаскелерінде) жұмыс iстейтiн
5 5) фьюминг қондырғысында шлактарды возгон әдісімен қайта өңдеу бөлімінде (қалайы өндірісінде) жұмыс iстейтiн
6 6) балқыту цехтарында, сондай-ақ сынап өндірісінде күйікті өңдеумен айналысатын
160 160. Ванналарды қолмен тазалаумен айналысатын, электролит ванналарының шламшысы
161 161. Ерітілген тұздарды электролиздеушi
3 3. Бериллий өндірісі, оның қосындысы және одан жасалған бұйымдар
162 162. Аппаратшы жұмысшылар:
1 1) металл бериллий өндірісінде жұмыс iстейтiн аппаратшы
2 2) бериллий гидрототығы өндірісінде сүзгіпрестерді қолмен тазалаумен айналысатын аппаратшы
3 3) аммоний фторбериллат өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшы
4 4) бериллий тотығы ұнтағын алумен айналысатын аппаратшы
5 5) бериллий тотығы ұнтағынан бұйым жасау өндiрiсiнде бериллий тотығы ұнтағын пайдалана отырып, операциямен айналысатын аппаратшы
6 6) бериллий гидрототығы өндiрiсiнде шикіқұрам материалдарын дайындаумен айналысатын аппаратшы
7 7) бериллий гидрототығы өндiрiсiнде шикіқұрам материалдарын қорытумен айналысатын аппаратшы
8 8) ветжүйеге қызмет көрсетумен айналысатын аппаратшы
163 163. Бериллий мен оның құймаларын, бериллий тотығынан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен айналысатын жұмысшы (токарь, фрезерлеушi және т.б.)
164 164. Жеке қорғанудың оқшаулаушы құралдарын пайдаланумен байланысты операциялардағы жұмысшылар
165 165. Технологиялық және көмекшi жабдықтарды жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi
4 4. Атом электр станциялары үшiн отын өндiру
166 166. Шөгiндiдегi, экстракциялаудағы, таблеткалар қалыптастырудағы, дайын өнiмдi іріктеудегі, бақылау және жинақтаудағы аппаратшыларды, есепшiлерді, шаң мен газды ұстап қалатын жабдықтарға қызмет көрсетушi операторларды қоспағанда, технологиялық процесті жүргiзумен тiкелей айналысатын аппаратшылар
167 1.7-кіші бөлім. Электр станциялары мен желiлер жабдықтарын жөндеу
167. Мастер-механик, мастер-электрик, мастер-сантехник, автоматтар мен жартылай автоматтарды жөндеу жөніндегі мастер, жабдықтарды жөндеу жөнiндегi слесарь, слесарь-сантехниктер, электромонтерлер
1.7-кіші бөлім. Электр станциялары мен желiлер жабдықтарын жөндеу
168 168. Қорғасын өзекті кабель тораптарын және қорғасын кабель муфталары мен сыртқы қабатын дәнекерлеумен айналысатын, қорғасындалған кабель желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электромонтер
169 1.8-кіші бөлім. Абразив өндiрiсi
169. Жоғары вольттi электр таратқыш желiлердi биiкке шығып жөндеу жұмыстарымен айналысатын, электр таратқыш әуе желiлерiн жөндеу жөнiндегi электромонтер
1.8-кіші бөлім. Абразив өндiрiсi
170 170. Абразив бұйымдарға қорғасын құюмен айналысатын абразив шеңберлердi теңгеруші-құюшы
171 171. Абразив өндірісіндегі кедергі пештерін ыстықтай бұзумен айналысатын бульдозер машинисі
172 172. Абразив материалдарды балқытушы
173 173. Кремний карбидiн балқытушы
174 1.9-кіші бөлім. Электротехника өндірісі
174. Корунд цехында iстейтiн подинщик
1.9-кіші бөлім. Электротехника өндірісі
1 1. Жалпы слесарлық жинау және электр техника өндірісі жұмыстары
175 175. Сынап тазартушы
176 176. Сынап түзегіштерді қалыптаушы
2 2. Электр көмір өндірісі
177 177. Пеште балқытумен айналысатын жұмысшылар
3 3. Кабель өндірісі
178 178. Қорғасынды ыстықтай престеу әдісімен айналысатын кабельдерді қорғасынмен немесе алюминиймен престеуші
179 179. Тек қорғасын қабықтарды түсірумен айналысатын, кабель бұйымдарының сыртқы қабатын түсіруші
4 4. Химиялық ток көздерінің өндірісі
180 180. Қорғасын қорытпасынан бұйымдарды құюшы
181 181. Құрғақ массаны (қорғасын аккумуляторлары үшiн) араластырушы
182 182. Қорғасын қорытпалары мен құрамында қорғасын бар қалдықтарды балқытушы
183 1.10-кіші бөлім. Химия өндірісі
183. Қалыптағы қорғасын пластиналарды штампылап-бөлумен айналысатын аккумуляторлық пластиналарды шабушы
1.10-кіші бөлім. Химия өндірісі
184 184. Химия өндірісіне жатпайтын негізгі өндіріске қызмет көрсетумен айналысатын химиялық зертхана зертханашыларын қоспағанда, бала туатын жастағы әйелдер үшін қауіптілігі 1-2 сыныпты химиялық заттарды пайдалануға байланысты жұмыстар
1 1. Жалпы химия өндірісі жұмыстары
185 185. Балқытуда және бабымен пісіретін балқыту аппаратшысы
186 186. Каучукты көлденең қысыммен сүргілеумен айналысатын еселеп буландырушы
2 2. Сары және қызыл фосфор өндірісі және олардың қосындылары
187
187. Шахталы саңлаулы пештерге, күйдіру және агломерациялық пештерге, фосфорды электрмен айдау бөлімшелерінде ұсақтарды қырлау қондырғыларына қызмет көрсетумен, фосфор ыдыстарды толтырумен, қоймалардағы фосфор, фосфор тұнбаларының ыдыстарына қызмет көрсетумен, қоймалжың қалдықтарды тазартумен және отқа жанатын сұйық қалдықтарды қайта өңдеумен тікелей айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
3 3. Үш хлорлы фосфор және бес күкіртті фосфор өндірісі
188 1.11-кіші бөлім. Лакбояу өндiрiсiҚорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон,ақ сыр, қорғасын көгі және жасыл бояу өндiрiсi
188. Негізгі технологиялық процестермен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
1.11-кіші бөлім. Лакбояу өндiрiсiҚорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон,ақ сыр, қорғасын көгі және жасыл бояу өндiрiсi
189 1.12-кіші бөлім. Резеңкені қайта өңдеу
189. Негiзгi технологиялық процестермен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
1.12-кіші бөлім. Резеңкені қайта өңдеу
1 1. Жалпы резеңке қоспалары мен оларды қайта өңдеу өндірісінің кәсіптері
190 190. Ұзындығы 6 метрден астын қазандарда бұйымдарды тиеумен, түсірумен, ескек бiлiктерiн вулканизациялаумен айналысатын вулканизаторшы
191 191. Резеңке машинисі
192 192. Салқын вулканизация, радол мен фактис шығару бөлімшелерінде жұмыс iстейтiн жұмысшылар
193 193. Ірі габаритті резеңке бөлшектер мен бұйымдарды дайындауда және жөндеуде, арматура бөлшектерін вулканизациялауда (ірі қақпақтар, резеңкеден жасалған отын бактері, резервуарлар, транспортер ленталары және т.б.) жұмыс iстейтiн резеңке бұйымдарын жөндеуші
2 2. Шина өндіру, қалпына келтіру және жөндеу
194 194. Вулканизаторшы
195 1.13-кіші бөлім. Мұнайды, газды, сланецті және көмiрдіқайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнiмдерiн, мұнай майларын өндiру
195. Покрышкаларды (ауыр жүктi) құрастырушы
1.13-кіші бөлім. Мұнайды, газды, сланецті және көмiрдіқайта өңдеу, синтетикалық мұнай өнiмдерiн, мұнай майларын өндiру
196 196. Кокс түсіруші
197 197. Кокс тазалаушы
198 198. Хош иісті көмір сутегі өндірісінің экстракт цехтары мен бөлімшелерінде жұмыс iстейтiн жұмысшылар
199 199. Құрамында күкірті бар мұнай газын тазарту кезінде мышьяк ерітінділерін дайындаумен айналысатын жұмысшылар
200 200. Этильденген бензиннің технологиялық қондырғыларында жұмыс істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
201 201. Мұнай мен газ өңдеу қалдықтарын жинауға арналған қысымда және дренажды ыдыстарда жұмыс iстейтiн, сауыттарды жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
202 1.14-кіші бөлім. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндірісі
202. Жоғары мөлшердегі күкірт сутегі бар газ жарылу қаупі бар ортада профилактикалық жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
1.14-кіші бөлім. Целлюлоза, қағаз, картон және
олардан бұйым жасау өндірісі
203 203. Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндірісінде жұмыс істейтін қанықтыру аппаратшысы
204 204. Хлор ерітумен айналысатын химиялық ерітінділер дайындау аппаратшысы
205 205. Целлюлоза қайнатушы
206 206. Талшық шикізатын қайнатушы
207 207. Ағаш булаушы
208 208. Колчеданды уақтаушы
209 209. Сульфатты тиеушi
210 210. Колчедан, күкiрт пештердi және турм тиеуші
211 211. Дефибрерге баланстарды тиеуші
212 212. Қышқылдандырушы
213 213. Миксші
214 214. Қышқылды резервуарларды кiрпiшпен айналдыра қалаушы
215 215. Фибраны айнала кесуші
216 216. Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн қағаз және қағаз бұйымдарын қанықтырушы
217 217. Күкiрттi қышқылды қалпына келтiрушi
218 218. Содашы
219 219. Сульфиттi целлюлоза және күкiрт қышқылы өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн слесарь-жөндеушi, жөндеу жөнiндегi электромонтер, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi электромонтер, майлаушы, өндiрiстiк орын-жайларды жинаушы
220 220. Минутына 400 метр және одан жоғары жылдамдықта жұмыс iстейтiн, жылдам жүретін қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналарда жұмыс істейтін қағаз беретін (картон беретін) машиналардың кептірушісі
221 1.15-кіші бөлім. Цемент өндірісі
221. Хлоршы
1.15-кіші бөлім. Цемент өндірісі
222 1.16-кіші бөлім. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндiрiсi
222. Шлам бассейндері мен болтушкаларды тазалау жөніндегі жұмысшылар
1.16-кіші бөлім. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндiрiсi
223 223. Тастан құйылған бұйымдарды құюшы
224 224. Тас өндеуші
225 225. Тас қайнатушы
226 226. Диабаз қиыршық тастарын тартып ұнтақ жасаумен айналысатын диірмен машинисi
227 227. Тас өңдейтiн жабдықтарды реттеушi
228 1.17-кіші бөлім. Темiр бетон және бетон бұйымдары мен құрылғылар өндiрiсi
228. Тас фрезерлеуші
1.17-кіші бөлім. Темiр бетон және бетон бұйымдары
мен құрылғылар өндiрiсi
229 1.18-кіші бөлім. Жылу сақтағыш материалдар өндiрiсi
229. Бетон және темiр бетон бұйымдарын кесушi
1.18-кіші бөлім. Жылу сақтағыш материалдар өндiрiсi
230 230. Битумшы
231 1.19-кіші бөлім. Жұмсақ жабындылар мен су өткiзбейтiн материалдар өндiрiсi
231. Ваграншы
1.19-кіші бөлім. Жұмсақ жабындылар мен
су өткiзбейтiн материалдар өндiрiсi
232 1.20-кіші бөлім. Тоқыма және жеңiл өнеркәсiп
232. Пісіру қазандарын толтырушы
1.20-кіші бөлім. Тоқыма және жеңiл өнеркәсiп
1 1. Тоқыма өндiрiсi
233 233. Бiлiктердi механикаландырмай көтерiп-түсiрумен айналысатын шлихталандыру жабдықтарының операторы
234 234. Кәріз траншеялары мен құдықтарын тазартумен айналысатын апат зардаптарын қалпына келтіру жұмыстарының слесарі
235 235. Тарау аппараттарын тазалап ұштаушы
2 2. Мақтаны алғашқы өңдеу
236 236. Шикiзатты және талшықты престеушiсі
3 3. Зығыр және кендiр-талшық өндiрiсi
237 237. Талшық дайындаушы
4 4. Жүн өндiрiсi
238 238. Шұға өндiрiсiндегi тоқыма цехында iстейтiн мастер
239 239. Техникалық шұғаны жуумен айналысатын жуушы.
5 5. Киiз басу өндiрiсi
240 240. Қалың киіз дайындаумен айналысатын киіз басушы
241 241. Қол жұмысымен айналысатын аяқкиiм саптаушы
242 1.21-кіші бөлім. Тамақ өнеркәсiбi
242. Қол жұмысымен айналысатын аяқкиiмдi қалыптан алушы
1.21-кіші бөлім. Тамақ өнеркәсiбi
1 1. Тамақ өнiмдерi өндiрiсi
243 243. Қолмен тиеу кезінде мерзімімен іске қосылатын диффузорларға қызмет көрсететін диффузия аппаратшысы
244 244. Су айдындарында мұз дайындаумен және оны бунтқа салумен айналысатын мұз дайындаушы
245 245. Сүйек желiмiн дайындаушы
246 246. Сепараторларды қолмен бөлшектеумен айналысатын тазарту машинасының машинисi
247 247. Гофрен-ыдыс өндiрiсiнiң қалдықтарын теңдеумен айналысатын жұмысшылар
2 2. Ет өнiмдерiнің өндiрiсi
248 248. Мына жұмыстармен:
1 1) iрi қара және ұсақ малдарды және шошқаларды естен тандыра құлату, шынжырға iлу, қанын сорғызу;
2 2) ірі қара малды сұрыптап қолмен терісін сыдыру;
3 3) тушасын бөлшектеп аралау;
4 4) шошқаның тушасы мен басын үйіту;
5 5) ірі қара малдың тушасын көлденең әдіспен өңдеу;
6 6) терілерді шелдеу;
7 1.22-кіші бөлім. Темiр жол көлiгi және метрополитен
7) терілерді өңдеу операцияларымен айналысатын мал жығушы қасапшы
1.22-кіші бөлім. Темiр жол көлiгi және метрополитен
249 249. Дизельпойыз, тепловоз, электропойыз машинисi
250 250. Мотовоз машинисi, мотовоз машинисiнiң көмекшiсi, дрезина жүргiзушiсi
251 251. Кең табанды темір жол желілерінде жұмыс iстейтiн дрезина жүргізушісiнiң көмекшiсi
252 252. Дизельпойыз, тепловоз, электропойыз машинисiнiң көмекшiсi
253 253. Пойыздарды құрастырушы, пойыздарды құрастырушының көмекшiсi
254 254. Электрлендiрiлген темір жолдарда биікте жұмыс iстейтiн байланыс желілерінің электромонтерi
255 255. Жол монтері
256 1.23-кіші бөлім. Өзен көлiгi
256. Вагон тексеруші-жөндеуші
1.23-кіші бөлім. Өзен көлiгi
257 257. Жүк тасушы, докер-механизатор (тұрақты краншы, порт iшiндегi көлiк жүргiзушiсi болып жұмыс iстейтiн докер-механизатордан және қауiптiлiгi 1 және 2 сыныпқа жататын заттарды қоспағанда жүктердi қайта өңдеумен үздiксiз айналысатын машиналар мен механизмдерге қызмет көрсететiн жұмысшылардан басқа)
258 258. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн кемелердiң от жағушысы
259 259. Жолаушы және жүк-жолаушы тасымалдайтын кемелердің, топырақ сорғыш земснарядтардың және өзен-теңiзде қатар жүзетін кемелердің барлық атаудағы матростары (су асты қанаты бар кемелерден, сондай-ақ қала ішінде және қала маңындағы бағыттарда жұмыс iстейтiн кемелерден басқа)
260 1.24-кіші бөлім. Полиграфия өндірісі
260. Жүзгіш кранда жұмыс iстейтiн кран машинисі (краншы)
1.24-кіші бөлім. Полиграфия өндірісі
1 1. Қорғасын қорытпаларын пайдалануға байланысты жұмыстар
261 261. Стереотип, қаріп, теру және ашық жер материалдарын құю учаскелерінде жұмыс iстейтiн полиграфия жабдықтарын реттеуші
262 262. Құюшы
263 263. Құю операцияларында және стереотип бөлуде жұмыс iстейтiн жұмысшылар
264 264. Стереотипші
2 2. Терең басу цехтары
265 265. Терең басу баспа бөлімшесінде жұмыс iстейтiн жұмысшылар (дайын өнімдерді қабылдау мен ораудан басқа)
266 1.25-кіші бөлім. Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері
266. Терең басу қалыптарын өрнектеуші
1.25-кіші бөлім. Экономиканың барлық салаларына
ортақ жұмысшы кәсіптері
267 267. Антеннашы-дiңгекшi
268 268. Битум қайнатушы
269 269. Аэрошана жүргiзушiсі
270 270. 3,5 тоннадан жоғары жүк көтеретiн автомобиль жүргізушісі (автобустарды қоспағанда)
271 271. Сүңгуiр
272 272. Газдан құтқарушы
273 273. Десант-өрт сөндіруші, парашютист-өрт сөндіруші
274 274. Ашық сынапты қолмен мөлшерлеумен айналысатын сынап мөлшерлеуші
275 275. Қол жұмысымен айналысатын ағаш жарушы
276 276. Ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын қазаншы
277 277. Қазан тазалаушы
278 278. Қолмен қорғасын сырын әзiрлеумен айналысатын сыр езушi
279 279. Құрамында қорғасын, хош иiстi және хлорлы көмiртегi бар лакбояу материалдарын қолданып ыдыстардың iшiн сырлаумен, сондай-ақ жабық камераларда пульверизатормен осы лакбояу материалдарын қолданып, iрi габариттi бұйымдарды сырлаумен айналысатын сырлаушы
280 280. Теңізде жұмыс iстейтiн кран машинисi (краншы)
281 281. Қолмен тиеу кезінде бумен және сумен жылытылатын қазандарға қызмет көрсетумен айналысатын қазандық машинисi (от жағушы)
282 282. Жүзбелi крандар машинисi командасының қызметкерлерi
283 283. Мына жұмыстармен:
1 1) ашық түрдегi металл сынаптармен (жұмыс орнында тиiмдi ауа жаңартқышпен қамтамасыз етiлген қондырғылар мен жартылай автоматтарда iстейтiндерден басқа)
2 2) күкiрттi мұнай, оның қайта өңделетiн өнiмдерi мен құрамында күкiрті бар мұнайлы газдың ыдыстарын (резервуарлар, өлшеуiштер, цистерналар, баржалар және т.б.) тазартумен;
3 3) тiкелей өрт сөндiруге байланысты жұмыстармен;
4
4) кеме және темiр жол цистерналарында, сұйық отынды кеме танкерiнде және мұнай құятын кемелерде, коффердамдарда, фор және ахтер пиктерде, тiркемелi жәшiктерде, түптердiң арасындағы және борттардың арасындағы кеңістіктерде және басқа да қолжетімсіз орындарды тазалау, қож шығару және сырлау жұмыстарымен;
5 5) этильді сұйықтықпен бензин қоспасын жасаумен;
6 6) түйісетін желілерді, сондай-ақ 10 метрден асатын биіктікте жұмыс істеген кезде электр өткізу әуе желілерін құрастырумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен;
7 7) жүзбелі құралдарға, кемедегi такелаждық (жабдықтар жинағы) жұмыстарды орындаумен қатар топырақ земснарядтарға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер.
284 284. Кәріз желілерін тазартумен айналысатын авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі
285 285. Көпiр слесарі
286 286. Жабдықтарды монтаждаумен және демонтаждаумен айналысатын такелажшы
287 287. Тазалаушы
2 2-бөлім. Әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шектi нормалары
Р/с
№
Жұмыстың сипаты
Жүктiң шектi салмағы
1
2
3
1.
Ауыр заттарды қолмен көтеру және орнын (бiр жолғы) ауыстыруды басқа жұмыспен кезектестiру (бiр сағатта 2 ретке дейiн)
10 килограмм
2.
Жұмыс ауысымы бойы үнемi ауыр заттарды қолмен көтеру және орнын (бiр жолғы) ауыстыру
7 килограмм
3.
Жүктiң орнын 1-ден 5 метрге дейiнгi қашықтыққа ауыстыру кезiндегi жұмыс ауысымының әр сағат сайын орындалатын серпiндi жұмыс мөлшерi:жұмыс орнының үстiнен
еденнен аспауға тиiс
1750 кгм875 кгм