Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование развития систем управления производством сельскохозяйственной продукции»

Бұйрық · № 5-2/389 · қабылданған 30.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91235/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование развития систем управления производством сельскохозяйственной продукции» Күшін жойған Бұйрық ·№ 5-2/389 ·30.04.2015
15.06.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование развития систем управления производством сельскохозяйственной продукции»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 5-2/389 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование развития систем управления производством сельскохозяйственной продукции»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-2/389
Қабылданған күні
30.04.2015
Көрсетілген редакция
15.06.2021 91235_529461.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011345
ЭКБ идентификаторы
91235
Редакция идентификаторы
91235_529461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:13

0 «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы «___»___________

0 «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 5-2/389 бұйрығымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған күннен бастап - 23 (жиырма үш) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3 3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8

8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі, өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша электрондық кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы брондауға болады.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1 1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарт (халықаралық стандарттар) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінім;

3

3) міндетті түрде салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын немесе оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсына отырып, ИСО 9001*, ИСО 14001*, ИСО 22000* және ХАССП* халықаралық стандарттары талаптарына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйесінің сәйкестігі сертификатының (сертификаттарының) көшірмесі.
*Ескертпе:
ИСО (ағылшын тілінен ISO – International Standard for Organization) халықаралық стандарты – стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған халықаралық стандарт;
ХАССП (ағылшын тілінен HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар Мемлекеттік корпорацияға тиісті жылдың 20 қарашасына дейін ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы немесе дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілген қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді оның жұмыскері жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхат бойынша оның өкілінің, заңды тұлғаға – өкілеттілігін растаушы құжаттар бойынша) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан соң оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күннің ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

10 10. Көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй.
Шағым почта, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
«Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.
Көрсетілген қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы, «электродық үкімет» веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) Мемлекетік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мыналардың:
жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі;
заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

12 12.   Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

13

13. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдар Мемлекеттік корпорацияға жеке келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінімді сенімхат бойынша өкілі арқылы немесе почтамен жібере алады. Тіршілік әрекетін шектейтін бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін, құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында лифтіге отырғызуға арналған көшеден кіретін жеке есік және күту орындары көзделген.
Мемлекеттік корпорация ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

15 15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1 1) www.mgov.kz - Министрліктің интернет-ресурстарда;

2 2) www.goscorp.kz - Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурстарда орналастырылған.

16 16. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

1 Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
Күні: «___» _________ 20 __жыл
Осымен___________________________________________________негізінде әрекет
(құрылтай құжат)
ететін ___________________________________________________________ атынан
(агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің атауы)
басшы ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен ___________
__________________________________________________________________ бір
(стандартты атап өту)
немесе бірнеше халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес басқару жүйесін
дамытқаны және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттағаны үшін ___
теңге сомасында субсидия төлеуді сұрайды.

Де­ректер кө­зі
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер
Де­ректер
1.
Заң­ды тұл­ға үшін – мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік * неме­се анық­та­ма
тір­кеу нө­мі­рі
тір­кеу кү­ні
ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні
кім бер­ді
2.
Же­ке тұл­ға үшін – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
ЖСН**
кім бер­ді
бе­рі­л­ген кү­ні
3.
ЭҚ­ЖЖ-ға** сәй­кес қыз­мет тү­рі
қыз­мет­тің негіз­гі тү­рі
қыз­мет­тің қо­сым­ша тү­рі
4.
Жер учас­ке­сіне ар­нал­ған сәй­кестен­ді­ру және (неме­се) құқық бел­гі­лей­тін құ­жат
ак­ті­нің нө­мі­рі
об­лыс, аудан
қа­ла (кент)
ме­кен­жайы
ка­дастр­лық нө­мі­рі
бар­лық ала­ңы, гек­тар
оның ішін­де егі­стік
ны­са­на­лы мақ­са­ты
сәй­кестен­ді­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
жер учас­ке­сі ие­сі­нің неме­се жер пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
5.
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін және оның те­рең қай­та өң­дел­ген өнім­де­рін өн­ді­ру, дай­ын­дау, сақ­тау, та­сы­мал­дау, қай­та өң­деу және өт­кі­зу жө­нін­де­гі объ­ек­ті­нің сәй­кестен­ді­ру және құқық бел­гі­лей­тін құ­жа­ты
ак­ті­нің нө­мі­рі
об­лыс, аудан
қа­ла (кент)
ме­кен­жайы
ка­дастр­лық нө­мі­рі
ны­са­на­лы мақ­са­ты
сәй­кестен­ді­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
объ­ек­ті ие­сі­нің ата­уы
6.
Екін­ші дең­гей­лі банк­тің неме­се ұлт­тық поч­та опе­ра­то­ры­ның ағым­да­ғы шот­тың ба­ры ту­ра­лы анық­та­ма­сы
ЖСК**
бе­не­фи­ци­ар ко­ды
Банк­тің де­ректе­ме­ле­рі:
банк­тің ата­уы
БСК**
БСН**
7.
Кон­суль­тант­ты тар­тқан жағ­дай­да - тар­ты­л­ған кон­суль­тант қол қой­ған орын­дал­ған жұ­мыстар­дың (қыз­мет­тер­дің) ак­ті­сі
ак­ті­нің нө­мі­рі
ак­ті­нің жа­сал­ған кү­ні
оған сәй­кес орын­дал­ған жұ­мыстар ак­ті­сі жа­сал­ған шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні
тар­ты­л­ған кон­суль­тант­тың ата­уы
орын­дал­ған жұ­мыстар­дың (қыз­мет­тер­дің) тү­рі (ата­уы)
орын­дал­ған жұ­мыстар­дың (қыз­мет­тер­дің) жал­пы құ­ны
8.
Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ор­ган қол қой­ған орын­дал­ған жұ­мыстар (қыз­мет­тер) ак­ті­сі
акт нө­мі­рі
ак­ті­нің жа­сал­ған кү­ні
оған сәй­кес орын­дал­ған жұ­мыстар ак­ті­сі жа­сал­ған шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні
сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­ның ата­уы
орын­дал­ған жұ­мыстар­дың (қыз­мет­тер­дің) тү­рі (ата­уы)
орын­дал­ған жұ­мыстар­дың (қыз­мет­тер­дің) жал­пы со­ма­сы
9.
ИСО 9001, ИСО 18000, ИСО 22000 және ХАС­СП бір неме­се бір­не­ше ха­лы­қа­ра­лық стан­дар­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес бас­қа­ру жүй­е­ле­рін да­мы­тқа­ны және олар­ға сәй­кест­ікке сер­ти­фи­кат­та­ға­ны үшін тө­лем­дер бой­ын­ша жа­зып бе­рі­л­ген тө­лем тап­сыр­ма­сы***
тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі
жа­зып бе­ру кү­ні
ақ­ша­ны жі­бе­ру­ші банк
жі­бе­ру­ші банк­тің БСН**
бе­не­фи­ци­ар ата­уы
бе­не­фи­ци­ар­дың ЖСН/БСН**
бе­не­фи­ци­ар­дың БСК**
бе­не­фи­ци­ар банк
бе­не­фи­ци­ар банк­тің БСК**
төлем­нің мақ­са­ты
төлем­нің код­тық бел­гі­сі
тө­лем со­ма­сы
10.
ИСО 9001, ИСО 18000, ИСО 22000 және ХАС­СП бір неме­се бір­не­ше ха­лы­қа­ра­лық стан­дар­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес бас­қа­ру жүй­е­ле­рін да­мы­тқа­ны және олар­ға сәй­кест­ікке сер­ти­фи­кат­та­ға­ны үшін тө­лем­дер бой­ын­ша жа­зып бе­рі­л­ген шот-фак­ту­ра***
рет­тік нө­мі­рі
жа­зып бе­ру кү­ні
та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу­ші­нің ме­кен­жайы
та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу­ші­лер неме­се алушы­лар бо­лып та­бы­ла­тын же­ке кә­сіп­кер­лер­ге қа­ты­сты - Т.А.Ә.** ( бар бол­са) және (неме­се) қо­сым­ша құн са­лы­ғы бой­ын­ша тір­кеу есе­біне қою ту­ра­лы ку­ә­лік­те көр­се­ті­л­ген са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы
та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу­ші­лер бо­лып та­бы­ла­тын заң­ды тұ­лға­лар­ға қа­ты­сты – заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік­те неме­се анық­та­ма­да көр­се­ті­л­ген ата­уы
жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН**
өт­кі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, қыз­мет­тер­дің ата­уы
са­лық са­лы­на­тын ай­на­лым­ның мөл­ше­рі
қо­сым­ша құн са­лы­ғы­ның со­ма­сы
қо­сым­ша құн са­лы­ғы ес­ке­рі­л­ген та­у­ар­лар, жұ­мыстар, қыз­мет­тер құ­ны
Ескертпе:
*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады;
** осы нысанда пайдаланылатын қысқартулар: ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші; ЖСК – жеке сәйкестендіру коды; БСК – банктің сәйкестендіру коды; БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
*** көрсетілген құжаттардағы мәліметтер әрбір жазып берілген құжат үшін толтырылады.
Бұрын өтінімде көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оларға сәйкестікке сертификаттау жөніндегі шығындарын өтеу бойынша субсидиялар алмағанымды растаймын.
Дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы____________ _______________________________________________
(қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр (бар болса) орны
«___» _________ 20 __жыл
Өтінімге жауапты __________________________________________________
(өтінім жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Телефоны: __________________
Өтінім қарастыруға қабылданды «__» __________ 20__ жыл
________ __________________________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса))

2 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы №____ филиалының бөлімі (мекенжайды көрсету керек) ________________________________мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға: атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:

1 1._________________________________________________;

2 2._________________________________________________ ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат, әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________________________
Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) (Мемлекеттік корпорация жұмыскері) (қолы)
Орындаушы: __________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Телефоны_______________
Алдым: ______________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) /қолы
20___жылғы «____» __________

Қолданыстағы