О повышении базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 322
- Қабылданған күні
- 27.05.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2016 91237_202897.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DA003252
- ЭКБ идентификаторы
- 91237
- Редакция идентификаторы
- 91237_202897
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:56
0 Жер салығының базалық
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 6 наурыздағы № 357 «Жер салығын қамтамасыз ету мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімімен бекітілген Талдықорған қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, жер салығының мөлшерлемелерін, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
2
2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 05 маусымдағы «Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы» № 133 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 17 шілдесінде № 2414 тіркелген, «Талдықорған» газетінде 2013 жылғы 26 шілдесінде № 30 (1236) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3
3. Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы Биғожанов Тимур Қапасұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Талдықорған қалалық мәслихатының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 322 шешіміне қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жоғарылатылған жер салығының мөлшерлемелері
Аймақтың нөмірі
Жер салығының мөлшерлемелерінің жоғарылату (+) пайызы
I
+10
II
+20
III
+30
IV
+40