Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Талдыкорган

Өзге акт · № 321 · қабылданған 27.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91242/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Талдыкорган Күшін жойған Өзге акт ·№ 321 ·27.05.2015
28.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Талдыкорган

Күшін жойған Өзге акт ·№ 321 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Талдыкорган
Атауы (қаз.)
Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
321
Қабылданған күні
27.05.2015
Қолданысқа енгізілген күні
20.07.2015
Көрсетілген редакция
28.03.2018 91242_311105.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DA003251
ЭКБ идентификаторы
91242
Редакция идентификаторы
91242_311105
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:55

0 Талдықорған қаласы бойынша

бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының  2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының  15) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызметін Талдықорған қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 маусымдағы «Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» № 134 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 17 шілдесінде № 2415 тіркелген, «Талдықорған» газетінде 2013 жылғы 26 шілдесінде № 30 (1236) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3

3. Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы Биғожанов Тимур Қапасұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Талдықорған қалалық

мәслихатының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 321 шешіміне қосымша
Қызметін Талдықорған қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне
бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Р/

Салық салу объектісінің
атауы
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын
автоматы
4
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
3.
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
3
4.
Ойын жолы
10
5.
Карт
4
6.
Бильярд үстелі
8

Қолданыстағы