Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»

Қаулы · № 165 · қабылданған 05.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91250/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты» Күшін жойған Қаулы ·№ 165 ·05.06.2015
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»

Күшін жойған Қаулы ·№ 165 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты»
Атауы (қаз.)
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
165
Қабылданған күні
05.06.2015
Көрсетілген редакция
30.06.2020 91250_471786.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15U0003226
ЭКБ идентификаторы
91250
Редакция идентификаторы
91250_471786
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:45

0 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №101 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2668 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 31 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 25 тамыздағы №268 «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №101 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2813 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 3 қазанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.

3 3. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Садырға жүктелсін.

Б. Оспанов
Б. Жылқышиев
Е. Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Р. Исаева

8 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы
«5» маусымдағы
№ 165 қаулысына қосымша
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік кызмет көрсету көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдерді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініші негіз болады.

5

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №275 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 9 тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттарды қабылдап болған соң сол жұмыс күні танысуы және бұрыштама қоюы үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың әкіміне (бұдан әрі-әкім) жолдайды;

2 2) танысқан соң сол жұмыс күні әкім құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау үшін жолдайды;

4

4) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың депутаттарынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын тұрақты жұмыс істейтін қомиссияға (бұдан әрі-комиссия) жібереді;

5 5) комиссия көрсетілетін қызметті берушіден құжаттардың келіп түскен күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды;

6

6) ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі комиссияның ұсынымдары келіп түскен сәттен бастап он күнтізбелік күннің ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды. Қаулы қабылданғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде көрсетілетін қызметті беруші, маман мен сенім білдірілген өкіл арасында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасайды;

7

7) келісім жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші жеті күнтізбелік күннің ішінде көтерме жәрдемақының сомасын мамандардың жеке есеп шотына аударады, ал сенім білдірілген өкіл (агент) отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит береді.

5-1 5-1. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген анық емес құжаттар ұсынған және (немесе) құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсіміне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізімі:

1 1) әкім;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері;

4 4) сенім білдірілген өкіл (агент).

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары рәсімдері (іс-қимылдарының) реттілігінің бизнес-процестерінің анықтамалылығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау
шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалылығы

Қолданыстағы