Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов

Бұйрық · № 373 · қабылданған 22.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91262/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов Күшін жойған Бұйрық ·№ 373 ·22.05.2015
02.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 373 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выписывания, учета и хранения рецептов
Атауы (қаз.)
Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
373
Қабылданған күні
22.05.2015
Көрсетілген редакция
02.10.2020 91262_489595.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011465
ЭКБ идентификаторы
91262
Редакция идентификаторы
91262_489595
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:00

0 Рецептілерді жазу, есепке алу

және сақтау қағидаларын бекіту
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабы, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнама белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице - министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамыр
№ 373 бұйрығымен
бекітілген
Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары

1 1. Осы Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабының, 5-тармағына сәйкес әзірленді және рецептілерді жазу, есепке алу және сақтаудың тәртібін айқындайды.

2

2. Рецептілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсетілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде, амбулаториялық, профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалтушы немесе паллиативтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қағаз және (немесе) электрондық түрде жазып береді.

3 3. Қағаз нысанындағы рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің қолымен расталады.

Электронды нысандағы рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің электрондық-цифрлық қолымен расталады.

4 4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуға рецептілер амбулаториялық деңгейде автоматтандырылған жүйеде электрондық түрде жазылады, есепке алынады және мониторинг жүргізіледі.

Электронды форматта рецептілерді жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда рецептілерді жазу қағаз нысанда жүзеге асырылады.
Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті шартта алуға рецептілер медициналық ұйымның бұйрығымен айқындалған уәкілетті тұлғаның қолы қосымша қойылады және «Рецептілер үшін» деген денсаулық сақтау ұйымының мөрімен немесе уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолымен расталады.
Рецептілерге қол қоюға құқығы бар уәкілетті адамдардың қолдарының үлгілерін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тиісті шарттары бар фармацевтикалық қызмет объектілеріне медициналық ұйымдары жібереді.
Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі тегін және жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға рецептіні өз қолымен және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен немесе электрондық-цифрлық қолмен растайды.

5 5. Ауылдық елді мекендерде дәрігерлер болмаған жағдайда рецептілерді науқастарға амбулатоиялық қабылдауды жүргізетін орта медицина қызметкері жазады.

6 6. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазылмайды.

7 7. Рецептілер науқастың жас шамасы және дәрілік заттардың құрамына кіретін ингридиенттердің әсерінің сипаты ескеріліп жазылады.

8 8. Тегін және жеңілдікті дәрілік заттарды алуға рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында белгіленеді.

9

9. Рецептілер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен қазақ немесе орыс немесе латын тілдерінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецептілер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда жазылады. Жалпылама нұсқаулармен («Белгілі», «Ішке қолдануға», «Сыртқа қолдануға») шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.
Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар – миллилитрлерде, грамдарда және тамшы дәріде жазылып беріледі.

10 10. Рецептіде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес негізгі рецептуралық қысқартулар қолданылады.

11

11. Тегін немесе жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға бір рецептуралық бланкте құрамында туынды 8-оксихинолин, гормоналды стероидтар, клонидин, анаболикалық стероидтар, кодеин, тропикамид, циклопентолат, трамадол, буторфанол бар дәрілік заттардың бір атауы, ал қалған дәрілік заттардың – кемінде екі атауы көрсетіледі.

11-1

11-1. Рецептіде көрсетілген препараттың біреуі болмаған жағдайда немесе препараттың толық емес қаптамасы босатылған жағдайда дәріханада рецепттің көшірмесі қалдырылады немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фармацевтика қызметкері жазылып берілген рецептілер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналына енгізеді. Фармацевт рецептінің артқы жағына босатылған препараттың санын көрсетеді.

12 12. Жоғары бір реттік дозадан асатын дозадағы дәрілік затты жазу кезінде дәрігер рецептіде дәрілік заттың дозасын жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер бұл талаптарды сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазылған дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік дозаның жартысын босатады.

13 13. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында ғана қолданылатын дәрілік заттарға рецептілер жазылмайды.

14 14. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.

15 15. Науқастарға жазылып берілген дәрілік препараттың саны емдеу курсының есебінен, ал тұрақты (ұзақ) емдеуге мұқтаж адамдарға қабылдау жиілігі және емдеу мерзімі, дозасын көрсете отырып, күн сайынғы қабылданатын емдеу схемасы есебінен көрсетіледі.

16 16. Осы Қағидаларға 11-тармақта көрсетілген дәрілік заттарды алуға рецептілерді жазған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды.

17 17. Рецептілерді, оның ішінде ТМККК шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған қағаз түріндегі рецептілерді сақтау мерзімі 1 жылды құрайды.

18 18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында жазылған дәрілік заттарға рецептілер республиканың барлық аумағында жарамды, дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен босатуға рецептілерді қоспағанда республиканың (аудан, қала, облыс) әкімшілік-аумақтық бірлігінде жарамды.

1 Рецептілерді жазу, есепке

алу және сақтау қағидаларына
1-қосымша
Негізгі рецетуралық қысқартулар
Қысқартулар
Толық жазылуы
Аудармасы
aa
ana
бойынша, тең бөлінген
ac. acid.
acidum
қышқыл
amp.
ampulla
Ампула
aq.
аqua
Су
aq. purif.
aqua purificata
тазартылған су
but.
вutyrum
май (қатты)
comp., cps.
сompositus (a, um)
күрделі
D.
Da, Detur, Dentur
Бер. Берілетін болсын. Осылар берілетін болсын
D.S.
Da, Signa; Detur, Signetur
Бер, белгіле. Берілетін, белгіленетін болсын. Берілсін, белгіленсін
D.t.d.
Da (Dentur) tales doses
Осындай дозаларды бер (берілетін болсын)
Dec.
Decoctum
Қайнатпа
dil.
dilutus
Ерітілген
div. in p.aeq
divide in partes aequales
тең бөліктерге бөл
emuls
emulsum
Эмульсия
extr.
extractum
сығынды, сорып алынған
f.
fiat (fiant)
түзілетін болсын (түзілсін)
gtt.
gutta, guttae
тамшы, тамшылар
inf.
infusum
тұнба
in amp.
in ampullis
ампулаларда
in caps.gel.
in capsulis gelatinosis
желатинді капсулаларда
in tabl.
in tab(u)lettis
Таблеткаларда
lin.
linimentum
сұйық жақпа май
liq.
liquor
Сұйықтық
M. pil.
massa pilularum
пилюльдік масса
M.
Misce; Misceatur
Араластыр. Араластырылатын болсын. Араластырылсын
N.
numero
Санмен
ol.
oleum
май (сұйық)
pil.
pilula
Пилюля
p.aeq.
partes aequales
тең бөліктер
pulv.
pulvis
Ұнтақ
q.s.
quantum satis
қанша қажет етілсе, қанша керек
r., rad.
radix
Тамыр
Rp.
Recipe
Ал
Rep.
Repete. Repetatur
Қайтала. Қайталанатын болсын
rhiz.
rhizoma
сала тамыр
S.
Signa. Signetur
Белгіле. Белгіленетін болсын
sem.
semen
Ұрық
simpl.
simplex
Қарапайым
sir.
sirupus
Шырын
sol.
solutio
Ерітінді
supp.
suppositorium
Балауыз
tabl.
tab(u)letta
Таблетка
t-ra, tinct., tct.
tinctura
Тұнба
ung.
unguentum
жақпа май
vitr.
vitrum
шыны ыдыс
ppt., praec.
praecipitatus
Тұнған
past.
pasta
Паста

2 Жазылып берілген рецептілер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналы

Рецептілерді жазу, есепке
алу және сақтау қағидаларына
2-қосымша
Жазылып берілген рецептілер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналы
р/с

Жі­бер­ген кү­ні
Па­ци­ент­тің Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Ре­цеп­ті­нің кү­ні және но­мі­рі
Дә­рі­гер­дің Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Пре­па­рат­тың ата­уы
Са­ны
Фар­ма­цевттің қо­лы
Фар­ма­цевттің Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Па­ци­ент­тің қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы