Об определении мест для осуществления выездной торговли по городу Аксу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для осуществления выездной торговли по городу Аксу
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 444/6
- Қабылданған күні
- 10.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2016 91280_73299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PB004567
- ЭКБ идентификаторы
- 91280
- Редакция идентификаторы
- 91280_73299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:40
0 Ақсу қаласы бойынша көшпелі
сауданы жүзеге асыру үшін
орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі «Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы» № 371 қаулысына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сауда қызметінің субъектілерімен Ақсу қаласы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес орындар белгіленсін.
2
2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі «Ақсу қаласының селолық округтері аумағында орынға барып сауда жасайтын орындарды белгілеу туралы» № 544/4 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3906 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 тамыздағы № 62 “Ақсу жолы” және № 62 “Новый путь” газеттерінде жарияланған).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
10 маусымдағы № 444/6 қаулысына
қосымша
Сауда қызметінің субьектілерімен Ақсу қаласы бойынша
барып сауда жасайтын орындардың тізбесі
№
р/н
Атауы
Орналасқан жері
1.
Ақсу қаласы
Ленин көшесі 57 үйдің жанында;
Әуезов көшесі бойындағы 40 және 42 үйлер арасында;
Қамзин көшесі бойындағы 67 үйдің бүйір жағында («Дәулет» дүкеніне қарсы);
Қамзин көшесі бойындағы № 27 үйдің маңында («Рахима» дүкеніне қарсы);
Қамзин көшесі бойындағы 18 және 20 үйлердің арасында («Ұрқия» дүкенінің алдында);
Әуезов көшесі бойындағы 83 А үйдің бүйір жағында;
Царев көшесі бойындағы 17 үйдің бүйір жағында («Пахомовский» дүкенінің маңында);
Әуезов көшесі бойындағы 29 үйдің «АриИль» дүкеніне қарсы;
8 Наурыз көшесі бойындағы «Юбилейный» дүкенінің алдында;
Строителей көшесі бойындағы 22 және 26 үйлердің арасында;
қалалық бақ аумағында;
қалалық жағалау аумағында;
Әуезов көшесі бойындағы алаңда («Азамат» дүкенінің алдында).
2.
Алғабас селолық округі
Алғабас ауылы, Коммунистическая көшесіндегі алаңда;
Жолқұдық ауылы, Ленинский-Русская поляна трассасының бойындағы алаңда («Қасенов» ЖК дүкеніне қарама-қарсы);
Ребровка ауылында, Қазанғап би көшесіндегі алаңда (бастауыш мектепке қарама-қарсы);
Айнакөл ауылы, Центральная көшесі бойындағы («Алғабас селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы);
Көктас ауылы, Достық көшесіндегі бойындағы (бастауыш мектепке қарама-қарсы);
Қарабай ауылында, Жағалау көшесіндегі алаңда.
3.
Достық селолық округі
Достық ауылы, 1 Линия көшесі бойындағы («Достық» орта мектебіне қарама-қарсы);
Парамоновка ауылы Молодежная көшесіндегі алаңда;
Пограничник ауылы Белорусская көшесіндегі алаңда.
4.
Евгеньевка селолық округі
Евгеньевка ауылы Гагарин көшесіндегі алаңда;
Үштерек ауылы Ленин көшесіндегі алаңда;
Сольветка ауылы Ленин көшесіндегі алаңда.
5.
Қалқаман селолық округі
Қалқаман ауылы Ленин көшесіндегі алаңда;
Ақжол ауылы Школьная көшесіндегі алаңда.
6.
Қызылжар селолық округі
Қызылжар ауылы, Гагарин көшесі бойындағы (Мәдениет үйіне қарама-қарсы);
Сарышығанақ ауылында Центральная көшесі бойындағы (Мәдениет үйіне қарама-қарсы).
7.
Мәмәйіт Омаров атындағы
селолық округ
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы, Ш. Арғынбаев көшесіндегі алаңда;
Путь Ильича ауылы, Ленин көшесіндегі алаңда;
Құркөл ауылы, Алтай көшесіндегі алаңда.