О внесении изменений в совместное решение Мангистауского областного маслихата и акима Мангистауской области,в некоторые постановления акимата Мангистауской области и решения Мангистауского областного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное решение Мангистауского областного маслихата и акима Мангистауской области,в некоторые постановления акимата Мангистауской области и решения Мангистауского областного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облысы әкімінің бірлескен шешіміне,кейбір Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/390
- Қабылданған күні
- 21.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2015 91292_14754.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002749
- ЭКБ идентификаторы
- 91292
- Редакция идентификаторы
- 91292_14754
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:00
0 Маңғыстау облыстық мәслихаты
мен Маңғыстау облысы әкімінің
бірлескен шешіміне, кейбір Маңғыстау
облысы әкімдігінің қаулылары мен
Маңғыстау облыстық мәслихатының
шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облысы әкімінің бірлескен шешіміне, кейбір Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2 2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 148 қаулысына және
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 25/390 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облысы әкімінің бірлескен шешіміне, кейбір Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары
мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі
1 1. Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облысы әкімінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 16/152 «Маңғыстау ауданының Шебiр селолық округiн құру туралы» бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 651 болып тіркелген):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селолық», «селосының» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2
2. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 13/233 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 319 «Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1935 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 17 қаңтарда жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын маңдағы ауылдық елді мекендердің құрамына енгізу туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұдан әрі есеп деректерінен шығарылып, облыстың халық аз қоныстанған мына ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық елді мекендердің құрамына енгізілсін:
1) Бейнеу ауданы бойынша:
Қызылту – Ақжігіт ауылдық елді мекеніне;
Сарша – Сыңғырлау ауылдық елді мекеніне;
2) Маңғыстау ауданы бойынша:
Сауысқан – Ұштаған ауылдық елді мекеніне;
Өгізөреулі – Жармыш ауылдық елді мекеніне;
3) Түпқараған ауданы бойынша:
Қаңға – Қызылөзен ауылдық елді мекеніне.».
3
3. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы № 15/258 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 80 «Сайөтес селолық округінің құрамына Боздақ селосын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1943 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 13 мамырда жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селолық», «селосын», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылын», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4
4. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 16/288 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 188 «Бейнеу ауданының Ақжігіт селолық округінің құрамында Тәжен аулын құру туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1953 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селолық», «селосымен» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешім және қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.».
5
5. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 16/289 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 239 «Өмірзақ кентін «ауыл (село)» санатына жатқызу туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1954 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған):
көрсетілген шешімнің және қаулының тақырыбында, кіріспесінде және 1-тармағында:
мемлекеттік тілдегі мәтінде «(село)» сөзі алынып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінде «аул (село)» деген сөздер «село» деген сөзбен ауыстырылсын.
6
6. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 8 қазандағы № 2/16 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 327-1 «Маңғыстау ауданының Отпан селолық округін құру туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1982 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2007 жылғы 8 қарашада жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
7
7. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 3/29 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 447 «Бейнеу ауданының Қызыләскер селосын Сам селосы деп атау туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1997 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 26 ақпанда жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селосын», «селосы» деген сөздер «ауылын», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
8
8. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/54 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 29 «Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2002 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 18 наурызда жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақжігіт ауылдық округінің құрамынан жалпы көлемі 13 000 га аумақты Тәжен ауылын шығара отырып, шекарасы өзгертілсін.».
9
9. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 10/125 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 2207 «Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2036 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2009 жылғы 24 қаңтарда жарияланған):
бүкiл мәтін бойынша «селосының», «селолық» деген сөздер «ауылының», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
10
10. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 308 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/82 «Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы» қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2195 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда «Маңғыстау» газетінде жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округін құру туралы».