Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил осуществления и размеров выплат донорам крови и ее компонентов, осуществляющим донорскую функцию на безвозмездной и платной основе

Бұйрық · № 374 · қабылданған 22.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91320/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении правил осуществления и размеров выплат донорам крови и ее компонентов, осуществляющим донорскую функцию на безвозмездной и платной основе Күшін жойған Бұйрық ·№ 374 ·22.05.2015
04.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил осуществления и размеров выплат донорам крови и ее компонентов, осуществляющим донорскую функцию на безвозмездной и платной основе

Күшін жойған Бұйрық ·№ 374 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил осуществления и размеров выплат донорам крови и ее компонентов, осуществляющим донорскую функцию на безвозмездной и платной основе
Атауы (қаз.)
Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асырғаны үшін донорларға ақы төлеу мөлшерін және донорлық функцияны ақылы негізде жүзеге асыратын донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
374
Қабылданған күні
22.05.2015
Көрсетілген редакция
04.05.2019 91320_406508.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011424
ЭКБ идентификаторы
91320
Редакция идентификаторы
91320_406508
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:00

0 Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері кағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексінің 167-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан мен оның компоненттерінің донорларына төлемдерді жүзеге асыру және мөлшерлері қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Г.У.Құлқаева):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
А.Теңгебаев__________________
2015 жылғы «___»__________

1 Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан және оның компоненттері донорларына төлемді жүзеге асыру және мөлшелері қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 374 бұйрығына
1-қосымша
Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан және оның компоненттері донорларына төлемді жүзеге асыру және мөлшелері қағидалары

1

1. Донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асыратын қан және оның компоненттері донорларына ақы төлемді жүзеге асыру және мөлшемдері қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 167-бабының 7, 8-тармақтарына сәйкес белгіленеді.

2

2. Донорлық функцияны өтеусіз негізде жүзеге асырған донор өз қанының көлемін және организмнің энергетикалық шығындарын толтыру үшін донация күні таңдауы бойынша тегін тамақ не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшеріндегі оның ақшалай баламасы ұсынылады.

3 3. Төлем екі әдіспен: қолма-қол және қолма-қол қаражатсыз жүзеге асырылады.

Қолма-қол қаражатсыз төлем кезінде донорға екінші деңгейдегі банкілердің карталық базасында ағымдағы шот ашуды растайтын құжат ұсынылады.
Қолма-қол қаражатпен есеп айырысу қан мен оның компоненттерін донациялау күні, қолма-қол қаражатсыз – қан және оның компоненттерінің донациялау күнінен бастап екі банктік күннің ішінде жүзеге асырылады.

4 4. Плазманы донациялау кезінде центрифугалау әдісімен қанның формалық элементтерінен бөлгеннен кейін көзбен донор плазмасында хилез (ылайлау, опалесцирлеуші, ақшыл түстен ақ түске дейін) анықталған кезде төлем жүзеге асырылмайды.

5 5. Донацияны ақылы негізде жүзеге асырған донорға төлем мынадай мөлшерде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштер) жүргізіледі:

1 1) бір реттік қан донациясы үшін (450 миллилитр + 10 %) - 2 айлық есептік көрсеткіш;

2 2) екі реттік плазмаферез кезінде бір реттік плазма донациясы үшін (550 + 50 миллилитр плазма) - 4 айлық есептік көрсеткіш;

3 3) екі реттік плазмаферез кезінде миллилитрде 6 Халықаралық Бірліктен кем емес антидене титрі бар иммундық плазманың бір реттік донациясы үшін (550 + 50 миллилитр иммундық плазма) - 7 айлық есептік көрсеткіш;

4 4) екі реттік плазмаферез кезінде 1: 64-тен төмен емес резус антидене титрімен изоиммундық плазманың бір реттік донациясы үшін (550 + 50 миллилитр изоиммундық плазма) - 8 айлық есептік көрсеткіш;

5 5) аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасының бір реттік (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) донациясы үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;

6 6) аппараттық цитаферез кезінде эритроциттердің бір дозасының бір реттік (дозада кемінде 45 грамм гемоглобин) донациясы үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш.

7 7) осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында белгіленген көлемнен аз көлемдегі донациялау кезінде төлем осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерге барабар жүзеге асырылады.

2 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 374 бұйрығына
2-қосымша
Донорлық функцияны ақылы негізде жүзеге асыратын
донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру қағидалары

Қолданыстағы