Құжат мәтініне өту

Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов

Бұйрық · № 219 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91328/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов Күшін жойған Бұйрық ·№ 219 ·27.02.2015
04.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 219 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении приоритетных направлений предоставления инновационных грантов
Атауы (қаз.)
Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
219
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
04.12.2015 91328_71061.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011458
ЭКБ идентификаторы
91328
Редакция идентификаторы
91328_71061
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:21

0 Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекші етуші вице-миниcтріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 20 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 7 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 22 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 19 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы мамыр

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 219 бұйрығына қосымша
Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары
1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.
2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі, тамақ өнеркәсібіндегі және агрохимиядағы прогрессивтi технологиялар.
4. Медицина өнеркәсіптегі және фармацевтика саласындағы прогрессивтi технологиялар, биотехнологиялар, биоинженерия, гендік инженерия.
5. Химия және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.
6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.
7. Баламалы энергетика, жаңартылған энергия көздері.
8. Энергия тиімділігі технологиялары.
9. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
10. Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивтi технологиялар.
11. Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсіптегі прогрессивтi технологиялар.
12. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыс саласының прогрессивтi технологиялары.
13. Орауыш өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар.
14. Роботтық техника.
15. Нано және ғарыш технологиялары
16. Энергетика

Қолданыстағы