Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления сведений уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса по суммам полученных субсидий за счет бюджетных средств суммы налога на добавленную стоимость заготовительной организацией в сфере агропромышленного комплекса

Бұйрық · № 291 · қабылданған 30.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91364/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления сведений уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса по суммам полученных субсидий за счет бюджетных средств суммы налога на добавленную стоимость заготовительной организацией в сфере агропромышленного комплекса Күшін жойған Бұйрық ·№ 291 ·30.04.2015
27.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления сведений уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса по суммам полученных субсидий за счет бюджетных средств суммы налога на добавленную стоимость заготовительной организацией в сфере агропромышленного комплекса

Күшін жойған Бұйрық ·№ 291 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления сведений уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса по суммам полученных субсидий за счет бюджетных средств суммы налога на добавленную стоимость заготовительной организацией в сфере агропромышленного комплекса
Атауы (қаз.)
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бюджет қаражаты есебінен алған қосылған құн салығы сомасы субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
291
Қабылданған күні
30.04.2015
Көрсетілген редакция
27.02.2018 91364_304483.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011518
ЭКБ идентификаторы
91364
Редакция идентификаторы
91364_304483
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:13

0 Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бюджет қаражаты есебінен алған қосылған құн салығы сомасы субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді табыс ету қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бюджет қаражаты есебінен алған қосылған құн салығы сомасы субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді табыс ету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________________
А.С. Мамытбеков
2015 жыл 22 сәуір

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы «30» сәуірдегі
№ 291 бұйрығымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның агроөнеркәсіптік кешен аясындағы дайындаушы ұйым қосылған құн салығы сомаларының бюджет қаражаты есебінен алған субсидия сомалары бойынша мәліметтерді беру қағидалары

1

1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның агроөнеркәсіптік кешен аясындағы дайындаушы ұйым қосылған құн салығы сомаларының бюджет қаражаты есебінен алған субсидия сомалары бойынша мәліметтерді беру қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-2-тармағына сәйкес әзірленген және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым қосылған құн салығы сомаларының бюджет қаражаты есебінен алған субсидия сомалары бойынша мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мәліметтер - агроөнеркәсіптік кешені саласындағы дайындаушы ұйым қосылған құн салығы сомаларының бюджет қаражаты есебінен алған субсидия сомалары бойынша мәліметтер;

2 2) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

3

3. Осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидия алған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бойынша уәкілетті органға, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясындағы уәкілетті органмен мәліметтер беріледі.

4 4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі электрондық байланыс арнасы арқылы мәліметтерді уәкілетті органға жібереді.

1 _______ жыл үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым қосылған құн салығы сомаларының бюджет қаражаты есебінен алған субсидия сомалары бойынша мәліметтер

Агроөнеркәсіптік кешен аясындағы дайындаушы ұйым қосылған құн салығы сомаларының бюджет қаражаты есебінен алынған субсидия сомалары бойынша мәліметтердің нысаны мен оны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның оларды беру қағидасына
Қосымша
Нысан
_______ жыл үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым қосылған құн салығы сомаларының бюджет қаражаты есебінен алған субсидия сомалары бойынша мәліметтер
теңге

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі
Субсидиялауға алынған сомасы
Субсидияны алған күні
Субсидия алынған салық кезеңі (тоқсан)
1
2
3
4
5

Қолданыстағы