Об утверждении Правил и требований по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов, баз нефтепродуктов и заправочных станций (кроме заправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и требований по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов, баз нефтепродуктов и заправочных станций (кроме заправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета
- Атауы (қаз.)
- Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидаларды және талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 484
- Қабылданған күні
- 27.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2016 91378_129825.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000484
- ЭКБ идентификаторы
- 91378
- Редакция идентификаторы
- 91378_129825
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:21
0 Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидаларды және талаптарды бекіту туралы
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар бекітілсін.
2
2. Осы қаулы мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер үшін – 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізуді қоспағанда, мұнай өнiмдерiн жанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізушілер
үшін – 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 маусымдағы
№ 484 қаулысымен бекітілген
Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша
қағидалар және талаптар
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен (бұдан әрі – ЕБА) жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды белгілейді.
ЕБА мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларында орнатылған, мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген техникалық құрылғы болып табылады.
2 ЕБА-мен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар
2 2. Резервуарларды ЕБА-мен жарақтандыруды мұнай өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларына және (немесе) жанармай құю станцияларына меншік құқығында иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3 3. Мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін ЕБА-ға сыйымдылық шамасында және толық сыйымдылық шамасында мұнай өнімдерінің құйылуын қашықтан бақылауға арналған стационарлық деңгей өлшеуіштері, түрлі типтердегі шығыс өлшеуіштері мен қосалқы қондырғылар жатады.
4 4. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тіркелген және қолдануға жіберілген ЕБА жіберіледі.
5 5. Мұнай өнімдерін ЕБА-мен есепке алу массасы бойынша (тоннамен) жүзеге асырылады, өнімнің массасын өлшеу:
1 1) мұнай өнімдерін қабылдау (төгу) және құю кезінде мұнай өнімдерін ЕБА (келіп түскен, өткізілген және тиеп-жөнелтілген мұнай өнімдерінің массасын айқындайтын);
2 2) резервуардағы мұнай өнімдерін ЕБА (резервуарда сақтауда тұрған мұнай өнімдерінің (қалдықтардың) массасын айқындайтын).
Теміржол, автомобиль цистерналарынан мұнай өнімдерін қабылдап алу (төгу), құю түрлі типтердегі шығыс өлшеуіштері арқылы жүзеге асырылады. ЕБА сорғыдан резервуар паркіне тартылған технологиялық құбырларға орнатылады.
ЕБА мұнай өнімдерінің массасын өлшеуді, құбырлардағы өнімнің тығыздығы мен көлемін өлшеу негізінде автоматты түрде айқындайды. Мұнай өнімдерінің салмағын өлшеу дәлдігі ±0,25 % дәлдікке сәйкес болуға тиіс.
Резервуар паркінде (резервуарларда) сақтауда тұрған резервуар қорларын өлшеу әрбір резервуарда орнатылатын сыйымдылық шамасында және толық сыйымдылық шамасында мұнай өнімдерінің құйылуын қашықтан бақылауға арналған стационарлық деңгей өлшеуіштері арқылы жүзеге асырылады.
ЕБА резервуарлардағы мұнай өнімдерінің массасын өлшеуді сыйымдылық шамасындағы және толық сыйымдылық шамасындағы өнімнің тығыздығы мен көлемін өлшеу негізінде автоматты түрде айқындайды. Деңгейді өлшеу дәлдігі ±1 мм құрауға тиіс.
6 6. ЕБА деректерді беру құралдарымен (интернет желісі, телефон желісі арқылы), іркіліссіз қуат көзімен, бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етіледі және мынадай талаптарға жауап береді:
1 1) айналадағы ауа температурасы (20±5)°С, салыстырмалы ылғалдылығы 30-дан 80 %-ға дейін, атмосфералық қысым 84 -107 кПа болған кезде өлшенетін параметрлердің жол берілетін ағаттығы мыналарға сәйкес болуға тиіс:
Параметрлер
Өлшеу дәлдігі
Жалпы шығыс
± 0,25%
Көлемді шығыс
± 0,15%
Мұнай өнімінің деңгейі
± 1,0 мм
Қысым
± 0,6%
Температура
± 0,2°С
Тығыздық
± 0,03%