Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования племенных и селекционных животных, приобретенных физическими и юридическими лицами за счет бюджетных средств

Бұйрық · № 3-3/401 · қабылданған 30.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91394/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования племенных и селекционных животных, приобретенных физическими и юридическими лицами за счет бюджетных средств Күшін жойған Бұйрық ·№ 3-3/401 ·30.04.2015
02.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования племенных и селекционных животных, приобретенных физическими и юридическими лицами за счет бюджетных средств

Күшін жойған Бұйрық ·№ 3-3/401 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования племенных и селекционных животных, приобретенных физическими и юридическими лицами за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-3/401
Қабылданған күні
30.04.2015
Көрсетілген редакция
02.06.2016 AI91394_4.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011410
ЭКБ идентификаторы
91394
Редакция идентификаторы
AI91394_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:13

0 Жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы және 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 Жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану қағидасы

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                    А Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Султанов
2015 жылғы 23 мамыр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 3-3/401 бұйрығымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы және 13-бабының 26) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану қағидасы, бюджет қаражаты есебінен сатып алған жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалануы тәртібін айқындайды.

2 2. Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалану туралы тәртіп

2 2. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - Сатып алушы) бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдар табынының өсімін молайту мақсатында пайдаланылады.

3 3. Сатып алушы бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық малдарға қатысты мыналарды жүзеге асырады:

1 1) барлық мал басына бірдейлендіру нөмірлерін беру және малдардың малдарды бірдейлендіру базасында тіркелуін қамтамасыз ету;

2 2) асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тіркелуді қамтамасыз ету;

3 3) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және барлық қажетті ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;

4 4) аналық мал басының табын өсімін молайту мақсатында кемінде екі жыл пайдалану;

5 5) асыл тұқымды аталықтарды екі шағылыстыру маусымы бойы пайдалану;

6 6) шет елден сатып алынған импортты асыл тұқымды мал бастары мен оның төлдерін табын өсімін молайту үшін тек Қазақстан Республикасының аумағында үш жыл ішінде пайдалану;

7 7) шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды аталықтардың ұрығымен ұрықтандыру және/немесе қолдан шағылыстыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды аталықтарды пайдалану;

8 8) шағылыстыру контингентін қолдан ұрықтандыру кезінде ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды аталықтардың ұрығын пайдалану;

9 9) сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өнеркәсіптік шағылыстыру үшін пайдалануды болдырмау.

4 4. Жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды және селекциялық малдарды пайдалануы мемлекеттік бақылауды, Заңның 16-бабы 3 тармағы 4) тармақшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады.

Қолданыстағы