О корректировке базовых ставок земельного налога и единого земельного налога по району Шал акына
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 39/2
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога и единого земельного налога по району Шал акына
- Атауы (қаз.)
- Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39/2
- Қабылданған күні
- 01.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2018 91413_311924.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SN003291
- ЭКБ идентификаторы
- 91413
- Редакция идентификаторы
- 91413_311924
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:48
0 Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабы 5 тармағына, 387 бабы 1 тармағына, 444 бабы 1 тармағына сәйкес Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 баптарымен бекітілген жер салығының базалық төлемақылары 50 пайызға жоғарылатылсын.
Осы бөлімнің қағидасы Кодекстің 386 бабында көрсетілген жер телімдеріне қолданылмайды.
2 2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаментінің
Шал ақын ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
____________________Н.С.Ахметқалиев
2015 жылғы 1 маусым