Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Өзге акт · № 43/4 · қабылданған 10.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91435/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 43/4 ·10.06.2015
10.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 43/4 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43/4
Қабылданған күні
10.06.2015
Көрсетілген редакция
10.02.2017 91435_166726.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15BD004846
ЭКБ идентификаторы
91435
Редакция идентификаторы
91435_166726
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:41

0 Мүгедектер қатарындағы

кемтар балаларды үйде оқытуға
жұмсаған шығындарды өтеу
тәртібін және мөлшерін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі айқындалсын:

1

1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

2 2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

3

3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен тоқсанға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

2 2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр балаға тоқсан сайын тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшері айқындалсын.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Аршалы ауданының әкімі Ж. Нұркенов
2015 жылғы 10 маусым

Қолданыстағы