Об изменении границы (черты) поселка Доссор Макатского района Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границы (черты) поселка Доссор Макатского района Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 12.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2016 91445_120626.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TG003237
- ЭКБ идентификаторы
- 91445
- Редакция идентификаторы
- 91445_120626
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:38
0 Атырау облысы Мақат ауданы
Доссор кентінің шекарасын
(шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған Мақат аудандық мәслихаты кезектен тыс ХХХІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің шекарасы (шегі) босалқы жерлерден Доссор кентінің шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы бойынша жалпы көлемі 23 000 гектарды қосу арқылы, жалпы көлемі 46 656 гектарға өзгертілсін. Соның ішінде елді мекендер жерінен Таскескеннің – 15 гектары, Ескененің – 170 гектары, 441 бекеттің -50 гектары.
2 2. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Мүсеповке және аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы
Д. Алтаева) жүктелсін.