Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте"

Қаулы · № 199 · қабылданған 08.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-91531/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте" Күшін жойған Қаулы ·№ 199 ·08.06.2015
03.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте"

Күшін жойған Қаулы ·№ 199 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте"
Атауы (қаз.)
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
199
Қабылданған күні
08.06.2015
Көрсетілген редакция
03.03.2020 91531_447834.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0004421
ЭКБ идентификаторы
91531
Редакция идентификаторы
91531_447834
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:43

0 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын

қорғалған топырақта өңдеп өсiру
шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 ««Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. С. Жұмағазиевке жүктелсін.

4

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 ««Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

5 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы «8» маусымдағы
№ 199 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 тіркелген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталға көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешім бар хабарлама жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4

4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алуға өтінім ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс - қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және нәтижесі:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартылғандығын растайды, бұдан әрі қалыптасқан төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды.
Нәтижесі – өтінімді қабылдау және құжаттарды қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жіберу, немесе үәжді бас тарту;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Қазынашылық-Клиент» АЖ) жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

Нәтижесі – субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастыру және тиісті субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартылғандығын растайды, бұдан әрі қалыптасқан төлем құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды.

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:

процесс - субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
шарт - өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сымен қол қоюы арқылы тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады;
1 - процесс көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өтінімді тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды;
1 – шарт көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған жағдайда хабарлама көрсетілетін қызметті алушының Жеке кабинетіне түседі;
2 - процесс көрсетілетін қызметті беруші «Қазынашылық-Клиент» АЖ жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүктейді;
2 – шарт төлем тапсырмаларын қалыптастыру және тиісті субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама.

9 9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелерінің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

10 Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) өзара іс-қимылдарының реттілігінің толық сипаттамасы, осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын
қорғалған топырақта өңдеп өсiру
шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын
қорғалған топырақта өңдеп өсiру
шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы